Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 Қаулысы
(2014.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру туралы» 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 Жарлығына және «Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 Қаулысымен; 2010.18.05. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.11. № 1169 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Әкімшілердің мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен ақпараттық жүйелерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді өзге түрде сатып алуы кезінде осындай сатып алудың міндетті шарты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігімен келісу болып табылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ) оған - «БанкНет» банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы» жабық акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
3. ҚР Үкіметінің 09.02.02 ж. № 195 қаулысымен 3-тармақ алып тасталды
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мынадай шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестердiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» бөлiмiнде реттiк нөмiрi 216-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 18, 188-құжат):
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
«Қоғам мемлекеттік ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып табылатыны белгiленсiн;»;
«оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң (төраға), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келісім бойынша) өкiлдерiн енгiзе отырып, Қоғамның Директорлар кеңесiн құруды қамтамасыз етсiн;
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу ережесін әзiрлесiн және бекiтсiн;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ-ның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 72 500 (жетпiс екi мың бес жүз) теңге бөлсiн;
2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру туралы қаулының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі болып табылатынын көздесiн.»
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша, осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.
6. «Мемлекеттік қаржы жүйесiнiң ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 шiлдедегi № 956 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі