3. Ауысым тобының бастығы, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың басшысы, станция парктеріндегі темір жол көлігінде және жол бойында тасымалданатын жүктерді күзетуді қамтамасыз ететін күзетші, ішкі постыдағы күзетші, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы жүргізуші-күзетші, сондай-ақ жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен немесе электр қаруымен немесе қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
4. Күзеттің барлық түрі үшін қару резерві - қаруланудағы әр 10 бірлікке 1 бірлік қару.
5. Объектіні күзетуге түсетін күзетшілерге:
1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының әр бірлігіне 16 патронға (2 оқжатарға, барабанға) дейін;
2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың әр бірлігіне 10 патронға дейін беріледі;
3) оқу атыстарын өткізу үшін 1 күзетшіге жылына 12 патрон тиесілі.
Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе 8 оқ-дәрімен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті, органның нормаларына сәйкес келетін жарақат салатын патрондар қолданылуы мүмкін.
Қымбат бағалы металлдар мен алмастарды, көмірсутегі шикізатын өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді, банктерді, бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде темір жол және әуе көлігін, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттары, радиоактивті материалдар қоймаларын (сақтау орындарын), мемлекеттік материалдық резервтер қоймаларын (сақтау орындарын) күзету кезінде тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 0; 1 оқ-дәрімен немесе оқпен оқталуға рұқсат етіледі.
Патрондардың азаймайтын қоры:
1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының бірлігіне 16 патрон;
2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруының бірлігіне 10 патрон.
ҚР Үкіметінің 12.12.00 ж. № 1830 қаулысымен 4-1-қосымшамен толықтырылды (құпия); ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-1-қосымша жаңа редакцияда (құпия)
4-1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 26.09.01 ж. № 1240 қаулысымен 4-2-қосымшамен толықтырылды (құпия); ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-2-қосымша өзгертілді (құпия); ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1856 Қаулысымен (құпия)
4-2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларына енетін,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі
агенттігінің жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің жеке құрамының қарулануы үшін белгіленген қару мен оның
патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері және саны
─────────────┬─────────┬────────────────────┬─────────────────────────────-
Қарудың түрі │ Калибрі │ Басшылық құрамының │ Мемлекеттік фельдъегерлік
мен атауы │ │ санына қару бірлі. │ қызмет бөлімшелеріне тиесілі
│ │ гінің саны │
─────────────┼─────────┼────────────────────┼─────────────────────────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4
─────────────┴─────────┴────────────────────┴─────────────────────────────-
ҰРЫСҚА АРНАЛҒАН
«Макаров» 9,00 мм 1 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
тапаншасы Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметі және оның арнайы
тапсырмалар орындауға
арналған бөлімшелері.
Автомат Қазақстан Республикасының
(КА, ЖМКА) 7,62 мм Мемлекеттік фельдъегерлік
(САТ) 9,00 мм 15 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
ОҚУ Қазақстан Республикасының
«Макаров» Мемлекеттік фельдъегерлік
тапаншасы 9,00 мм 100 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
Автомат Қазақстан Республикасының
(КА, ЖМКА) 7,62 мм Мемлекеттік фельдъегерлік
100 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
СПОРТТЫҚ ШАҒЫН КАЛИБРЛІ
«Марголина» 5,6 мм 50 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
өздігінен Мемлекеттік фельдъегерлік
зарядталатын, қызметі.
спорттық
тапаншасы
Нысаналы шағын 5,6 мм 100 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
калибрлі Мемлекеттік фельдъегерлік
спорттық қызметі.
винтовка Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
ОҚ-ДӘРІЛЕРДІҢ НОРМАЛАРЫ
| Калибрі | Қару бірлігінің азаймайтын қоры (дана) | Жылдық норма (дана) |
1 адамға | 1 ұңғыға |
Қару. дағы | Қару қойма. сындағы | оқу прак. тикасына | ату-спорт іс-шара. ларына | атып сынауға |
«Макаров» 9,00 мм 16 8 60 - 4 тапаншасы «Стечкиннің» 9,00 мм 20 180 20 - 10 автомат- тапаншасы «Калашников» 7,62 мм 120 180 20 - 10 автоматы «Марголина» 5,6 мм - - 10 60 - өздігінен зарядталатын спорттық тапаншасы Нысаналы 5,6 мм - - 10 60 - шағын-калибрлі спорттық винтовка |
| | | | | | |
Ескерту. Ату-спорт іс-шараларын өткізуге арналған оқ-дәрілердің жалпы саны фельдъегерлік қызмет бөлімшелерінің басшы құрамы штаттық санының 20% ғана жылдық есептен бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 05.03.03 ж. № 224 қаулысымен; 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
6-қосымша
«Қазпошта» АҚ - Ұлттық пошта операторының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Р/с № | «Казпошта» акционерлік қоғамының қызметкерлері | Қару бірліктерінің саны |
1 | Арнайы байланыс қызметінің фельдъегерьы | Әрбір фельдъегерге 1 тапанша, 1 карабин немесе фельдъегерлер бригадасына жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У немесе АКМ |
2 | Арнайы байланыс қызметінің экспедиторы | 2-3 қызметкерден тұратын уысымға 1 тапанша |
3 | Арнайы байланыс қызметінің фельдъегерь-жүргізушісі | әрбір фельдъегерь-жүргізушіге 1 тапанша |
4 | Арнайы байланыс бөлімшесінің бастығы | 1 тапанша |
5 | Арнайы байланыс қызметі цехының бастығы, бастықтың орынбасары | 1 тапанша |
6 | Облыстық, қалалық арнайы байланыс қызметінің бастығы, бастықтың орынбасары | 1 тапанша |
7 | Фельдъегерь болмаған және арнайы және өзге де жөнелтімдерді қабылдау, күзету, тасымалдау және жеткізу бойынша міндеттерді орындаған жағдайда қалалық, аудандық, ауылдық пошта байланысы торабының және бөлімшесінің бастығы | 1 тапанша |
8 | Арнайы байланыс қызметінің жауапты кезекшісі, жауапты кезекшінің көмекшісі | 1 тапанша |
9 | Касса торабының, кассалық үй-жайлардың кезекшісі | 1 тапанша |
10 | Ақшалай түсімдерді, инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауды жүзеге асыратын инкассация қызметінің қызметкерлері (инкассаторлар) | әрбір инкассаторға 1 тапанша, 1 карабин немесе кемінде 3 адамнан тұратын инкосаторлар бригадасына жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У немесе АКМ |
11 | Ақшалай түсімдерді инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауға арналған инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің жүргізушілері | әрбір жүргізушіге 1 тапанша |
Оқ-дәрілер:
Р/с № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
Постқа, ілесіп жүруге, инкассациялауға жарақталған | Қару бірлігінің азаймайтын қоры | Бір жылдық шығын: |
Бір адамға практикалық атуға | Қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін |
| Жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У, АКМ | 30 (1 оқжатарда) | 60 | 120 | 8 |
| Карабин | 15 (1 оқжатарда) | 30 | 120 | 8 |
| Тапанша | 16 (екі оқжатарда) | 32 | 96 | 8 |
Ескертпе:
Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте қарудың бір түрінің 10 бірлігіне бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
Қалалық, аудандық және ауылдық пошта байланысы торабының және бөлімшелерінің бастықтары «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11-тармақтарында көзделген қарудың сақталуын қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қаруланады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 7-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 896 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
7-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Р/с № | Лауазымы | Тапанша | Карабин |
1 | Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор | 1 | немесе 1 |
2 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор | 1 | немесе 1 |
3 | Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы | 1 | немесе 1 |
4 | Орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкерлері | 1 | немесе 1 |
Оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:
Р/с № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
ауысымға жарақталған қызметкер | бірлікке азаймайтын қор | жылдық шығын: |
бір адамға практикалық атыс үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі |
1 | тапанша | 16 (2 оқжатарда) | 24 | 8 | 4 |
2 | карабин | 15 патрон (қорапта) | 30 | 10 | 5 |
Ескертпе:
Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлік қаруға бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
Мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар және өсімдік дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметі бөлімінің бастығы, орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының көмекшісі, орман шебері, аңшы).
Мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының, көмекшісі, орман шебері, орман күзетшісі).
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11, 15-тармақтарында көзделген қару сақтауды қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қызметтік қарумен қаруланады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 7-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 7-2-қосымша жаңа редакцияда (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
7-2-қосымша
Облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Р/с № | Лауазымы | Тапанша | Карабин |
1 | Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері | 1 | немесе 1 |
Оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:
Р/с № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
ауысымға жарақталған қызметкер | бірлікке азаймайтын қор | жылдық шығын: |
бір адамға практикалық атыс үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі |
1 | тапанша | 16 (2 оқжатарда) | 24 | 8 | 4 |
2 | карабин | 15 патрон (қорапта) | 30 | 10 | 5 |
Заңнамада белгіленген тәртіппен аңшылық және балық аулау шаруалығын жүргізу құқығы берілген
аңшылық және балық шаруашылықтарының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен
оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Р/с № | Лауазымы | Қарудың түрлері |
Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару (бірлік) |
1 | Аңшылық және балық шаруашылығының аңшылық маманы, қорықшысы | 1 |
Аңшылық және балық шаруашылығының аңшылық маманына арналған оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:
Р/с № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
ауысымға жарақталған қызметкер | бірлікке азаймайтын қор | жылдық шығын: |
бір адамға практикалық атыс үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі |
1 | Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару | 15 патрон | 60 | 10 | 8 |
Ескертпе:
Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс.
Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында жануарлар және өсімдік дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын қызметкер (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының көмекшісі, орман шебері, аңшылық маманы, орманшы-қорықшы). Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі облыстық атқарушы органдардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Аңшылық маманы, қорықшы - аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жануарлар және өсімдік әлемін күзетуді жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығының қызметкері. Аңшылық маманы, қорықшы жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асырған кезде тек қызметтік қаруды ғана қолданады.
Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ аңшылық және балық шаруашылықтарының қызметкерлері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11, 15-тармақтарында көзделген қару сақтауды қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қызметтік қарумен қаруланады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 8-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 9 қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
9-қосымша
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріндегі,
жоғары спорттық шеберлік мектептеріндегі, олимпиадалық даярлық орталықтарындағы, спорт клубтарындағы, федерацияларындағы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардағы, штаттық ұлттық
командалар мен спорттық резерв дирекциясындағы, дене шынықтыру-спорт қоғамдарындағы спорттық қару мен оның патрондарының түрлері, типтері, модельдері, саны Ұйымдарда спорттық қаруды ұстау нормалары
(бір ұйымға арналған данада)
р/с № | Қару атауы | Федерация | басқа ұйымдар |
Рес- пуб- ли- ка- лық | Фи- ли- ал- дар | Об- лыс- тық | Мек- теп- тің ұлт- тық ком- анд- ала- ар мен спо- ртт- ық рез- ерв дир- екц- иясы | Жоғ- ары спо- ртт- ық шеб- ерл- ік мек- теп- тері | Спо- ртта дар- ынды бал- ала- рға арн- ал- ған мек- теп- ин- тер- нат- тар | Оли- мпи- ада- лық дая- рлық орталығы | Бала- лар- жас- өспі- рім- дер спорт мек- тептері | Олим- пиа- далық резр- втің маман -дан- дырыл -ған бала- лар- жас- өспі- рім- дер спорт мек- тептері | Сп- орт клу- бта- ры | Дене шы- нық- тыру -сп- орт қо- ғам- дары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1 | Калибрі 6.0- 8,0 мм винтовкалар: | 30 | 6 | 12 | 20 | 12 | 10 | 12 | 0 | 12 | 12 | 20 |
2 | Калибрі 5.6 мм жанынан жанатын винтовкалар: оқ ату биатлон | 250 60 | 50 30 | 100 20 | 200 40 | 80 50 | 50 50 | 100 30 | 100 20 | 100 20 | 100 20 | 100 15 |
3 | Калибрі 6,0- 9,65 мм тапаншалар мен револьверлер: | 100 | 20 | 40 | 40 | 20 | 10 | 20 | 20 | 20 | 20 | 10 |
4 | Калибрі 5,6 мм тапаншалар: | 250 | 50 | 100 | 100 | 50 | 30 | 70 | 70 | 70 | 50 | 100 |
5 | Калибрі 4,5 мм пневматикалық винтовкалар: | 250 | 50 | 100 | 100 | 100 | 50 | 100 | 100 | 100 | 50 | 100 |
6 | Калибрі 4,5 мм пневматикалық тапаншалар: оқ ату қазіргі заманғы бессайыс | 250 30 | 50 20 | 100 20 | 100 30 | 70 20 | 50 30 | 50 20 | 100 20 | 100 20 | 70 20 | 100 10 |
7 | Калибрі 12 және одан кіші (16,20) спорт- тық-аңшылық тегіс ұңғылы қару | 50 | 30 | 40 | 30 | 25 | 10 | 25 | 20 | 20 | 25 | 10 |
Спорттық қаруға патрондардың саны
(бір спортшыға мың данадан бір жылға)
р/с № | Даярланатын контингент | Калибрі 4,5 мм оқтар | Калибрі 5,6 мм жанынан жанғыш патрон- дар | Калибрі 12 және одан кіші 16, 20) спорттық- аңшылық тегіс ұңғылы қару | Калибрі 6,0-ден 8,0 мм-ге дейін ортасынан жанғыш винтовка патронда- ры | Калибрі 6,0мм-ден 9,65 мм-ге дейін орта- сынан жанғыш тапанша патронда- ры |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Винтовка, тегіс ұңғылы қару |
1 | Халықаралық дәрежелі спорт шеберлері | 30000 | 40000 | 10000 | 10000 | |
2 | Спорт шеберлері | 20000 | 30000 | 9000 | 7000 | |
3 | Спорт шеберлігіне кандидаттар | 15000 | 20000 | 8000 | 5000 | |
4 | 1 разряд | 10000 | 12000 | 7000 | 1000 | |
5 | 2 разряд | 5000 | 6000 | 7000 | | |
6 | 3 разряд | 3000 | 3000 | 6000 | | |
7 | 1 жасөспірім разряды | 3000 | 1000 | 6000 | | |
Пистолет |
1 | Халықаралық дәрежелі спорт шеберлері | 30000 | 40000 | | | 10000 |
2 | Спорт шеберлері | 20000 | 30000 | | | 5000 |
3 | Спорт шеберлігіне кандидаттар | 15000 | 25000 | | | 3000 |
4 | 1 разряд | 10000 | 17000 | | | 2000 |
5 | 2 разряд | 5000 | 8000 | | | 1000 |
6 | 3 разряд | 3000 | 3000 | | | |
7 | 1 жасөспірім разряды | 3000 | 1000 | | | |
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 10-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары