127. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерге барып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер мынадай лауазымды адамдар болып табылады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
129. Бақылаудағы тапсырмалар күрделілігі дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жүйелі тапсырмалар - қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;
2) жедел тапсырмалар - орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсенің сұрау салуларына есептерді қалыптастыруға, ақпарат дайындауға, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерге (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты қысқа мерзімді тапсырмалар;
3) жылдамдату тапсырмалары - тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы белгіленген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмалар туралы ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.
130. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - мынадай белгілері бар: «өте шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
Үкімет актілері мен Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - мынадай белгілері бар: «өте шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
131. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, мәжілістердің және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;
4) Үкіметке немесе оның басшылығына берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;
5) «Бақылауға алынды» деген мөртаңба, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілер болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына берілген тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;
7) «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілер бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) атына беретін тапсырмалары;
8) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;
9) прокурорлық қадағалау актілері;
10) Конституциялық Кеңестің сауалдары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;
11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сауалдары, қаулылары.
132. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
1) халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша актілер мен тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
133. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Егер орындау мерзімі жұмыс емес күніне түсетін болса, одан кейінгі таяудағы жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.
Айлармен есептелетін мерзімдер айдың соңғы жұмыс күнінің тиісті күнінде аяқталады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жылдың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
134. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, қажет болған кезде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
135. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті орынбасарының жетекшілігі көзделеді.
136. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға:
1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға - тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері барлары - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, орындау мерзімі 15 (он бес) күнге дейін;
қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орындау мерзімі 15 (он бес) күннен астам;
3) орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында ЭҚАБЖ арқылы жібереді.
137. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған актілерін және/немесе тапсырмаларын бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі қарайды.
138. Егер Үкімет тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, бірлесіп орындаушылар орындау мерзімінің бұзылғанына жауапты болады.
139. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
140. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарлары бар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
141. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Президентінде, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырма мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысып отырған лауазымды адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар мен ескертпелер туралы баяндайды) өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
Егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал «өте шұғыл» деген белгі болған кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгі болғанда - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей нақты орындалу мерзімін, әзірлеуші мемлекеттік органның нақты жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып, орындалу мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігін дәлелдеп негіздеуі тиіс.
Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» немесе «жинақ» деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Оның бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқығы бар.
Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларының тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақтылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген мемлекеттік органның басшысы, сол сияқты аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді және бақылауды (орындалу барысын ескертіп отыруды) жүзеге асыратын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі жауапты болады.
Белгіленген орындау мерзімдерін ауыстыру туралы қайталама ұсыныстарды Кеңсе жазалау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса берілген, ұзартылған орындау мерзімдерінің бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларға қабылданған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпаратпен қабылдайды.
142. Бақылаудан алу не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Президент Әкімшілігі Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) Премьер-Министрдің тапсырмалары, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министрдің не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министр орынбасарының не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.
143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде осындай тәртіп қамтамасыз етіледі - егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
144. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептер бойынша тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып, не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) ақпаратты ұсыну кезеңділігі мен нақты орындау мерзімін көрсете отырып, не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініш;
3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есепті ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінің 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтерді қамтуға тиіс.
145. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмалардың нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы;
2) Үкіметтің тиісті қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің не өзге нормативтік құқықтық актінің қабылдануы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер) енгізуі;
4) туындаған объективті жағдайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;
5) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының басқа тапсырмасын қайталауы негіз болады.
Бұл ретте құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
146. Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Премьер-Министрге ұсыныстар енгізе алады.
147. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларын (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) немесе аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.
148. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңседе бақылауға алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Баяндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
151. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.
152. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыты (мәселесі) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды. Құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, есептік ақпарат Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісіледі.
153. Мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, Бас Прокурордың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына Премьер-Министр жіберетін жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы бір тәуліктен асырмай қарайды.
154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және жартыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.
156. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Меморандумдар дайындау және бекіту
157. Үкімет қаулысымен бекітілетін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының негізінде әрбір мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына арналған меморандум әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және Премьер-Министр бекітеді.
158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген түйінді нысаналы индикаторлар мен міндеттер көрсеткіштеріне басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды қалыптастыру кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанында өткен жылғы меморандумның түйінді нысаналы индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
159. Меморандумдарды әзірлеу, мазмұны мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
_______________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | |
9. | Өзге де мәліметтер | |
10* | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | |
11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | |
12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | |
* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.