«43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1208 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "43988 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |