Осы тауар түрін дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектер құны, мынадай технологиялық операцияларды орындау: - электровозды стационарлық сынау; - электровозды серпінді сынау шартымен тауардың осы түрі өндірілетін бірінші жылы түпкілікті өнім бағасының 99 %-ынан аспауы тиіс. Екінші жылы - мынадай технологиялық операцияларды орындау: - электровозды стационарлық сынау; - электровозды серпінді сынау; - өрт сөндіргіштерді орнату; - ауа компрессорларын, желдеткіштерді қосу; - аккумулятор батареяларын орнату және қосу; - құбыржолдарды монтаждау; - электровоз шанағының астына арбаларды әкелу; - электровоз рамасына күш трансформаторын орнату; - түрлендіргішті орнату шартымен түпкілікті өнім бағасының 95 %-ынан аспауы тиіс. Үшінші жылы - мынадай технологиялық операцияларды орындау: - электровозды стационарлық сынау; - электровозды серпінді сынау; - өрт сөндіргіштерді орнату; - ауа компрессорларын, желдеткіштерді қосу; - аккумулятор батареяларын орнату және қосу; - құбыржолдарды монтаждау; - электровоз шанағының астына арбаларды әкелу; - электровоз рамасына күш трансформаторын орнату; - түрлендіргішті орнату; - шанақтың алдыңғы білігін жасау; - шанақтың артқы білігін жасау; - шанақ рамасының бүйірін жасау; - шанақтың көлденең білігін жасау; - электровоз рамасының орталық бөлігін жасау және құрастыру, және рамасының орталық бөлігі мен рамасының соңғы екі бөлігін біріктіру; - шанақтың негізгі құрамдас бөліктерін құрастыру және дәнекерлеу шартымен түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан аспауы тиіс. Төртінші жылы - мынадай технологиялық операцияларды орындау: - электровозды стационарлық сынау; - электровозды серпінді сынау; - өрт сөндіргіштерді орнату; - ауа компрессорларын, желдеткіштерді қосу; - аккумулятор батареяларын орнату және қосу; - құбыржолдарды монтаждау; - электровоз шанағының астына арбаларды әкелу; - электровоз рамасына күш трансформаторын орнату; - түрлендіргішті орнату; - шанақтың алдыңғы білігін жасау; - шанақтың артқы білігін жасау; - шанақ рамасының бүйірін жасау; - шанақтың көлденең білігін жасау; - электровоз рамасының орталық бөлігін жасау және құрастыру, және рамасының орталық бөлігі мен рамасының соңғы екі бөлігін біріктіру; - шанақтың негізгі құрамдас бөліктерін құрастыру және дәнекерлеу; - шанақты бояу; - сіңіру аппараты қорабын құрастыру және өздігінен тіркеуді орнату; - қар тазартқышты, сатыларды, тұтқаны құрастыру, орнату; - құбыржолдар жасау, құрастыру және орнату; - маңдай және бүйір терезелерін орнату; - машинист және машинист көмекшісі пультін орнату; - қауіпсіздік аспаптарын орнату; - кабинада дисплейді орнату, тоңазытқышты, микротолқынды пеш орнату; - пантографты орнату; - ауа резервуарларын орнату; - жарықтандыру аспаптарын орнату шартымен түпкілікті өнім бағасының 85 %-ынан аспауы тиіс. Бесінші жылы - мынадай технологиялық операцияларды орындау: - электровозды стационарлық сынау; - электровозды серпінді сынау; - өрт сөндіргіштерді орнату; - ауа компрессорларын, желдеткіштерді қосу; - аккумулятор батареяларын орнату және қосу; - құбыржолдарды монтаждау; - электровоз шанағының астына арбаларды әкелу; - электровоз рамасына күш трансформаторын орнату; - түрлендіргішті орнату; - шанақтың алдыңғы білігін жасау; - шанақтың артқы білігін жасау; - шанақ рамасының бүйірін жасау; - шанақтың көлденең білігін жасау; - электровоз рамасының орталық бөлігін жасау және құрастыру, және рамасының орталық бөлігі мен рамасының соңғы екі бөлігін біріктіру; - шанақтың негізгі құрамдас бөліктерін құрастыру және дәнекерлеу; - шанақты бояу; - сіңіру аппараты қорабын құрастыру және өздігінен тіркеуді орнату; - қар тазартқышты, сатыларды, тұтқаны құрастыру, орнату; - құбыржолдар жасау, құрастыру және орнату; - маңдай және бүйір терезелерін орнату; - машинист және машинист көмекшісі пультін орнату; - қауіпсіздік аспаптарын орнату; - кабинада дисплейді орнату, тоңазытқышты, микротолқынды пеш орнату; - пантографты орнату; - ауа резервуарларын орнату; - жарықтандыру аспаптарын орнату; - машинист крандарын орнату; - тартқышты басқарудың микропроцессорлық жүйесі блогын және өзге де электрондық жабдықты орнату шартымен түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс. Алтыншы жылы және одан кейінгі жылдары - мынадай технологиялық операцияларды орындау: - электровозды стационарлық сынау; - электровозды серпінді сынау; - өрт сөндіргіштерді орнату; - ауа компрессорларын, желдеткіштерді қосу; - аккумулятор батареяларын орнату және қосу; - құбыржолдарды монтаждау; - электровоз шанағының астына арбаларды әкелу; - электровоз рамасына күш трансформаторын орнату; - түрлендіргішті орнату; - шанақтың алдыңғы білігін жасау; - шанақтың артқы білігін жасау; - шанақ рамасының бүйірін жасау; - шанақтың көлденең білігін жасау; - электровоз рамасының орталық бөлігін жасау және құрастыру, және рамасының орталық бөлігі мен рамасының соңғы екі бөлігін біріктіру; - шанақтың негізгі құрамдас бөліктерін құрастыру және дәнекерлеу; - шанақты бояу; - сіңіру аппараты қорабын құрастыру және өздігінен тіркеуді орнату; - қар тазартқышты, сатыларды, тұтқаны құрастыру, орнату; - құбыржолдар жасау, құрастыру және орнату; - маңдай және бүйір терезелерін орнату; - машинист және машинист көмекшісі пультін орнату; - қауіпсіздік аспаптарын орнату; - кабинада дисплейді орнату, тоңазытқышты, микротолқынды пеш орнату; - пантографты орнату; - ауа резервуарларын орнату; - жарықтандыру аспаптарын орнату; - машинист крандарын орнату; - тартқышты басқарудың микропроцессорлық жүйесі блогын және өзге де электрондық жабдықты орнату; - түрлендіргіш және жоғары вольтты жабдықтар бөліктерін орнату; - шатыр электр жабдықтарын монтаждау, электр тізбектері мен басқару, қуат беру, тежеу жүйесі схемаларын құрастыру және тексеру; - реостатты тежеуіш жабдығын орнату шартымен түпкілікті өнім бағасының 75 %-ынан аспауы тиіс. |