120) бірегей және элиталық тұқымды, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды өндірушілерді, тұқым өткізушілерді, тұқым сараптамасы жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;
121) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынау немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбелерін әзірлейді;
122) сорттық егістерді байқаудан өткізуді жүргізу тәртібін бекітеді;
123) тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндірудің және элиталық тұқымдарды өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін бекітеді;
124) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынауды жүргізу әдістемелерін бекітеді;
125) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекітеді;
126) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынауларды, тұқым сапасын сараптауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
127) сорттық сынау, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
128) тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
129) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
130) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді;
130-1) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
130-2) республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;
131) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді;
132) сорттардың оригинаторларын тіркеу қағидаларын бекітеді;
133) тұқымдарды өндірудің технологиялық талаптарын, схемаларын, олардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін тұқымдарды сақтау және өткізу қағидаларын бекітеді;
134) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
135) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
136) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
137) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді;
138) тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъекті үшін бірегей тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;
139) әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;
140) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
141) бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттардың нысаны мен сақтандырушының, сақтанушының, агенттің және қоғамның оларды ұсыну мерзімдерін белгілейді;
142) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
143) республикадағы және шетелдегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
144) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
145) егістердің жойылу алаңдарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
146) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындайды және енгізеді;
146-1) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестігін растау жөніндегі органдарды және сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
146-2) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;
146-3) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру жөніндегі жоспарларды дайындау мен іске асыруды жүзеге асырады;
146-4) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
146-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
146-6) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
146-7) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізуді жүзеге асырады;
146-8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
146-9) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастамашылық етуді жүзеге асырады;
146-10) стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтары, әдістемелер мен ұсынымдары әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
147) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
148) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құрады;
149) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсынады;
150) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
151) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді;
152) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрларды даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
153) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, бағалық, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметі, сондай-ақ техникалық реттеу және мемлекеттік саясат саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
154) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
155) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
156) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
157) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
158) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
159) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтау және ауыл шаруашылығы машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
160) азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының мониторингін жүргізеді;
161) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізеді;
162) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мониторингін жүргізеді;
163) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
164) Қазақстан Республикасының Үкіметіне нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысатын ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
165) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
166) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
166-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің жүргізуін ұйымдастырады;
166-2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
167) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
168) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша ұсынылатын өңірлердің мамандану схемаларын бекітеді;
169) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
170) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
171) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
172) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді;
173) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын әзірлейді;
174) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;
175) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын бекітеді;
176) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
177) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
178) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша ұсынылатын өңірлердің мамандану схемаларын әзірлейді;
179) уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды;
180) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі;
181) «электрондық үкіметті» қалыптастыруды, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
182) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депонирленуін қамтамасыз етеді;
183) мақта нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
184) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипатын әзірлейді және бекітеді;
185) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі және сараптама ұйымы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
186) шитті мақта сапасын сараптауды жүргізу және шитті мақта сапасы туралы куәлік беру қағидаларын әзірлейді;
187) шитті мақта сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгілерін) әзірлейді
188) мақта талшығы сапасы паспортының нысандарын (үлгілерін) әзірлейді;
189) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
190) мақта қолхаттарын бере отырып, қоймалық қызмет бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
191) шитті мақтаны сақтау және шитті мақтаны мақта талшығына қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
192) мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын әзірлейді;
193) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен оларды тарату қағидаларын әзірлейді;
194) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларын әзірлейді;
195) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алу қағидаларын әзірлейді;
196) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын әзірлейді;
197) мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
198) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалануды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
199) мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
200) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
201) мақта өңдеу ұйымдарын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
202) мақта қолхаттарын беру, оның айналымы, күшін жою және өтеу қағидаларын әзірлейді;
203) кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны босату тәртібін айқындайды;
204) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
205) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
206) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
207) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді;
208) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;
209) техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
210) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
211) гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
212) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру бойынша уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
213) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттылықтардың шекті көлемдерін айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
214) биоотын өндірісі саласындағы ғылымды көп қажет ететін технологияларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
214-1) биоотын өндіру зауытын салуға техникалық-экономикалық негіздеменің салалық сараптамасын жүргізеді;
215) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
216) биоотын өндірісінің паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
217) биоотын өндірісі және айналымы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;
218) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
219) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін әзірлейді;
219-1) биоотын өндіру паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді;
220) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
221) тиісті салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
222) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды тиісті салада іске асыруды жүзеге асырады;
223) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
224) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
225) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
226) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәнін және мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
227) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
227-1) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
228) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
228-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажет мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
228-2) мұнай өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу көлемдері туралы ұсыныстарды мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
229) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуін талдауды жүргізеді және оның нәтижелерін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
230) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихаттау және насихаттауға қарсы қызметті жүргізеді;
231) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
232) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
233) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептілік, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді;
234) реттелетін салада кадрларға қажеттілікті айқындайды;
235) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп кәсіптік стандарттарды әзірлейді;
236) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау және оны беру тәртібін бекітеді;
237) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
238) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының функциялары:
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты іске асырады:
агроөнеркәсіптік кешен;
асыл тұқымды мал шаруашылығы;
тұқым шаруашылығы;
өсімдік шаруашылығы;
мақта саласы;
бал ара шаруашылығы;
ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
3) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
6) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
7) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
8-1) экспортшы елдер құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;
9) мал шаруашылығы саласындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететін малды бағалау және өсімін молайту жөніндегі қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-бағу, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) сақтау шарттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
16) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды шаруашылықтар, асыл тұқымды мал орталықтары, дистрибьютерлік орталықтар, асыл тұқымдық репродукторлар және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді;
17) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
18) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтеріне орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
21) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;
22) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін айқындайды;