7) жетінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.
2. Тарату ісін жүргізуге байланысты, соның ішінде мақта өңдеу ұйымы тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ, таратылатын мақта өңдеу ұйымының негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жүргізіледі.
Мақта өңдеу ұйымын тарату кезеңінде туындайтын салықтық міндеттемелер, олардың туындауына қарай Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
41-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 298-ІІІ ҚРЗ