60) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеудi жүргiзедi;
61) аккредиттеу туралы куәлiк алған заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
62) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
63) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату саласындағы мемлекеттiк органдардың және басқарушы компаниялардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
64) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қызметiне қатысу үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тартады;
65) арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi;
66) арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныстар әзірлейді;
67) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингтi, сондай-ақ мониторингтiң деректерiне талдауды жүзеге асырады;
68) арнайы экономикалық аймақтардың қызметі нәтижелеріне талдауды жүзеге асырады;
69) тиiстi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды конкурстық iрiктеудi жүргiзедi;
70) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
71) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк заттай гранттарды беру туралы шешiмдердi қабылдайды;
72) инвестициялық артықшылықтар беру туралы шешiмдер қабылдайды;
73) инвестициялық артықшылықтар беруге өтiнiмдер қабылдайды және тiркейдi;
74) инвестициялық артықшылықтар беруге келiсiмшарттар жасасады, тiркейдi және оларды бұзады;
75) инвестициялық артықшылықтарды беруге арналған келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
76) инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тiзбесiне енгiзу мәнiне өтiнiмдердi қабылдайды және қарастырады;
77) республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген жобалардың iске асырылуына мониторингтi жүзеге асырады;
78) ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi келiседi;
79) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзырет шегiнде ойыншықтардың техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады;
80) ойыншықтар өндiрiсiн, нарықта өткiзiлуiн және айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар бередi;
81) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
82) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн қалыптастыруға қатысады;
83) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысын жүзеге асыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды келiседi;
84) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
85) өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
86) өлшем құралдарының үлгiсiн бекiту туралы шешiмдер қабылдайды;
87) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
88) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
89) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртiппен аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, алып қою мәселелерiн үйлестіреді;
90) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері тізілімін жүргізеді;
91) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу мен кодтау жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн бақылау жөнiндегi жұмыстарын үйлестiредi;
92) жобалар мен техникалық регламенттердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiн талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
93) стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттермен және техникалық реттеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасайды;
94) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
95) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
96) ақпараттық орталықтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
97) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін аккредиттеу, Кедендік одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және оларды аттестаттауды ұйымдастырады;
98) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
99) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
100) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарда басылып шығарылуы мен таратылуын ұйымдастырады;
101) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
102) сәйкестiктi растау саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
103) басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi бойынша, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң талаптарына жауап бермейтiн болса, құжаттардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
104) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
105) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;
106) шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондарын бекiтедi;
107) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жол берiлуi мүмкiн бiрлiктердің халықаралық жүйесiне кiрмейтiн шамаларды айқындайды;
108) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
109) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
110) өлшем құралдарына, әдiстерi мен нәтижелерiне, өлшем құралдарын тексеру әдiстемелерiне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
111) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салыстыруды ұйымдастырады;
112) өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
113) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткiзедi;
114) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізеді;
115) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
116) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасын дайындау бойынша лицензиялауды жүзеге асырады;
117) кең таралған пайдалы қазбалар және жер асты суларын қоспағанда, өндiрушi салалардың бөлiгiндегi қызметiнiң ашықтығы бастамасын iске асыруды жүзеге асырады;
118) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiнде жер асты өндiрiстiк-техникалық суларын барлау және өндiру рұқсатын бередi және керi қайтарады;
119) жер қойнауын пайдалану құқығын бередi және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады;
120) жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалар қорларын бекiтедi;
121) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
122) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмiн, кен орындарының және пайдалы қазбалардың бiлiнулерi, қауiптi геологиялық үдерiстердiң мемлекеттiк кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
123) тарихи шығындардың мөлшерiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
124) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
125) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
126) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлаумен және өндiруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
127) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
128) ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтуды бақылауды жүзеге асырады;
129) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
130) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
131) жер қойнауын, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешендi пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
132) геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн бередi;
133) техногендiк минералдық тiзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын ұйымдастырады және жүргiзедi;
134) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
135) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерiнiң негiзiнде жерасты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырады;
136) жерасты сулары бөлiгiнде мемлекеттiк су кадастрын жүргiзедi;
137) жер бетiндегi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келiседi;
138) жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларына рұқсаттарды келiседi;
139) бассейндiк схемалардың және су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiнiң негiзiнде жерасты су объектiлерiне арналған су пайдалану лимиттерiн келiседi;
140) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсiпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келiседi;
141) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткiзуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектiлерi арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келiседi;
142) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
143) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
144) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;
145) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
146) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
147) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттардың (шарттардың) орындалуы жөнiндегi бақылау мен оның мониторингiн жүзеге асырады;
148) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асырады;
149) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сәйкес жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және қорытуды жүзеге асырады;
150) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн айқындайды;
151) келiсiмшарт (шарт) негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын берудi алдын ала келiседi;
152) конкурс туралы хабарлама берiлгенге дейiн геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын айқындайды;
153) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмге қорытынды бередi;
154) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келiсiм бойынша пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының көлемiне қарай өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартады;
155) жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану саласындағы өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзедi;
156) жерасты суларын тәулiгiне екi мың текше метрден астам көлемде өндiру кезiнде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес оларды қабаттарға айдау үшiн жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негiзiнде бекiтедi;
157) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiседi;
158) iлеспе газды қайта өңдеудi дамыту бағдарламаларын келiседi;
159) кен орнында бiрыңғай объект ретiнде бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шартты жасасу кезiнде бүкiл кен орны үшiн бiрыңғай жұмыс бағдарламасын келiседi;
160) жобалау ұйымы әзiрлеген жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң жою немесе консервациялау жобаларын келiседi;
161) құзыреттi органның тарату қорын пайдалану жөнiндегi рұқсатын келiседi;
162) алдағы салынатын құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытынды бередi;
163) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат бередi;
164) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
165) мемлекеттiк органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бередi;
166) жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесiп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды;
167) Кеден одағының аумағы шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат берудi жүзеге асырады;
168) Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге арналған Кеден одағының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген лицензияны келiседi;
169) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты iске асыруға қатысады;
170) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
171) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
172) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
173) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар бередi;
174) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
175) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
176) туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттейдi;
177) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен таратады;
178) туризм мен туристiк индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендiк талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристiк саланы дамытудың жай-күйiне мониторинг жүргiзедi;
179) туристiк нарықты зерттеуге, туристiк қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнiмге мемлекеттiк тапсырысты орналастырады;
180) туристiк саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
181) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;
182) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетiн туроператордың және турагенттiң орындауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
183) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туризм қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
184) атом энергиясы саласындағы өз өкiлеттiктерiн орындауға байланысты инспекциялар өткiзедi;
185) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
186) ядролық қондырғылар, ядролық материалдар және иондаушы сәулелену көздерiнiң физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;
187) радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
188) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
189) ядролық материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, арнайы ядролық емес материалдарды, иондаушы сәулелену көздерiн, ұлттық қауiпсiздiк мақсатында бақыланатын тауарларды қоса алғанда, өз құзыретi шеңберiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экпортын, импортын, өткiзiлуiн, транзитiн және орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
190) коммерциялық мақсатта берудi, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипатта берудi қамтитын, атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердiң экпорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
191) ядролық материалдар және иондаушы сәулелену көздерiн мемлекеттiк есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
192) иондаушы сәулелену көздерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
193) өз құзыретi шеңберiнде иондаушы сәулелену көздерiнiң, экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң және ұлттық қауiпсiздiк мақсатында бақыланатын тауарлардың импортын, экспортын, импортын және транзитiн келiсудi жүзеге асырады;
194) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияның қолданылу шарттарының орындалуын тексерудi жүзеге асырады;
195) радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi;
196) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
197) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің қызметiн ұйымдастыру
19. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне басшылықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
20. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
22. Министрдің өкілеттіктері:
1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
3) вице-министрлердiң бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктейдi;
4) жауапты хатшымен келiсiм бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің жұмыс регламентiн бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қол қояды;
9) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
24. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің мүлкі
25. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
26. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
28. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.