6.6. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған
заң жобаларын қарау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 105-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 105-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.
Қорытынды дайындауға жауапты ретінде айқындалған мемлекеттік орган Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.
Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.
Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Үкіметтің заң жобаларына қорытындылардың жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса тіркейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әзірлеуші қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.
Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ жаңа редакцияда
107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.
Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.
Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қойған Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін қорытындының жобасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолын қоюы үшін Үкімет бланкісіне ресімдейді.
6.7. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ өзгертілді
108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.
Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығының келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауапты болады.
Көрсетілген тәртіптің бұзылуына білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табылмайды.
Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайда заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және Үкімет басшылығының рұқсатынсыз заң жобаларына жоғарыда аталған түзетулерді енгізуге уәкілетті тұлғалардың келісім білдіру фактілерін болдырмауға бағытталған шараларды қабылдайды.
Осы Регламентте белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Өкілдік бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 108-1-тармақпен толықтырылды
108-1. Парламент палаталарындағы отырыстарға қатысу барысында уәкілетті мемлекеттік органға депутаттардың:
1) бұрын қаралған және заң жобаларын әзірлеу сатысында Үкіметте қолдау таппаған;
2) Үкімет басшылығымен алдын ала кесілмеген және ол бойынша депутаттар қарайтын нақты заң жобасының тұжырымдамасымен сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге тиісті рұқсат болмаған, Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына ұсыныстарға олардың кейіннен түзетулер түрінде (заңдық техникаларға қатысты түзетулерді қоспағанда) бастамашылық жасауы үшін жазбаша немесе ауызша нысанда қарауына енгізуге тыйым салынады.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе Басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
Бірлесіп атқарушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, Парламент депутаттары енгізген барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың пікірлерін есепке ала отырып дайындалған тиісті қорытындыны қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.
Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы көрсетілген қорытындыны қарау нәтижелерін Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде оларды одан әрі есепке алу үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізеді.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған кезде қорытынды жобасын қалыптастыру үшін өз бетінше Парламент депутаттарының ұсыныстарын Үкімет не Республикалық бюджет комиссиясының жанындағы тиісті консультативтік-кеңесші органдардың қарауына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 109-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 109-1-тармақ өзгертілді
109-1. Үкімет бастамашылық еткен заң жобаларына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін оның тұжырымдамаларының өзгеруіне байланысты) Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.
Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын, құзіретіне заң жобасымен реттелетін қатынастар кіретін мемлекеттік орган әзірлейді.
Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.
Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен міндетті түрде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және егер, тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.
Заң жобасына қажет болған кезде әзірлеуші: мемлекеттік кірістерді ықтимал азайту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді; Үкімет, Республикалық бюджет комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларын қоса тіркейді.
Бірлесіп орындаушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылығын әзірлеуші мемлекеттік органға, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жібереді.
Кеңсеге енгізілген Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет мәжілісінде қарауға жатады және шақыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсе Басшысының орынбасары - Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.
Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.
Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.
Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Қорытынды жобасының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімдері үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 109-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 109-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109-2. Әзірлеушісі өздері болып табылатын заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы отырыстарға орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жұмыс топтарына - департаменттердің директорлары немесе комитеттердің төрағалары;
2) бас комитеттердің отырыстарына - бірінші басшылардың орынбасарлары;
3) Палаталардың жалпы отырыстарына - орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.
Үкімет бастамашы болған заң жобасы бойынша Мәжілістің немесе Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасауға уәкілеттік берілген орталық атқарушы органның бірінші басшысын ауыстыру Палатаның берілген заң жобасын қараудың шұғыл жағдайында ғана және объективті негіздер болған кезде ғана Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың, сондай-ақ Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың басқа да тұлғаларының Парламентке келу, оның ішінде Парламентте өткізілетін үкіметтік сағаттарға, парламенттік тыңдауларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін осы тәртіпті сақтауына бақылауды Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламент Мәжілісінің немесе Сенатының жалпы отырысында білдіруші уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте ұсынушы уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) өзге мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы болып табылатын болатын басқа уәкілетті тұлғаға ауыстырған кезде Премьер-Министрдің қолы қойылған баяндамашыны ауыстыру туралы хатты Кеңсе бір мезгілде Мәжіліске және Сенатқа жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 111-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады
Өкілдік Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын, Мемлекет басшысы Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі туралы және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 112-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді және Президент Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қорытындыны осы Регламенттің 5-2-қосымшасының нысанына сәйкес дайындайды және Кеңсеге жібереді.
Қорытындыдан басқа Кеңсеге міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңда мәселелері қозғалатын өзге де мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасының нұсқасы мен депутаттардың әр түзетуі бойынша негіздемемен Парламент қабылдаған заңның салыстырма кестесі, депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындылары енгізіледі. Мұндай салыстырма кестені әзірлеуді заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісуге жататын Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.
Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.
Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды
113-1. Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай):
1) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент және Үкімет актілерінің) жобаларын қарау үшін;
2) Әділет министрлігіне тиісті ведомстволық актілерді, сондай-ақ «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу туралы ақпаратты жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ жаңа редакцияда
114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;
3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса тіркелуі қажет.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді.
Мемлекеттік органдар Президент заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.
Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы айқындайтын жағдайларды қоспағанда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қабылданады.
Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Әділет министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытады және тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 114-1-тармақпен толықтырылды
114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акт қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Қағиданың 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолымен тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 114-2-тармақпен толықтырылды
114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 6-8-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.12. № 1685 Қаулысымен 6-8-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)