Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
6. Ведомствоның құрылымын тиісті орталық атқарушы органның жауапты хатшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және оның өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін осы ведомство құрылымына кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
1. Республика Премьер-Министрi мен Yкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрінің Кеңсесi жүзеге асырады.
2. Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді.
26-бап. Республика Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
1. Республика Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының