ҚР Үкіметінің 2013.24.01. № 28 Қаулысымен 133-9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-9. Бірыңғай дистрибьютор бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша талдау жүргізеді.
Бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары болмаған жағдайда, осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Осы Ереженің 11-2-тарауын қолданбай жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарты болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте, сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу сәтінде осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес белгіленген өнім беруші мен осы Ереженің 11-2-тарауын қолданбай ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған өнім берушінің арасында 50%-дан бөлінеді.
133-10. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдағаннан кейін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан он бес жұмыс күн ішінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атаулары бойынша ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасаудың орындылығы туралы қорытындыны сұратады.
133-11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютор өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттың құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның атауы, техникалық өзіндік ерекшелігі және ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбір атауы бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығы көрсетілген ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
133-12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындынсыздығы туралы қорытынды алған жағдайда бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау жөнінде конкурс жарияламайды.
133-13. Бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органнан қорытындыда көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар атаулары бойынша қорытынды алғаннан сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді өнім беруші шартын жасасуға конкурс жариялайды.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 133-14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-14. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттарын жасасуға конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Комиссия сондай-ақ ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартының мәнін өзгерту және/немесе оны бұзу мәселелерін бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қарайды, оның нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
Комиссия ұзақ мерзімді шарттар бойынша отандық өндірушілерден сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша ұсынымдық сипаты бар ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор комиссияға өткен жылғы сатып алынған бағаларға талдау жолымен айқындалған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағаларды ұсынады.
Егер дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым бірінші рет сатып алынған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор комиссияға денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған олардың соңғы үш жылда сатып алған дәрілік затқа және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымға арналған бағалар негізінде айқындалған бағалар талдауын ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ бір ғана дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым тіркелген жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор комиссияға жақын және алыс шетелдердің өндіруші елдерінде өткізілетін бағалар бойынша дәрілік заттың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша тиісті кезеңге арналған бағаларды ұсынады.
133-15. Комиссия құрамына бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның басшы немесе ол уәкілеттік берген адам, бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), аккредиттелген бейінді қауымдастық өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
133-16. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссияның жалпы саны тақ болуы және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
133-17. Комиссия оны құру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тұрақты негізде әрекет етеді.
133-18. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
133-19. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлейді, комиссия отырысы өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді, келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынған уақыты мен күндері, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың мөрімен расталған болуы тиіс.
133-20. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
133-21. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
133-22. Комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, онда бірыңғай дистрибьютор комиссия құрамына комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде оларды ауыстырудың себебін көрсете отырып өзгеріс енгізеді.
133-23. Комиссия отырысының хаттамасына комиссияның барлық қатысқан мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
133-24. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу үшін конкурс өткізу туралы әлеуетті өнім берушілерге конкурстық өтінімдерді қабылдау күні аяқталуына дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн қалғанда республикалық кезеңдік басылымдарды және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабарланады.
133-25. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұрады:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
2) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттама туралы мәліметтердің көлемі қомақты болған кезде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ғана орналасуы мүмкін);
4) конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 133-26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133-26. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) ерікті түрдегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған соңғы қаржы жылына арналған қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариаттық расталған көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариаттық расталған көшірмесі;
4) заңды тұлғалар үшін жарғының нотариаттық расталған көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген, сондай-ақ акцияны ұстаушылардың тіркелімінен үзінді немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынады);
5) техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе бизнес-жоспар (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі, жеткізу кезеңінің басталу күні, кезеңдері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кестесі және жобаны іске асырудың әрбір жылына оларды өндіруге және қазақстандық үлеске нақты шығыстарды есепке ала отырып, әрбір атауына баға көрсетілген);
6) жобаны іске асыру үшін тартылатын біліктілігі, мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері, ұқсас жобаларға қатысқандары жөнінде мәліметтері көрсетілген мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері туралы құжат;
8) дәрiлiк заттар үшін тиiстi өндiрiстiк практиканың стандарттарын немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарын енгізу жөніндегі әлеуетті өнім берушінің кепілдік хаты;
9) жұмыс және инновациялық құрамдаушы тәжірибесінің болуы/болмауы туралы хат.
