139) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу;
140) жеке бөлінген лоттар бойынша «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 103-5-бабында көзделген жағдайда конкурстық массаны өткізуді келісу;
141) егер борышкердің жеке кредитормен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмілесі банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін бір кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, оның банкрот деп танылуына дейінгі жасалған мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару туралы талапты міндетті түрде қою туралы конкурстық және (немесе) оңалту басқарушысына өтініш жіберу;
142) санация қатысушысының дәрменсіз борышкер кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне қабылдамаған жауапкершілігі туралы оңалтушы басқарушымен санация қатысушысының келісімін бекіту;
143) жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайда жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізу қозғамастан банкрот деп тануды келісу;
144) оны білдіретін лауазымды және уәкілетті тұлғалар болмаған кезде заңды тұлғаны тарату конкурстық іс қозғамастан жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есеп жасауды ұйымдастыру;
145) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру;
146) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде оңалтушы және конкурстық басқарушының қызметін, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
147) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты жүргізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
148) жалған және көрінеу банкроттықтың белгілерін анықтау;
149) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
150) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;
151) сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді өткізуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
152) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныс енгізу;
153) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту;
154) мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;
155) мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
156) тиісті саланың уәкілетті органының республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келісу;
157) Мемлекеттік мүліктің тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізу және Мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру;
158) мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды кемінде үш жылда бір рет жүзеге асыру және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою;
159) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылдау;
160) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
161) «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарын бақылауды жүзеге асыру;
162) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгіленген мәселелер тізбесі бойынша мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын келісу;
163) республикалық меншікке жататын және «Концессия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары оларды ұсынған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге қосу үшін ұсынатын объектілер бойынша ұсыныстарды келісу;
164) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
165) концессия шарттарының негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
166) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келісу;
167) республикалық мемлекеттік меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;
168) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру;
169) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
170) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
171) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол сатып алған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
172) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
173) таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу;
174) қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
175) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
176) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
177) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органға олар объектіні жекешелендіргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін алдағы жекешелендіру туралы алдын ала хабарлау;
178) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
179) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
180) сатып алу-сату шартын, оның ішінде өзінің қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
181) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болу;
182) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеу мониторингін және оларды басқару тиімділігін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
183) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретінде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жүзеге асыру;
184) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын тиісті саланың уәкілетті органына беру;
185) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтерді есептеудің және оларды төлеудің уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталына қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасында таза кірісті бөлуге бақылауды жүзеге асыру;
186) акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны енгізу арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;
187) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
188) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
189) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
190) меншіктің мемлекеттік мониторингінің электрондық дерекқорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
191) меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
192) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеу;
193) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі мәніне жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
194) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату мен алуды жүзеге асыру;
195) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпарат тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
196) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыру;
197) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;
198) мемлекеттік меншік мониторингі мән-жайы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелі зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
199) республикалық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
200) Қазақстан Республикасы жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) директорларының тиісті кеңесі (бақылау кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесіне немесе бақылау кеңесіне кандидатураны бекітуге ұсыну;
201) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру;
202) республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарын анықтау жөніндегі конкурсты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізу;
203) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүлікті бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
204) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
205) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
206) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
207) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
208) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
209) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
210) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
211) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың қызметтің осы бағытындағы жұмысын үйлестіру;
212) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйені құру және республикалық дерекқорын жүргізу;
213) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
214) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
215) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы алынған ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
216) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
217) соттың қылмыстық істер бойынша сұрау салуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
218) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сұраулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беру;
219) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негіздер болған кезде ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
220) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
221) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірыңғайлығын және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
222) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;
223) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жалпылау, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
224) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
225) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар жүргізу;
226) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
227) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау және оны қаржы мониторингі субъектілеріне дейін жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жіберу;
228) қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша клиентті тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындау;
229) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жіберу;
230) күдікті операция туралы хабарламаны берген қаржы мониторингі субъектісіне дейін күдікті операцияны тоқтату туралы не күдікті операцияны тоқтату қажеттілігінің жоқтығы туралы шешімді электрондық тәсілмен немесе қағаз тасығышта жеткізу;
231) арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тиісті шешімін оны алған сәттен бастап үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектісіне дейін жеткізу;
232) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласындағы шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;
233) шет мемлекеттің құзыретті органының сауалы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ақпарат беру;
234) ақпаратты беруден бас тарту үшін негіздерді көрсете отырып, шет мемлекеттің сауал салған құзыретті органына бас тарту туралы хабардар ету;
235) капиталдың сыртқы нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
235-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
235-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына сәйкес:
тапсырыс беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
тапсырыс берушінің өкілі кіретін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын белгілеу және бекіту;
конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе ауциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған адамдарды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу;
конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау;
235-3) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру;
236) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2014.10.04. № 339 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдар, бағдарламалық және ақпараттық жасақтамалар әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
8) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
11) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 4-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше өлшемдерге жауап беретін күдікті операция көріністері анықталған жағдайда, күнтізбелік үш күнге дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы шешім шығару;