тақырыбында «Өртке қарсы қызмет» деген сөздердің алдынан «Мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
33. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1264 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларында:
4-бөлімнің реттік нөмірі 6-жолының 2-бағанында «Өртке қарсы қызмет» деген сөздер «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. ҚР Үкіметінің 2012.27.06. № 859 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
35. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1500 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
36. «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 542 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесінде:
6-тармақтағы «өз құзыреті шегінде аумақтық» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақтағы «аумақтық» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
37. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 302-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережесінде:
9-тармақтың екінші абзацындағы «кеден,» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
43-тармақтағы «қаржы полициясы,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
62-тармақтың 1) тармақшасындағы «Күзет қызметі,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
38. «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 366-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде:
5 және 7-тармақтардағы «өртке қарсы қызмет органымен» деген сөздер «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Кәсіби авариялық құтқару құралымдарын жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 872 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби авариялық-құтқару құрамаларын жабдықтау және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларында:
№ 5.1.2-нормалардың ескертуіндегі екінші абзацында «байланысты» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
40. «Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 80-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесінде:
9-тармақтағы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол көлігінде өрт салдарларын жою ережесінде:
9-тармақтың бірінші абзацында «бөлімшелері әзірлейді» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
11-тармақтағы «аумақтық» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесінде:
3-тармақтағы «тиісті нұсқаулықтарды әзірлеуді,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
38-тармақтың 2) тармақшасындағы «Әуежай мен» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
41-тармақтағы «министрлігі» деген сөзден кейін «Мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
41. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы он бесінші абзацта «, оның ішінде» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.