133-27. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімнің нөмірленген беттері бар, түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың нақты мекенжайлары көрсетілген жеке тігілген түрде түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады, соңғы парағы мөрмен расталады.
133-28. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасуға арналған конкурс әрбір лот бойынша бағалау мен салыстырудың мынадай критерийлері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады:
1) жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) қаржылық орнықтылық;
3) инновациялық құрамдастың болуы;
4) активтердің болуы;
5) дәрiлiк заттар үшін тиiстi өндiрiстiк практиканың стандарттарын немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарын енгізу бойынша міндеттер;
6) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері мен кестесі;
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаның пысықталуы;
8) құзыретті персоналдың болуы;
9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері бойынша міндеттемелері және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің басталуы.
133-29. Комиссия хатшысы конкурстық өтінімнің көшірмесін инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы салалық қорытындыны алу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 133-30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-30. Құрамында, оның ішінде отандық өндірушілер олардың өндірісінен арналған нақты шығындарды және жобаны іске асырудың әрбір жылына қазақстандық қолдауды ескере отырып ұсынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған бағаны көрсете отырып, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша басымдық берілетін неғұрлым әлеуетті өнім беруші туралы және екі әлеуетті жеткізушінің немесе өндірушінің әрбір атауы бойынша ақпарат бар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы он жұмыс күні ішінде комиссияға ұсынылады.
133-31. Комиссия конкурстық өтінімнен мынадай:
1) конкурстық өтінім осы Ереженің 133-26 және 133-27-тармақтарына сәйкес ұсынылмаған;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органнан инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытынды алынған жағдайда бас тартады.
133-32. Егер ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу жөніндегі конкурс немесе тиісті лот:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атауы бойынша бірде бір конкурстық өтінімдер ұсынылмаған жағдайда;
2) лотқа сәйкес барлық конкурстық өтінімдер тоқтатылғанда өткізілмеді деп танылады.
133-33. Жеңімпазды комиссия осы Ереженің 133-28-тармағында көрсетілген бағалау мен салыстыру критерийлерінің негізінде қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 133-34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-34. Комиссия осы Ережелердің 133-14-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде және 133-30-тармағында көрсетілген, ұсынылған мәліметтер негізінде он жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделетін тиісті шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 133-35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133-35. Хаттамада мыналар:
1) жеңімпаздың атауы;
2) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы және техникалық сипаттамасы;
3) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау үшін ұсынылған дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу көлемінің үлесі;
4) инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі;
5) жеткізу кезеңінің басталған күні;
6) өтінімдерінен бас тартылған негіздемесі көрсетілген әлеуетті жеткізушілердің атауы;
7) дәрілік заттың және медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауына ұсынылатын баға көрсетіледі.
133-36. Бірыңғай дистрибьютор хаттамаға қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде хаттама негізінде ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасады.
133-37. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес сатып алады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.01. № 28 Қаулысымен 133-38-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 133-38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-38. Ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған сәттен бастап және ұзақ мерзімді жеткізу шартында көрсетілген объектіні пайдалануға енгізу күні аралығындағы кезең екі жылдан аспауы тиіс. Көрсетілген мерзім асып кеткен жағдайда және өнім беруші көрсетілген кезең аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектіні пайдалануға енгізу актісін ұсынбаған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір жақты тәртіппен ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзады.
Объектіні пайдалануға енгізу актісін ұсынғаннан кейін объектіні пайдалануға енгізу сәтінен бастап және дәрілік заттарды жеткізу күні аралығындағы кезең екі жылдан аспауы тиіс, ол ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген объектіні пайдалануға енгізу актісін ұсынған сәттен бастап есептеледі. Көрсетілген мерзім асып кеткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор он жұмыс күні ішінде бір жақты тәртіппен ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.01. № 28 Қаулысымен 133-39-тармақпен толықтырылды
133-39. Жеткізуді бастау күні бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін басталады:
1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінің құрылғанын растайтын құжат;
2) фармацевтикалық қызметке арналған лицензия;
3) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған тиісті тіркеу куәліктері;
4) тауардың шығарылуы туралы ішкі айналысқа арналған «CT-KZ» сертификаты;
5) дәрілік заттарды өндіру үшін тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарының енгізілгенін немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарының енгізілгенін растайтын құжат;
6) өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде жоқ екенін растайтын құжат.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алу өнім беруші өтініш берген сәттен бастап тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады. Егер дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес тиісті қаржы жылына жүзеге асырылған жағдайда, ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алу кейінгі қаржы жылына жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.01. № 28 Қаулысымен 133-40-тармақпен толықтырылды
133-40. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыруды бастау мерзімі ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасаған сәттен бастап үш айдан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 11-3-тараумен толықтырылды
11-3 тарау. Бірыңғай дистрибьютордың қоймасындағы қоры төмендемейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қалыптастыру және пайдалану тәртібі
133-41. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
133-42. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың алдыңғы жылы нақты сатып алынған жалпы көлемінің 20%-ына дейінгі мөлшері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қоры төмендемейтін тізбені бекіткен күні сатып алынады. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды, қоры төмендемейтін қалдықты толтыруды осы Ереженің 10, 11 және 11-1-тарауларына сәйкес белгіленген тәртіппен және тәсілдердің бірімен (қоры төмендемейтін тізімді қорды қалыптастыру сәтінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдығын есепке алғанда) жүзеге асырады. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тиісті жылдағы тізіміне байланысты жыл сайын белгілейді.
133-43. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда пайдаланады:
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға жеткізу мерзімін бұзған кезде;
2) өнім берушілер жеткізуден бас тартқан кезде;
3) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған кезде;
4) тапсырыс берушілерден сол қаржы жылында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінім келіп түскен кезде.
133-44. Қоры төмендемейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жыл сайын осы Ереженің 10, 11 и 11-2 тарауына сәйкес белгіленген тәртіппен (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтарын есепке алғанда) толықтырылып отырады.
12-тарау. Жеткізу шартын жасасу және орындау
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. Тендер жеңімпазы екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендердің қорытындысын шығарғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен, жеткізу көлемдері, мерзімдері және шарттары көрсетілген кестесін ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, қол қойылған жеткізу шартын жолдайды.
Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасасатын шартқа қол қоюдан бас тартуға құқықты.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
135. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендердің жеңімпазы қол қойылған жеткізу шартын алған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды немесе бірыңғай дистрибьюторды болған келіспеушіліктер немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды
135-1. Осы Ереженің 134-тармағының екінші абзацында көзделген жеткізу шартын жасасуға қойылатын талаптар осы Ереженің 131-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілін қолдану нәтижелері бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) жасалған жеткізу шарттарына қолданылады.
136. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын жеткізу шартының жобасына немесе қол қойылған жеткізу шартына қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа сатып алу көлемін өзгерту бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.
137. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
138. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс берушілердің соңғы өтінімінде ұсынған сатып алынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемі азайған жағдайда жеткізу шартына жеткізу көлемін тиісті азайту бойынша және шарт сомасының қосалқы мөлшеріне өзгерістер енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 139-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
139. Жеңімпаз болып белгіленген әлеуетті өнім беруші жеткізу шартына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға осы Ереженің 12-қосымшаға сәйкес осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен жеткізу шарты немесе сатып алу шарты құнының 3 %-ы мөлшерінде жеткізу шартын немесе сатып алу шартын әлеуетті өнім берушінің сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын береді.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
140. Сатып алу туралы шартты орындау үшін салынған қамтамасыз ету (жеткізу шарты) шартта көрсетілген мерзімде осы шарт бойынша өз міндеттемелерін өнім берушілер толық және тиісінше орындағаннан кейін, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе немесе өнім беруші міндеттемелерді толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141. Бірыңғай дистрибьютор немесе сатып алуды ұйымдастырушы егер өнім беруші:
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаса (өнім беру мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы беру, басқа да шарт талаптарын бұзу) және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 142-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) басшысы мұндай сатып алуды тұтастай немесе тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.