2. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы аяқталатын салық кезеңінен басқа, ұзақ мерзімді келісімшарт басталатын салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңіндегі осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстардың сомасынан асатын болса;
2) алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыстан асатын болса, осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған) табыстың мына мәндердің:
1) алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыс арасындағы оң айырманың;
2) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылатын осындай келісімшарт бойынша шығыстардың сомасы арасындағы оң айырманың ең азына кемітілген мөлшерде айқындалады.
4. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстан асатын болса, онда ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осы Кодекстің 132-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес осындай асып түсу мөлшерінде түзету жүргізіледі.
130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салық кезеңіндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы келісімшарт бойынша оның қолданылатын барлық кезеңі үшін алынуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен ағымдағы салық кезеңінде осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі
минус
алдыңғы салық кезеңдерінде салық салу мақсаттары үшін осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
А/(А+Б), мұнда:
А - алдыңғы және есепті салық кезеңдері үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар;
Б - ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуі тиіс, ұзақ мерзімді келісімшартты қолданудың кейінгі салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылуға тиіс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.»;
42) 132-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «шығарғанда түзетуге жатады.» деген сөздер «шығарғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.»;
43) 133-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары бар, өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде, ғылым саласындағы уәкілетті органның осындай шығыстар (шығындар) сомасын растау туралы қорытындысы болған жағдайда, азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда қорғау құжатын мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңінде қолданылады. Бұл ретте салық төлеушiнiң қорғау құжатын алуға жұмсалған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға жұмсалған шығыстар деп танылмайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;»;
44) 135-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы тармақтың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.»;
45) 136-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залал осындай активтерді өткiзу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.»;
46) 137-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залалдар осындай активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.»;
1-тармақтың 47) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
47) 141-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 51-2-бабында көрсетілген салық төлеуші сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асыратын салық кезеңі ішінде осындай салық төлеушіге қолданылмайды.»;
1-тармақтың 48) тармақшасы 2013 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
48) 143-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;»;
1-тармақтың 49) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу және ауыл шаруашылығы техникасымен, жабдықтармен қамтамасыз ету кезінде пайыздық мөлшерлемелерді арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату.»;
50) 148-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«148-бап. Салық кезеңі
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.»;
1-тармақтың 51) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) 149-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.»;
1-тармақтың 52) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52) 150-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.»;
53) 151-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру.»;
54) 151-5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 150-бабы 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi:
1) киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;
3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;
4) иірілген, тоқылған және әрлендірілген бұйымдар шығару;
5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;
6) кiлемдер мен кiлем бұйымдарын шығару;
7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;
8) қағаз және қатырма қағаз шығару;
9) теріні илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;
10) жазу қағазы бұйымдарын шығару болып табылады.»;
55) 151-7-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) авиация, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;»;
мынадай мазмұндағы 10) - 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) гидравликалық жабдықты жасау;
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
12) өзге де шүмектер мен вентильдер жасау;
13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;
15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;
16) қол электр құралдарын жасау;
17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
21) центрифугалар (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарын қоспағанда) жасау;
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау.»;
56) 156-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 56) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі табыстар.
Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, осы тармақшаның ережелері қолданылады;»;
57) 166-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;»;
58) 192-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;»;
59) 230-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және ақшаны, оның ішінде шетел валютасындағы ақшаны қоспағанда, мүлік жатқызылады.»;
1-тармақтың 60) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
60) 231-баптың 3-тармағының 16) тармақшасындағы «сомасын алуы өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «сомасын алуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) мүлікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес 2006 жылға дейін жасалған концессия шартының шеңберінде, егер мұндай шартта мүлікті жетілдіру және оған жөндеу жүргізу қажеттігі туралы талаптар қамтылса, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының меншігіне өтеусіз беруі өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.»;
61) 236-баптың 2-тармағында:
4) тармақшаның екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында есептік тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы резидент емес болса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.»;
5) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында есептік тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қою негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
62) 237-бапта:
1, 1-1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:
1) егер шарт талаптарына сәйкес тауарды алушыға (сатып алушыға) немесе ол көрсеткен тұлғаға тауардың тұрған жерінде берілуге тиіс болса - тауарды алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған тұлғаның, оның ішінде мұндай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне мұндай тауарды берудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күні;
2) егер шарт талаптарына сәйкес жеткізушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе:
жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;
тауар жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тиеу күні;
3) қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, мұндай тауарды беру фактісін растайтын шарттың, құжаттың тараптары болып табылатын жеткізуші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) қол қойған күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
1-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
2. Кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша, мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді, банк операцияларын көрсеткен кезде мына күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазып берілген күн;
2) әрбiр төлем (есеп айырысу түріне қарамастан) алынған күн;
3) бухгалтерлік есепте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету танылған күн.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн көрсетуді, коммуналдық қызметтер көрсетудi, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қызметтерін көрсетуді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша тасымалдау қызметтерiн көрсетуді өткізген кезде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2-2. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кешірек күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда: