ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 50-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-тарау. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 446-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
446. Осы тарау бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін анықтайды.
Экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, ТЭН әзірлеу немесе түзету шеңберінде жобаның ерекшелігіне байланысты ТЭН қажетті сараптамаларын жүргізу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - БИЖ) және концессиялық жобалардың ТЭН сараптамаларын қаржыландыру және өткізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар тізбесінің негізінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Егер жергілікті БИЖ-ды қаржыландыру жергілікті бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ТЭН әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылады.
Егер БИЖ-ды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді салалық орталық мемлекеттік орган жүргізеді.
Егер БИЖ-ды жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергілікті ретінде бірлесіп қаржыландыру шартымен анықтау Бюджет кодексінің 151-бабында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
447. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру процесі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтінімдерді беруді;
2) бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру Тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 448-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
448. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер береді.
449. БИЖ-дың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 450-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
450. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамадан өткізуді қаржыландыруға өтінім ТЭН әзірлеу жоспарланатын ағымдағы жылы қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағын;
2) БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамадан өткізу құнын негіздейтін ақпаратты;
3) БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамадан өткізуге техникалық тапсырманы;
4) инвестициялық ұсынысқа салалық сараптамасын;
5) БИЖ ТЭН-і бойынша өзгертілуі болжанатын техникалық шешімдері және/немесе қосымша шығыстарды көрсетілген салыстырмалы кестені, сондай-ақ бекітілген БИЖ ТЭН-ін (БИЖ ТЭН-і түзетілген жағдайда) қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 451-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
451. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуге оң экономикалық қорытынды негізінде инвестициялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша олар бойынша қорытынды жасайды және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 452-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
452. Бюджеттік комиссия іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган БИЖ тізбесін қалыптастырады, ол бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
453. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.08. № 906 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 454-тармақ жаңа редакцияда
454. БИЖ тізбесі, әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
454-1. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 456-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
456. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім:
1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
2) ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
3) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізу құнын есептеулерді қоса бере отырып, концессиялық ұсыныстарды қамтуы тиіс.
457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 458-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
458. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 459-тармақ жаңа редакцияда
459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалардың ТЭН-ге қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалардың ТЭН-не қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 460-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
460. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
461. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әр жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.08. № 906 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 462-тармақ жаңа редакцияда
462. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 463-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
464. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауын;
2) тәуелсіз сарапшыны іріктеу жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысын;
3) қызмет түрлері және олардың мәлімделген құнын.
Сондай-ақ өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтерді ұсыну жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
қызметтерді тарту мақсаты мен міндеті;
қызмет ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
қызмет ұсыну мерзімдері;
қызмет ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) қызметтерді тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 465-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінген бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 466-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
466. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландырудың түрлері мен көлемдерін айқындайды.
467. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, конкурсқа қатысушымен комиссияның келіссөзі үрдісінде консультациялық қызметтерді көрсетуді қамтитын тәуелсіз эксперттер көрсететін қызметтер.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.08. № 906 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 468-тармақ жаңа редакцияда
468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобаларды консультативен сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесі дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 469-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.08. № 906 Қаулысымен 469-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
469. Егер тиісті бюджет комиссиясының тізбелерді қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган тізбелер бекітілген айдан кейінгі екінші айдың 1 күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде, бөлінген бюджет бағдарламасы қаражатының қалған сомасына бюджеттік және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын өткізуді қаржыландыру мәселесін енгізеді.
Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тізбелерге толықтыруды қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптамадан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру үшін тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбе негізінде бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
471. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру белгіленген бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
472. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуге және түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуге, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптама өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жоба пысықтауға қайтарылған жағдайда өнім берушіге отыз күнтізбелік күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтау туралы талапты қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 473-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
473. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 51-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-тарау. Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптамадан өткізуді және бағалауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 474-тармақ жаңа редакцияда
474. Мыналарды:
1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасын қаржыландыруды;
2) республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
3) конкурстық құжаттама сараптамасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде;
4) концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер сараптамасын;
5) концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде;
6) мемлекет тапсырмасын алуға концессионердің ұсыныстарына сараптаманы;
7) мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
8) республикалық бюджет қаражатты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;
9) концессиялық жобаларды, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында іске асырудың мониторингі мен бағалауды;
10) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды;
11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалауды бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама мен бағалауды қаржыландыру деп түсіну қажет.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 475-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
475. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау қаржыландыру процесі мынадай:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптаманы және бағалауды қаржыландыру өтінімдерін беруі;
2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау;
3) сараптамаларды қаржыландыру сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 476-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
476. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауын қаржыландыруға Өтінімдер береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 477-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
477. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар мен бағалау өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 478-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
478. Бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе пысықтауға жіберіледі, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 479-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
479. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынған бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар және бағалау негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
480. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.
52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
481. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
482. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
483. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 484-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
484. Өтемақы беру туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 485-тармақ жаңа редакцияда
485. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мыналарға:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 486-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
486. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.