2) Шарттың сомасы - Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс сомасы;
3) Тауарлар - Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және ілеспе қызметтер (сақтау, тасымалдау және басқа да осыған ұқсас қызметтер);
4) Тапсырыс беруші - Осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау және денсаулық сақтау ұйымдарының республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктері;
5) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және Тапсырыс берушіге жеткізу бойынша қызметтерді қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар Осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) Осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері (Шартқа 1-қосымша);
3) беру кестесі (Шартқа 2-қосымша).
Бірыңғай дистрибьютор осы Шартқа қосымшаларға сәйкес тауарды жеткізуді (ММ үшін бюджеттік бағдарламаларға/ерекшеліктерге сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін), ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шартта белгіленген шартқа сәйкес төлеуді міндетіне алады.
Тараптар осы Шартта жасау және орындау үшін барлық өкілеттілікке ие екендігін, үшінші тұлғаның талаптары қиын соқпайтынын және кейіннен үшінші тұлға тарапынан даулар туындаған жағдайда оларды өздігінен реттейтіндігін хабарлайды және кепілдік береді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бірыңғай дистрибьютор:
Тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 1-қосымша) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктерінде көзделген баға бойынша беруге;
Тауарды Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 2-қосымша) беру кестесіне сәйкес беруге. Кестеде беру тізімі және әрбір атаудың саны көрсетілуі тиіс.
ілеспе құжатта дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы мен партиясының (сериясының) қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындының нөмірі мен жарамдылық мерзімін көрсету.
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің келісімі бойынша тауарды уақытынан бұрын беруді жүзеге асыруға міндетті.
Тапсырыс беруші:
Берілген тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада қабылдауға;
Берілген тауарды беру кестесіне сәйкес қабылдауға;
Тауарға осы Шартта көрсетілген шарттарға сәйкес төлем жүргізуге;
Бірыңғай дистрибьюторға берілген тауардың сәйкес еместігі анықталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей алынған тауардың сапасына байланысты барлық дауларды жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
4-тарау. Шарттың сомасы және төлемі
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Шарттың сомасы____теңгені құрайды.
Осы шарт бойынша тауардың төлемі мынадай жолмен жүргізіледі:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы тапсырыс беруші шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы тапсырыс берушілер шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде Шарт күшіне енген күнінен бастап 10 банктік күн ішінде алдын ала төлем жүргізеді;
2) одан кейінгі төлемдер Бірыңғай дистрибьютор шот-фактураны беруі негізінде 10 банктік күні ішінде беру фактісі бойынша Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті Тараптар - салық төлеушілер төлеуі тиіс.
Осы Шарт бойынша сома сатып алу үшін бөлінген сомаға тең немесе одан артық болмайды.
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзггертілді
5. Тауарды беру оның белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтергіш көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.
Қаптама және ыдыстарды таңбалау, сондай-ақ құжаттаманың іші және сырты Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамамен анықталған арнайы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдау тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың өкілдері берген сәтте жүргізеді, қабылдау нәтижелері тауарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша ресімделеді. Жеткізу сәтінде тірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің өкілдері тауарларды тиісті түрде қабылдау үшін сенімхат пен жеке басты куәландыратын құжат көшірмесінің болуын қамтамасыз етуі тиіс. Беру күні тауарды қабылдау-тапсыру актісін толтыру күні болып саналады. Шарт бойынша берілетін тауар мыналар бойынша бірыңғай дистрибьютор тапсырды және тапсырыс беруші қабылдады деп саналады:
1) саны бойынша: тауарды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілгенге сәйкес;
2) сапасы бойынша: техникалық ерекшелікте (Шартқа 1-қосымша) және ілеспе құжатта көрсетілген өнімнің әрбір атауының және дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым партиясының (сериясының) қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындының нөмірі мен жарамдылық мерзімі.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен оны қабылдау сәтінде жүргізеді. Тауарды беру күні Тараптардың өкілдері тауардың саны мен сапасын тексеруі тиіс.
Жеткізілген тауардың саны мен сапасы, ілеспе құжаттары бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі, осындай анықталған мезеттен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей ол туралы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін қоса отырып, Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама жіберіледі. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің берілген тауарға барлық ескертулерін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 6-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге тиіс.
Берілетін тауарды немесе оның бөлшектерін саны мен сапасын жақсарту, сондай-ақ бағасын, көлемін және осындай тауарды беру мерзімін сақтай отырып тауардың басқа атауымен алмастыруға рұқсат етіледі.
Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акті жасалады, мұндай жағдайда тауарды беру күні тауар құжаттамасында көрсетілген күн болып саналады. Бұл ретте Тапсырыс беруші берілген тауардың барлық көлеміне, оның ішінде Тапсырыс беруші қабылдамаған тауарға ақы төлеуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші тауарға ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, Тараптар осы Шарттың 8-тармағының ережелерін басшылыққа алатын болады.
Егер Шартты орындау барысында Бірыңғай дистрибьютор кез-келген мезетте тауарды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болатын болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге жедел кідірту фактісі, оның болжалды ұзақтығы мен себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 жұмыс күні ішінде ахуалды бағалауы тиіс және Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуы тиіс; мұндай жағдайда осындай ұзартуды Тараптар қосымша келісімге қол қою жолымен ресімдеуге тиіс.
Жалпы жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болатын тауарды жеткізу сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі жеткізу сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын құрауы тиіс, жарамдылық мерзімі жеткізу жылынан кем емес тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде сегіз айды құрауы тиіс, вакциналарды қоспағанда жалпы жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болатын тауарды жеткізу сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын құрауы тиіс және жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін жеткізу сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он айды құрауы тиіс.
Тапсырыс берушіге жеткізілетін, тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, өнім берушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына бұрын қабылданған қалдық жарамдылық мерзімі бар тауарды жеткізуге жол беріледі. Бұл ретте ауыспалы қалдық болып табылатын жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша тауарды қалдық жарамдылық мерзімі бар ұқсасына алмастыруды өтеусіз жүргізеді:
1) жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің отыз пайызынан кем емес;
2) жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің сегіз айынан кем емес.
Тапсырыс беруші вакциналар және басқа иммундық-биологиялық препараттарды қоспағанда, барлық жеткізілетін тауар көлемін қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьюторға өтеусіз негізде жауапты сақтауға тапсыруға міндеттенеді. Бірыңғай дистрибьютор жауапты сақтаудағы тауарды Шартқа 2-қосымшаға орай жеткізу кестесіне сәйкес немесе Шартта көрсетілген мерзімдерде босатады.
Тапсырыс беруші медициналық ұйымның таратылуы, қайта құрылуы нәтижесінде немесе тауарлар және қаржы қаражатына қажеттілік жоқ екеніне байланысты бас тартатын болса, тауарды жеткізгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Бірыңғай дистрибьюторды хабардар етуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тарау өзгертілді
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тараптар жауапкершіліктен еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда босатылады (форс-мажор мән-жайлары).
Осы Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптар жағынан бақылауға бағынбайтын, Тараптардың жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Бұндай жағдайлар әскери іс-қимылдарды, табиғи және дүлей зілзалаларды, індеттерді, тауарды беруге карантинді және эмбаргоны қамтуы мүмкін, бірақ осындай әрекеттермен шектелуі мүмкін емес.
Форс-мажор мән-жайлары пайда болған кезде, осы жағдай туындаған Тарап басқа Тарапқа осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор мән-жайлары пайда болған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындауын тиісті құжаттармен растайды. Мұндай жағдайда Шарттың әрекеті форс-мажор мән-жайлары аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор мән-жайлары әрекетінің мерзіміне сай ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
Егер форс-мажор мән-жайлары күнтізбелік бір айдан асатын болса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасау жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауарға ғана өзара есеп жүргізеді.
Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Бірыңғай дистрибьютор тауарды беру кестесін сақтамаған болса, Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде кешіктірілген әр бір күн үшін Шарт сомасынан уақтылы берілмеген тауар сомасының 0,2 % мөлшерінде аспайтын соманы бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5 %-нан тұрақсыздық төлемі ретінде шегеруге құқылы.
Егер тапсырыс беруші Шарттың 4-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 %-ы, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 %-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы шегеруге құқылы.
7-тарау. Өтпелі ережелер
7. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның ережелерінің кез-келгенінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты, осы Шартты орындау үшін Тараптар тартқан қызметкерлерді қоспағанда, біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге құпия және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ұсынылуы тиіс.
8-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзггертілді
8. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап не қажет болған жағдайда Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті түрде тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Шарт өз күшін мынадай жағдайларда жояды:
1) Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі;
2) Тараптардың бірінің банкрот болып танылуы.
Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор олардың арасындағы Шарт бойынша немесе онымен байланысты пайда болатын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге күш салуға тиіс. Барлық келіссөздер жазбаша хаттамалармен ресімделеді.
Егер мұндай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мәселенің шешімін талап ете алады.
Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Шарттың сотта қаралу қажеттілігі жағдайында Шарттың орыс тіліндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасулар мен Тараптар алмасатын басқа да құжаттама осы шарттарға сәйкес келуі тиіс.
Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын беру арқылы хат, жедел хат, телекс немесе факс түрінде жолданады.
Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енетіні көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы кейінірек келетініне байланысты күшіне енеді.
Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулардың егер олар жазбаша нысанда жасалған болса, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса, тараптардың мөрімен расталса күші болады. Жеткізу орны тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері
р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Саудадағы атауы | Шығарылу нысаны | Өлшем бірлігі | Бағасы | Саны | Сомасы |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Барлығы: | | |
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
2-қосымша
Беру кестесі
р/с № | Саудадағы атауы | Өлшем бірлігі | Жалпы саны | Ай сайынғы қажеттілік * |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
*- беру басталатын күнге байланысты толтырылады. Беру жоспарланбаған графаларда «0» немесе «-» қойылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының нысаны (әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әр лотқа жеке толтырылады)
Лот №__
р/с № | Мазмұны | |
1. | Дәрілік заттың қысқаша сипаты (халықаралық патенттелмеген атауы және саудадағы атауы) | |
2. | Шығарылған елі, медициналық мақсаттағы бұйым | |
3. | Жасаушы - зауыт | |
4. | Өлшем бірлігі | |
5. | Баға ________ бірлікке ________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ________ (белгіленген пункті) | |
6. | Саны (көлем) | |
7. | Жалпы бағасы, ___________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _____________, белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар | |
_________________ М.О. __________________________
(қолы) (лауазымы, А.Т.Ә.)
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпеуіне болады, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім беруші барлық шығындарды ескере отырып анықтаған баға ретінде қарайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 11-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 11-қосымша
Беру үлгі шарты
_________ қ. №_________ 20__ жылғы «__» ______________
Бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан, _____________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын төмендегі туралы осы беру шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
Өнім беруші Сатып алушыға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген саны, бағасы бойынша, қабылдау орны мен мерзімінде тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді (бұдан әрі - өнім) жеткізіп беруге міндеттенеді және Сатып алушы Шарттың талаптарына қарай өнімді қабылдауға және құнын төлеуге міндеттенеді.
2. Шарттың құны
1. Шарттың құны ____ теңгені құрайды. Осы Шарт бойынша жеткізілетін өнім бірлігінің құны теңгемен Шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Шарттың құнына салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер, өнімді орауға және таңбалауға арналған шығындар, сондай-ақ Өнім берушінің өнімді Сатып алушыға беруге байланысты барлық шығыстары жатады.
3. Шарттың құны мен өнімнің бір бірлігінің құны белгіленіп қойылады және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.
3. Төлем тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 4-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара)
4. Шарт бойынша жеткізілген өнім үшін төлемді Сатып алушы теңгемен жүргізеді. Өнімнің әр партиясы үшін төлем мерзімі осы Шарттың 2-тармағының 3-бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған және қол қойылған күнінен бастап 90 (тоқсан) банк күнінен аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 5-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара)
5. Шарт бойынша төлем Сатып алушыға өнімді жеткізгенін растайтын мына құжаттардың тиісті ресімделген (Шартқа міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс) түпнұсқаларын уақтылы тапсырған кезде жүргізіледі:
Өнім берушінің салық шот фактуралары;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша енімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар көлік құжаттамасы;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша өнімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің қаптама қағаздары;
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат;
Өнімнің тіркеу куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
қабылдау-беру орнында жасалған Тараптардың немесе олардың заңды өкілдерінің белгілері бар қабылдау-тапсыру актілері;
Сатып алушы Өнім беруші алдындағы расталған берешекті төлеуге міндетті мерзім көрсетіле отырып Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуды салыстыру актісі (осы құжатты Өнім беруші өнімнің соңғы партиясымен бірге береді).
4. Өнімді орау және таңбалау
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тиеуді қоса алғанда, өнім сатып алушыға оны тиеу, темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, ауыстырып, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
7. Өнімді орау және таңбалау шарттары Шартқа 2-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Ерекше жағдайлар
8. Шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында Өнім беруші Сатып алушыға 1-тармақтың 2-бөлігінде белгіленген Шарттың құнынан 3 %-ы мөлшерінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауға осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынады.
9. Өнім беруші күн сайын Сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін осы Шарттың барлық орындалу сатылары (өндіру, сақтау, тиеу) туралы ақпарат беріп отыруға міндетті.
10. Өнімді тиеуді бастауға 24 сағат қалғанда Өнім беруші Сатып алушыға мынаны көрсете отырып, жазбаша түрде факс немесе телекс арқылы алдағы тиеу туралы ақпарат беруге міндетті:
Шарттың нөмірі мен күнін;
берілетін Өнімнің атауын;
көліктің нөмірін (вагонның, контейнердің);
тиеу күнін;
орындар саны мен салмағын;
тиелген өнімнің құнын.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Өнім тиелгеннен кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей және сатып алушының қоймасына тауардың нақты келген күнінен кешіктірмей өнім беруші сатып алушыға осы Шарттың 3-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген тиеуге қатысты құжаттарды толық көлемде ұсынуға міндетті. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сатып алушының немесе оның ресми өкілінің талабы бойынша Сатушы күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей көрсетілген құжаттарға жасалған ескертулерді жоюы тиіс.
12. Өнімді беру күні болып Шартқа 1-қосымшада көрсетілген жеткізу орнында Тараптар арасында қабылдау актісі жасалған күн болып саналады.
ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 15 Қаулысымен 13-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Шарт бойынша жеткізілетін өнім:
1) екі тарап қол қойған өнімді қабылдау-беру актісінде көрсетілген саны бойынша;
2) егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болса, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжатта және өнімнің шыққан елін куәландыратын құжатта көрсетілген сапаға сәйкес сапасы бойынша өнім беруші тапсырған және сатып алушы қабылдаған болып саналады.
14. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін немесе тиісті сапасының болмауын анықтаған жағдайда, анықталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Өнім берушіге өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуді ұсынып факсимильді байланыспен хабарлама жіберуге тиіс.
15. Өнім беруші Сатып алушының шақыруын алғаннан кейін Шарттың 7-тармағындағы 5-бөлікте көзделген келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада басқа мерзім көрсетілмесе) өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге міндетті. Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бірлесіп тексеру нәтижесі бойынша ескертулерді жою үшін мерзімдері (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсетіле отырып, екі Тарап қол қоятын тексеру актісі жасалады.
16. Шарттың 7-тармағының 5-бөлігінде белгіленген мерзімде Өнім берушінің уәкілетті өкілі келмеген жағдайда, Сатып алушы Шарттың 10-тармағында белгіленген тәртіппен кейіннен оны Өнім берушіге жіберу арқылы ескертулерді жою үшін мерзімдерін (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсете отырып, Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бір жақты тексеру актісін жасайды. Өнім беруші Шарттың 8-тармағында көзделген, актіде көрсетілген ескертулерді жоймаған жағдайда, Сатып алушы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Өнім берушінің әрекетін өнімді уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.