1) 36-баптың 3-тармағындағы «Қылмыстың» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық заттардан, сол тектестерден, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.».
32. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
17-2-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жәбірленушінің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылса;».
33. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;»;
2) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң;».
34. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;»;
2) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудиттеу субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.».
35. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат):
24-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.».
36. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
29-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.».
37. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қылмыстық-құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстылықтың, қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң, атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;»;
2) 12-баптың 3-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) экстремистік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды және сот экстремистік деп таныған ұйымдарды;».
38. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттердi жасаған;»;
2) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) туристiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.».
39. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат):
11-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтанушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.».
40. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
36-баптың 3-тармағының 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге және мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамды жақын жердегі порттағы немесе елдi мекендегі аталған органдарға бергенге дейiн ұстап алуға;».
41. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
1) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасаған;»;
2) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.».
42. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 7-бапта:
1-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;»;
«4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және құқық қорғау немесе өзге де мемлекеттiк билiк органдарына жеткізуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұстап алынған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар не қылмыстық iс үшiн мәндi нәрселер бар деп ұйғаруға негiздер болған кезде, ұстап алынған адамның киiмiн тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшiн оларды алып қоюға;»;
2-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iшкi iстер органдарын өздерiне мәлiм болған, дайындалып жатқан не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар фактiлерi туралы дереу хабардар етуге;»;
«4) қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған азаматтарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негiздерiн түсiндiруге;»;
2) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкiлдерi енгiзiледi. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдарда тiркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, осы Заңда белгiленген тәртiппен көтермелеуге құқылы.».
43. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат):
1) 10-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;»;
7) тармақшадағы «72» деген цифрлар «74» деген цифрлармен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;»;
2) 13-баптың 2-тармағындағы «есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды» деген сөздер «есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «81» деген цифрлар «83» деген цифрлармен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қоғамға қауiптi іс-әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.»;
4) 19-баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған;
8) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;»;
5) 22-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кездесулер арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтер беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесулер мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
6) 22-7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын кәмелетке толмағандарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде не кәмелетке толмағандарды осы мекемелерде ұстау мақсаттарына кедергі келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін өзімен бірге ұстауына тыйым салынады.».
44. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат):
1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) экстремизм - мыналарды:
жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдар атынан әрекеттерді;
жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мынадай экстремистiк мақсаттарды:
Қазақстан Республикасының егемендігін, біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағының қолсұғылмаушылығын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды (сепаратизмді), билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, сол сияқты мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құруды, оған басшылық етуді және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтiк, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизм);
нәсiлдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизм);
дiни араздықты немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизм) көздейтiн әрекеттерді ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;».
45. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат):
1) 8-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдікті, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұстап алуға;»;
10) тармақшадағы «қылмыстардың», «қылмыс» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылықтардың», «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «қылмыстың» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) әскери полиция органдары ұстап алған не тергеуде және сотта жатқан әскери қызметшілерді ұстау үшін не қамаққа алуды қолдану үшін арнайы үй-жайы - гаупвахтасы болуына;»;
2) 9-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, анықтау, алдын ала тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны орындаудан жалтарып жүрген әскери қызметшiлердi басқа құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда iздестiрудi жүзеге асыруға;»;
3) 10-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерi құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
4) 11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде ұсталған және (немесе) қарсылық көрсеткен, күзеттен қашқан адамдарды ұстап алу, сондай-ақ қарулы адамды ұстап алу;».
46. «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;»;
2) 22-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.».
47. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 4-1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «192, 216 және 217» деген сөздер «215, 238 және 240» деген сөздермен ауыстырылсын.
48. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қылмыстар» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22; 115-құжат):
11-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;».
50. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):