8) 36-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
9) 38-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде уәкілетті орган бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiру құралдары болуына;»;
10) 41-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы негiзiнде тоқтатылады;»;
11) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.»;
12) 55-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
13) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман орналастыру уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ нұсқаулығына сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.»;
14) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.»;
15) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
16) 60-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
17) 61-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ормандардың мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
18) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.»;
19) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
20) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уәкілетті орган бекiткен ормандардағы санитариялық қағидалармен регламенттеледi.»;
21) 69-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi уәкілетті орган бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен айқындалады.»;
22) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
23) 77-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
24) 78-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
25) 79-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
26) 88-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Кодекске сәйкес уәкілетті органның актiлерiмен айқындалады.»;
27) 96-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уәкілетті орган бекiтедi.»;
28) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиіс.»;
29) 99-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.»;
30) 100-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
31) 101-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
32) 102-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
33) 104-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;»;
34) 113-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялаудың уәкілетті орган бекіткен тәртiбiн бұзу;».
6. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 39-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті»;
2) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.»;
3) 36-баптың 1-1), 1-2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 8-1), 9), 12-1), 14), 15-1), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
4) 37-бапта:
1-тармақта:
3-1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін әзірлейді және бекітеді;»;
«5) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6), 7-7), 7-8), 7-9) және 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;
7-3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
7-4) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;
7-5) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын әзірлейді және бекітеді;
7-6) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7-7) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
7-8) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
7-9) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
7-10) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;»;
11) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды, суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;»;
«22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;»;
25) тармақша алып тасталсын;
5) 37-1-бапта:
5), 6), 7), 8) және 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
6) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
8) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
8-1) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекітеді;»;
6) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді.»;
7) 45-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.»;
8) 46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.»;
9) 83-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және бекiтiледi.»;
10) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
11) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.»;
12) 90-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
13) 93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша:
1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - уәкілетті орган;
2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.»;
14) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiтудi уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
15) 116-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.»;
16) 135-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша субсидиялау;».
7. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 16-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мыналарды:
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын;
қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қағидаларын бекітеді;
8) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн айқындайды;
9) мыналарды:
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;
қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резерві мен көлемі резервін қалыптастыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін белгілейді;»;
2) 17-бапта:
1-3) және 1-6) тармақшалар алып тасталсын;
1-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-7) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;»;
29) тармақшаның жиырма бірінші абзацындағы «жүргізу тәртібін белгілейді» деген сөздер «жүргізу тәртібін» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші - отыз екінші абзацтармен толықтырылсын:
«ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;
эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
30) тармақшаның бесінші абзацындағы «талаптарды белгілейді;» деген сөздер «талаптарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы - он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;
кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;
озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;
озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртiбiн;
аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн;
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;
мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 38-7) және 38-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-7) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
38-8) мыналарды:
шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;
сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;
қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;»;
3) 20-бап мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
17-2) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
17-3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;»;
4) 20-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
5) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
6) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.»;
7) 48-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
8) 71-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
9) 79-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
10) 94-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.»;
11) 94-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
12) 94-6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.»;
13) 94-12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құрылады, оны қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
14) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.»;
15) 107-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 145-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы анық ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
17) 145-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
18) 158-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.»;
19) 158-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 158-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;
21) 175-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;