Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлері тізбесінің құрамында басым жобалардың тізбесі бекітіледі, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлері енгізілуге жатпайды:
1) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығару жөніндегі қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесін қоса алғанда, қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен артық қайта қаралмайды.
3. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерін;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;
2) инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар алуға өтінім берген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмаса;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмаса;
4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;
5) әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидия беру туралы шешімі болса беріледі.
4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзімі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді және инвестициялық келісімшартта инвестициялық преференциялардың әрбір түрі бойынша көрсетіледі.
5. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Заңның 19-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде 5 жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.»;
7) 18-1 және 18-2-баптар алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 18-3, 18-4 және 18-5-баптармен толықтырылсын:
«18-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылыққа кепілдік
1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
5-тармақтың 8) тармақшасының жетінші - он екінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар
1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
18-5-бап. Инвестициялық субсидия
1. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға беріледі.
5-тармақтың 8) тармақшасының он жетінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы беріледі.
3. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.
4. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
5-тармақтың 8) тармақшасының жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
5. Инвестор өндірісті іске қосу бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда инвестициялық келісімшартта белгіленген инвестициялық субсидияны толық көлемде төлеу өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Инвестор өндірісті іске қосу бойынша жұмыс бағдарламасында белгіленген жылдық көрсеткішті орындамаған жағдайда, инвесторға осы көрсеткішті орындау пайызына тепе-тең келетін субсидия көлемі төленеді.
6. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
9) 19-бапта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
5) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;»;
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.»;
10) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық келісімшартты уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.»;
11) 21-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.»;
12) 22-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.».
6. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;»;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдарды айқындайды;».
7. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат):
1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;»;
2) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді;»;
3) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеудің тәртібі мен мерзімдерін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағын, 5-тармағы 8) тармақшасының жетінші - он екінші, он жетінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 12-і.
№ 209-V