9-тармағының 14) тармақшасының үшінші абзацы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып түсуi).
9-тармағының 14) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін және:
осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып түсу сомасын айқындау тәртібін белгілейді.»;
15) 47-баптың 1) тармақшасында:
9-тармағының 15) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«561» деген цифрлар «39, 40, 561» деген цифрлармен ауыстырылсын;
9-тармағының 15) тармақшасының үшінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«9-тармақтарын» деген сөздерден кейін «, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 48-бапта:
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «2012» деген цифрлар «2016» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «2013» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының;»;
17) 49-баптың 1) тармақшасында:
он алтыншы абзацтағы «2012» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«17) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген:
тауарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес келген;
тауар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген;
еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған тауар еркін қойма аумағынан әкетілген, көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;»;
жиырма алтыншы және елуінші абзацтардағы «2012 жылдың 1 шілдесіне», «2012 жылдың 1 қаңтарына» деген сөздер «2017 жылдың 1 қаңтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз жетінші және алпыс сегізінші абзацтардағы «уәкілетті орган белгілейді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 49-1-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «2012» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 100-құжат):
2-бапта:
10-тармағының үшінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «95) - 101)» деген цифрлардан кейін «тармақшаларын, 103) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармағының төртінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақшадағы «102), 103),» деген цифрлар «102) тармақшасын, 103) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін:
тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 90-бабы 1-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 106-бабы 1-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұратын кезеңде аталған тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
2) басқа банктер мен клиенттерге берiлген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);
3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес шегерімге жататын провизияларды (резервтерді) құру тәртібін, сондай-ақ активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртібін уәкiлеттi органмен келiсім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айқындайды.»;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 106-бабы 4-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұратын кезеңде аталған тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«4. Ұлттық басқарушы холдингтiң, сондай-ақ негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:
банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
банктер мен клиенттерге берiлген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);
құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес шегерімге жататын провизияларды (резервтерді) құру тәртібін, сондай-ақ активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртібін, сондай-ақ осы тармақта көрсетiлген заңды тұлғалардың тiзбесiн және осындай тiзбенi қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
Банктер және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы бапта белгіленген провизияларды (резервтерді) шегеру және провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстарды айқындау тәртібі, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шегеріміне жатқызылған провизияларға (резервтерге), сондай-ақ провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстарға 2006 жылғы 1 қаңтар мен 2008 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылатыны белгіленсін.».
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.
3-бап 2011 жылғы 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 156-бабының 1-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«8) әскери қызметтік міндеттерін орындауға байланысты әскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты құқық қорғау органы қызметкерінің (кеден органы мен прокуратура органы қызметкерін қоспағанда) табыстары;».
4-бап 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 201-бабының 8-тармағы 14) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«14) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес білім беру ұйымының осындай ұйымның қызметкері болып табылатын не осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғаға қатысты iс жүзiнде мынадай:
тұруға;
медициналық сақтандыруға;
Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда салық салуға жатпайды.».
5-бап 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«5-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі үшін кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайтыны белгіленсін.
Біріктірілген көрсеткішті және ең жоғарғы арақатынас мөлшерін айқындау тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы бап кредит (қарыз), кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мына шарттар сақталған кезде:
кешірілген кредит (қарыз) сомасы мөлшерін және тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептік көрсеткіштен аспаған кезде;
салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілген кезде қолданылады.
Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің (қарыздың) кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті (қарызды) қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.»
6-бап 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-бап. 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жеке тұлғаның табысы ретінде осындай тұлғаға банктік қарыз берілгеннен кейін пайда болған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, оған I немесе II топтардағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған;
қарыз алушы жеке тұлғаның балаларының немесе асырап алған балаларының бірі мүгедек бала деп танылған;
асыраушысынан айырылған, жүктiлiгiне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне орай табысынан айырылған жағдайларда, аталған төлемдерден басқа, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның басқа табысы болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғада және қарыз алушы жеке тұлғамен бірге банк алдында ортақ немесе субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндiрiп алуды қолдануға болатын мүлiктiң, оның iшiнде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстың болмауына байланысты банкке атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшiне енген және оның мүлкiн немесе табыстарын анықтау жөнiнде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесiз болған;
қарыз алушы жеке тұлғаның мүлкiне, оның iшiнде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына банктің борышты өндiрiп алуды қолдануынан және (немесе) өндіріп алуынан бас тарту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
ипотекалық шартты жасасу күніне негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін кепілге салынған мүлік негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сатылған немесе осындай мүлік кредиттің кепілген салынған мүлкі сатылғаннан кейінгі өтелмеген сомаға «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, банктік қарыз бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысы қаралмайды деп белгіленсін.
Осы баптың ережелері:
банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген;
талап ету құқықтарын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген банктік қарыз бойынша міндеттемелерді есептен шығаруға қолданылмайды.».
