Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 806 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекемені әділет органында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1153 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 552-құжат):
тақырыбында және 1-тармақта «Шет ел тілдері әскери институты» деген сөздер «Әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
тақырыбында және 1-тармақта «Шет ел тілдері әскери институты» деген сөздер «Әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Институттың заңды мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 210.
7. Институттың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі».»;
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат):
1-тармақтың 3)тармақшасында (құпия).
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |