ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы 38 және 39-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
42. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы негізінде жоспарлы кезеңге арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей аяқталады.
43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
44. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзірленеді.
45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасын жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын нақтылайтын ақпаратты және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.