7-бап 2011 жылғы 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 90-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы;
4) құрылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы Кодекстің 106-бабының 4-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған, бұрын шегірімге жатқызылған провизиялар (резервтер) мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) арасындағы оң айырма сомасы;
5) осы Кодекстің 106-бабының 1 және 1-3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші мынадай тәртіппен есептейтін:
уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған, бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар (резервтер),
минус
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардан (резервтерден) асып кету сомасы танылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін тауарды өткізу бойынша айналымдар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
тауарды өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес келген;
тауар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген;
Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойманың иесі тауарды өзгермеген күйінде өткізген;
Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін күні:
еркін қойма аумағында өндірілген тауарды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін, еркін қойма иесі беретін тауардың бірегей нөмірі (бұдан әрі - тауардың бірегей нөмірі) тауарда көрсетілген;
жүкқұжатын қоса бере отырып, тауарда кеден органының белгісі бар декларация мен оның шығуын растайтын сертификат болған кезде. Бұл ретте декларация мен жүкқұжатта тауардың бірегей нөмірі болады;
еркін қойманың иесі еркін қойманың шегінен тыс осыған ұқсас тауар өндіруді жүзеге асырмаған кезде, қосылған құн салығынан босатылады.
Бұл ретте еркін қойманың иесі:
сатып алушының сәйкестендіру нөмірін, тауардың атауын, тауардың бірегей нөмірін, өткізу күнін көрсете отырып, еркін қойманың аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың есебі бойынша салықтық тіркелімін жүргізеді;
еркін қойманың аумағында өндірілген тауарды өткізу кезінде жазып берілетін шот-фактурада тауардың бірегей нөмірін көрсетеді.
Осы баптың ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 1) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарына сәйкес өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тауарға қатысты қолданылмайды.
9-бап. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы-он жетінші абзацтарын, 26) тармақшасының он төртінші абзацын, 28), 29) тармақшаларын, 32) тармақшасының екінші абзацын, 36) тармақшасының үшінші абзацын, 51) тармақшасының тоғызыншы - он үшінші, он алтыншы - он сегізінші абзацтарын, 52) тармақшасының жиырма алтыншы - отыз алтыншы абзацтарын, 56) тармақшасын, 57) тармақшасының төртінші - бесінші абзацтарын, 58) тармақшасының екінші - үшінші абзацтарын, 60), 90) тармақшаларын, 93) тармақшасының екінші - отыз алтыншы абзацтарын, 102), 105), 106) тармақшаларын, 109) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтарын, 112), 124), 127), 129), 130) тармақшаларын, 5, 6-тармақтарын, 9-тармағының 2), 10) тармақшаларын, 15) тармақшасының үшінші абзацын, 10-тармағының үшінші абзацын, 2-бабын;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 42) тармақшасының екінші абзацын, 135) тармақшасын, 136) тармақшасының алтыншы абзацын, 139) тармақшасын, 140) тармақшасының екінші абзацын, 143) тармақшасының оныншы абзацын, 144) тармақшасының алтыншы абзацын, 146) тармақшасының үшінші абзацын, 147) тармақшасын, 148) тармақшасының үшінші абзацын, 149) тармақшасын, 10-тармағының төртінші абзацын;
3) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағының 111), 115), 117), 118) тармақшаларын, 220) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтарын, 227) тармақшасының екінші абзацын, 9-тармағының 3) тармақшасын, 14) тармақшасының үшінші абзацын;
4) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма төртінші абзацтарын, 27), 33), 39) тармақшаларын, 52) тармақшасының отыз жетінші абзацын, 70) тармақшасының екінші абзацын, 140) тармақшасының үшінші абзацын, 141) тармақшасын, 143) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтарын, 152), 153), 160), 192) тармақшаларын, 220) тармақшасының екінші абзацын, 228) тармақшасын, 9-тармағының 1), 4), 5), 12), 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші - сегізінші абзацтарын, 4, 5, 6-баптарын;
5) 2011 жылғы 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-бабын;
6) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9) тармақшаларын, 3-тармағының 4), 5) тармақшаларын, 7) тармақшасының үшінші - жиырма бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының он үшінші абзацын, 11) тармақшасының үшінші - жиырма төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші - жиырмасыншы абзацтарын, 13) тармақшасының төртінші - он сегізінші абзацтарын, 14) тармақшасының екінші, жетінші - жиырма бірінші абзацтарын, 104), 114), 116), 119), 120), 121), 122), 123) тармақшаларын, 126) тармақшасының бесінші - жиырмасыншы абзацтарын, 128) тармақшасын, 136) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 144) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 158), 162), 163) тармақшаларын, 182) тармақшасының үшінші абзацын, 183), 185), 186), 193) тармақшаларын, 194) тармақшасының алтыншы - он төртінші абзацтарын, 195) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 198), 199), 200) тармақшаларын, 205) тармақшасының үшінші - төртінші абзацтарын, 206) тармақшасын, 208) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 209), 210), 222), 226) тармақшаларын, 227) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтарын, 4-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағының 8), 11) тармақшаларын, 15) тармақшасының екінші абзацын;