Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 820 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 5 тамызда және 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 274-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.»;
6-тармақтағы:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.»;
8-тармақта:
бірінші абзацтағы «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздер «заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына мынадай біліктілік талаптары қойылады»;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ережеде:
11-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |