Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбір мемлекеттік мекемелерiн құру, тарату және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 39 қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 7 шiлдедегi № 418 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мынадай мемлекеттік мекемелерi құрылсын:
1) 17208 әскери бөлiмi;
2) 15855 әскери бөлiмi;
3) 33238 әскери бөлiмi;
4) 44580 әскери бөлiмi;
5) 47558 әскери бөлiмi;
6) 20015 әскери бөлiмi;
7) 38070 әскери бөлiмi;
8) 65155 әскери бөлiмi;
9) 68665 әскери бөлiмi;
10) 906 өлшеу техникасының базасы.
2. Мынадай мемлекеттік мекемелер таратылсын:
1) 25717 әскери бөлiмi;
2) 07792 әскери бөлiмi;
3) 71618 әскери бөлiмi;
4) 75515 әскери бөлiмi;
5) 12394 әскери бөлiмi;
6) 30112 әскери бөлiмi;
7) 01954 әскери бөлiмi;
8) 63043 әскери бөлiмi;
9) 01287 әскери бөлiмi;
10) 02958 әскери бөлiмi;
11) 02163 әскери бөлiмi;
12) 03856 әскери бөлiмi;
13) 11478 әскери бөлiмi.
3. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Орталық әскери клиникалық госпиталi, Астана қаласы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң «Бас әскери клиникалық госпиталi» мемлекеттік мекемесi;
2) «Орталық әскери клиникалық госпиталь, Алматы қаласы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң «Әскери клиникалық госпиталi» мемлекеттік мекемесi;
3) «Әскери емхана» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Бас әскери емханасы» мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия).
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекiтсiн;
2) жаңадан құрылған мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тiркелуiн және қайта аталғандарының қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |