Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 708 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 157 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |