2. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралын пайдалануға тыйым салу осындай тыйым салуға негіз болған себептерді жойғанға дейін жүзеге асырылады.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 52-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі
1. Ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға мыналар негіздер болып табылады:
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы, оның ішінде сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспап тіркеген жол жүрісі қағидаларын бұзуы;
2) айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ жүргізушілері жол-көлік оқиғалары, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыс;
3) осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда көлік құралын беру қажеттігі;
4) стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарын тексеру;
5) полиция бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру. Арнайы іс-шараларды жүргізу кезеңінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлік құралдарын полиция бекеттерінен тыс жерде тоқтатуға жол беріледі;
6) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қозғалысты шектеу немесе оған тыйым салу туралы шешімдерін орындау;
7) жүргізушіге және (немесе) жолаушыға (жолаушыларға) өздері куә болып табылатын жол-көлік оқиғаларының, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сауал қою қажеттігі;
8) жол жүрісін реттеу;
2023.29.06. № 12-VІІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралының осы Заңның 65-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздермен ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Көлік құралын осы баптың 1-тармағына сәйкес тоқтатқан жағдайда, ішкі істер органдарының қызметкері мынадай әрекеттерді дәйектілікпен жасауға:
1) көлік құралына кідірмей жақын келуге;
2) өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге;
3) көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге;
4) егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Көлік құралын тоқтатуға негіздер болған кезде және ішкі істер органдарының қызметкері осы баптың 3-тармағында белгіленген барлық әрекетті орындағаннан кейін жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен ескертумен толықтырылды
Ескерту. Осы бапта арнайы іс-шаралар деп құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар түсініледі.
8-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
53-бап. Жол жүрісіне қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жол жүрісіне қатысушылардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен қауіпсіз жүру жағдайы құқығына мемлекет кепілдік береді және ол осы Заңның орындалуымен, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінің және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуымен қамтамасыз етіледі.
2. Жол жүрісіне қатысушылардың бірінің құқықтарын іске асыру жол жүрісіне басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс.
3. Жол жүрісіне қатысушылардың:
1) жолдарда жүру үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларға, жолдардың, көшелердің, алаңдардың және теміржол өтпелерінің жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сай келмеуі салдарынан өздеріне келтірілген залалды өтеттіруге;
2) мемлекеттік органдардан және уәкілетті лауазымды адамдардан жол жүрісі жағдайлары туралы, жолдардағы бағыттың өзгеру, жүруге уақытша тыйым салудың немесе уақытша шектеудің енгізілу себептері туралы, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы, жол жүрісі саласындағы лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы анық ақпарат алуға;
3) жол-көлік оқиғасы кезінде қызметі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ұйымдардан және лауазымды адамдардан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, құтқару жұмыстарын және басқа да қажетті көмекті алуға;
4) жол жүрісі саласында мемлекеттік реттеуді, басқаруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
5) жол-көлік оқиғасы салдарынан өздеріне дене жарақаттары келтірілген жағдайларда, сондай-ақ көлік құралы және (немесе) жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының сақтандыру не азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен залалды өтеттіруге құқығы бар.
Жол жүрісіне қатысушылардың жол жүрісі саласында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
4. Жол жүрісіне қатысушылар:
1) жол жүрісі қағидаларын, осы Заңның талаптарын білуге және сақтауға;
2) реттеушінің және бағдаршам сигналдарының, жол жүрісін реттеу үшін қолданылатын жол белгілерінің, жол таңбаларының, жол жұмыстары кезінде пайдаланылатын дыбыс және жарық сигналдарының, жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының арнайы жарық және дыбыс сигналдарының талаптарын орындауға;
3) жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен жол жүрісіне басқа қатысушыларға, олардың көлік құралдары мен өзге де мүлкіне зиян келтірмеуге;
4) жол жабынын бүлдірмеуге және ластамауға, жол белгілерін алып тастамауға, оларды көлегейлемеуге және бүлдірмеуге, жол белгілерін, бағдаршамдарды және жол жүрісін ұйымдастырудың басқа да техникалық құралдарын өз бетімен орнатпауға;
5) жол жүрісін қиындатпауға немесе жол жүрісіне кедергі келтіретін заттарды немесе материалдарды жолға лақтыру, түсіріп кету немесе қалдыру арқылы оның қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге, жол жүрісі үшін бөгет жасауы, адамдарға қауіп төндіруі немесе мүлікке залал келтіруі мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуға;
6) жолда жол жүрісі үшін кедергі анықталған немесе келтірілген жағдайда осы кедергіні жою жөнінде шаралар қолдануға, ал, егер бұл мүмкін болмаса - осы Заңның талаптарына сәйкес немесе жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен осы кедергіні белгілеуге және уәкілетті органға немесе жол иелеріне кедергі туралы хабарлауға;
7) адал, әдепті әрекет етуге, мұқият және өзара сыпайы болуға, жол жүрісі үшін кедергілер мен қауіп келтірмеуге;
8) жолдарды ластауға жол бермеуге, оның ішінде арнайы бөлінген орындардан тыс жерге қоқыстарды, жол жүрісі үшін қауіп келтіретін заттарды және өзге де заттарды тастамауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жол жүрісі саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
5. Жол жүрісіне қатысушыларға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жолдың жүру бөлігінде көлік құралын жөндеуге және оған қызмет көрсетуге;
2) жол жүрісі үшін кедергі немесе қозғалыс үшін қауіп келтіруге;
3) жолдарды және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын бүлдіруге;
4) қоршаған ортаның ластануына жол беруге тыйым салынады.
54-бап. Механикалық көлік құралы меншік иесінің және жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері
1. Механикалық көлік құралының меншік иесі уәкілетті органның лауазымды адамының талабы бойынша көрсетілген мерзімде өзінің механикалық көлік құралын жүргізу құқығын берген адамның жеке басын куәландыратын деректерді хабарлауға, сондай-ақ міндетті техникалық қарап тексеру үшін механикалық көлік құралы мен оның тiркемесiн уақтылы ұсынуға міндетті.
2. Механикалық көлік құралы жүргізушісінің:
1) тиісті санаттағы механикалық көлік құралын басқаруға, жолдарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өзінің жеке меншігіндегі көлік құралын басқару және пайдалану құқығын тиісті санаттағы механикалық көлік құралын басқару құқығы бар басқа адамдарға беруге;
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте фото- және бейнетүсірілім жүргізуге;
4) жүргізушінің құжаттарын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адамның тегі мен лауазымын жүргізушіге қызметтік куәлігін берместен онымен танысу арқылы анықтауға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде және жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу жүзеге асырылмаған кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді жүзеге асыруға;
6) аса қажет болған кезде, егер мән-жайларға байланысты туындаған қатердің алдын алу басқаша мүмкін болмаса, жол-көлік оқиғасының алдын алу, басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді болғызбау үшін бұл қажет болатын жағдайларда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті талаптарын орындаудан тартына тұруға құқығы бар.
3. Механикалық көлік құралының жүргізушісі:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.02. № 1-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мыналарды:
жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін;
Қазақстан Республикасында берілгенін қоспағанда, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатын;
жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көлік жүкқұжатын), сондай-ақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгендерді қоспағанда, көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының оған уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;
2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға;
3) көлiк құралының өздiгiнен жүріп кетуiн болғызбайтын шаралар қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлiк құралын тастап кетпеуге;
4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге;
5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға;
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамауға;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруден өтуге;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) көлік құралын:
шығындарды өтеттіре отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды медициналық ұйымдарға тасымалдау үшiн, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлеріне;
жол-көлік оқиғалары кезiнде бүлінген көлiк құралдарын тасымалдау, дүлей зілзала болған жерге бару үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне беруге;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші:
жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға;
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшiн ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, ал егер бұл мүмкiн болмаса, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi медициналық ұйымға жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушi куәлiгiн және көлiк құралына берілген тiркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;
осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегi iшкi iстер органына дереу хабарлауға, оны көргендердiң тектерi мен мекенжайларын жазып алуға және iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң келуiн күтуге;
егер басқа көлiк құралдарының жүруі мүмкiн болмаса, жолдың жүру бөлiгiн босатуға;
жолдың жүру бөлiгін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлiк құралының орналасуын, iздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгiлеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жердi айналып өтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Жүргізушіге:
2021.01.02. № 1-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігінсіз көлік құралын басқаруға;
2) масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлiк құралын, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспаған иесiнің көлiк құралын басқаруға;
5) мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын басқаруға;
6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.02. № 1-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінде болған, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға, сондай-ақ жүргізуге оқып-үйренушілерден басқа, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға көлік құралын басқаруға беруге;
8) ұйымдастырылған (оның ішінде жаяулардың да) колонналарды кесіп өтуге және олардың арасынан орын алуға;
9) телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға;
10) тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульмен басқаруы iстемейтiн, ілініс құрылғысы (поезд құрамында) жарамсыз, сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда - шамдары және (немесе) артқы габариттік оттары жанбайтын (жоқ), жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда алдыңғы терезе тазалағыштары жарамсыз көлiк құралын басқаруға;
11) өзінің қатысы бар жол-көлік оқиғасынан кейін не ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралы тоқтатылғаннан кейін, уәкілетті лауазымды адам масаң күйді анықтау мақсатында куәландырудан өткізгенге дейін немесе уәкілетті лауазымды адам осындай куәландыруды жүргізуден босату туралы шешім қабылдағанға дейін алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға;
12) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында; тоннельдерде; көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында; теміржол өтпелерінде; жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде; аялдау пункттері орналасқан жерлерде кері бұрылуға;
13) жол қиылыстарында және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге;
14) төрт немесе одан да көп жолағы бар екiжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға;
15) үш жолағы бар, олардың ортаңғысы екi бағытта да жүру үшін пайдаланылатын екiжақты жүру жолдарында қарсы жүруге арналған шеткі сол жақтағы жолаққа шығуға;
16) белгіленген тәртіппен айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға; көлік құралына орнатылған «Жылдамдықты шектеу» таным белгісінде көрсетілген жылдамдықтан асыруға;
17) басқа көлік құралдарына кедергі келтіруге;
18) егер бұл жол-көлік оқиғасын болғызбау үшін қажет етілмесе, кілт тежеуге;
19) жүру жылдамдығын арттырумен немесе өзге де әрекеттермен басып озып бара жатқан көлік құралының басып озуына кедергі келтіруге;
20) мынадай:
реттелетін жол қиылыстарында қарсы жүру жолағына шыға отырып;
реттелмейтін жол қиылыстарында бағытын өзгертетін басты жолмен (рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) және басты болып табылмайтын жолмен (шеңберлі жүрісті жол қиылыстарындағы басып озуды, қапталында тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды және рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) жүру кезінде;
жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде жаяу жүргiншiлер болған кезде;
теміржол өтпелерiнде және олардың алдында бір жүз метрден жақын жерде;
басып озып немесе айналып өтiп келе жатқан көлiк құралын;
өрге көтерілу соңында және көрінуi шектеулі басқа жол учаскелерiнде қарсы жүру жолағына шыға отырып, басып озуға;
21) мынадай:
егер бұл трамвайлардың жүруіне кедергi келтірсе, трамвай жолдарына тiкелей жақын жерде;
теміржол өтпелерінде, тоннельдерде;
эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);
егер бұл көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтірсе, тоқтаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығы (жолдың жүру бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы шетi немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы шетiнде тұрған көлiк құралы арасындағы қашықтық үш метрден кем болатын жерлерде;
жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде және олардың алдындағы бес метрден жақын жерде;
ең болмағанда бiр бағытта жолдың көрiнуi бір жүз метрден кем болған кезде қауiптi бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде;
қапталдағы өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдың жүру бөлiктерінiң қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлiгiнiң шетiне отыз метрден жақын жерде;
аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде;
көлiк құралы басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналдарын, жол белгiлерiн көлегейлейтін немесе басқа көлiк құралдарының жүруіне (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе басқа көлік құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң жүруіне кедергi (кептеліс) келтіретін жерлерде;
гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтауға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) мынадай:
тоқтауға тыйым салынған жерлерде;
эстакадаларда, көпiрлерде, жолөткелдерде;
елдi мекендерден тыс жерлерде «Басты жол» жол белгiсiмен белгiленген жолдың жүру бөлiгiнде;
теміржол өтпелеріне елу метрден жақын жерде;
егер тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елдi мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлiк құралдарының;
гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруына;
23) бұл жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергi немесе қауiп келтірмейтініне көз жеткiзбейiнше, көлiк құралының есiктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлiгiне шығуға;
24) егер көлiк құралдарының көлденең бағытта жүруіне кедергi келтіре отырып, жүргiзушiнi тоқтауға мәжбүр ететiн кептеліс пайда болса, жол қиылысына немесе жолдың жүру бөлiктерінің қиылысына шығуға;
25) жүргiзушiге шолуды шектейтiн жол-жөнекей бағытта жүріп бара жатқан көлiк құралдарының алдына түсуге;
26) егер жүргiзушiнi жаяу жүргiншi өткелiнде тоқтауға мәжбүр ететiн, өзінен кейін кептеліс пайда болса, жаяу жүргiншi өткелiне шығуға;
27) мынадай:
шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан);