Құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкорттың мүліктік массасына келіп түскен ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жіберуге жатады. Мұндай ақшаның есебінен әкімшілік шығыстарды өтеуге жол берілмейді.
2. Бiрiншi кезекте өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша; қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.
Бiрiншi кезектегі талаптарды өтеу осы тармақта жазылған кезектілік тәртiбімен жүзеге асырылады.
Өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша кредиторлар талаптарын өтеу үшiн мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда, мүлiк кредиторлар арасында олардың тiзiлiмге енгiзiлген талаптарының сомаларына пропорционал бөлiнедi. Осы бөлiктің ережелерi алименттердi өндiрiп алу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарын өтеу кезiнде қолданылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Екінші кезекте осы Заңның 104-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда кепілді кредиторлардың талаптары, банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің салдарынан туындаған талаптары қанағаттандырылады.
4. Үшінші кезекте салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек өтеледі.
5. Төртінші кезекте азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ кредиторлардың:
1) осы Заңның 104-1-бабы 6-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайда;
2) бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттардан;
3) соттың мәмілені жарамсыз деп тануы және мүлікті банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы шешім қабылдауы нәтижесінде туындаған талаптары қанағаттандырылады.
6. Бесінші кезекте залалдардың орнын толтыру және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) өндіріп алу бойынша, сондай-ақ осы Заңның 102-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес еңбекке ақы төлеу және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптары қанағаттандырылады.
7. Алтыншы кезекте, өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша; қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақыларды төлеу бойынша талаптарды қоспағанда, кредиторлардың осы Заңның 90-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кеш мәлімделген талаптары қанағаттандырылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды
100-1-бап. Әкімшілік шығыстарды төлеу тәртібі
1. Банкорттықты басқарушы ай сайын кредиторлар комитетіне есепті ай үшін төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың сомасын көрсете отырып, жұмыс нәтижелері туралы есепті ұсынады.
2. Кредиторлар комитеті осы баптың 1-тармағында көзделген есепті көрсетілген шығыстардың негізділігі тұрғысынан қарайды және төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың сомасын бекіту туралы шешім қабылдайды.
3. Кредиторлар комитеттерінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеуге жол берілмейді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 101-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары
1. Әрбір кезектің талаптары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
2. Банкроттықты басқарушы сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлікті осы Заңның 100-бабында белгіленген кезектілікті сақтай отырып, заттай беруді ұсынуға міндетті.
Салықтар және кедендік төлемдер бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кредитордан басқа, кредитор мүлiктi банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде оны талапты өтеу есебiне заттай қабылдау туралы өзiнiң жазбаша келiсiмiн (келiспейтiнiн) бiлдiруге тиiс. Кредитордың жазбаша келiсiмді белгiленген мерзiмде ұсынбауы мүлiктi заттай қабылдаудан бас тартуы деп танылады.
Кредитордың мүлікті заттай қабылдауы мүмкін болмаған немесе кредитор қабылдаудан бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы осындай мүлікті келесі кезектің кредиторларына беруді ұсынуға міндетті.
3. Егер талаптарды есепке жатқызу кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық болып табылса, кредиторлар комитетінің шешімі бойынша банкроттықты басқарушы оның қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы мәлімдеуге міндетті. Есепке жатқызуға ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана жол беріледі.
4. Бірінші кезек кредиторларының осы Заңның 90-бабы 3-тармағыныңбірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін, бірақ барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғанға дейін мәлімделген талаптары бірінші кезек құрамында кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және мүліктік масса есебінен қанағаттандыруға жатады. Мұндай талаптар тізілімге енгізілгенге дейін кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады.
Бірінші кезек кредиторларының барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін, бірақ тарату балансы бекітілгенге дейін мәлімделген талаптары кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған банкрот мүлкінен қанағаттандырылады.
5. Кредиторлардың банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптары екінші кезек құрамына енгізілген, олардың алдындағы берешек банкроттық рәсімі қозғалғанға дейін туындаған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін өтеледі.
6. Кредиторлардың банкрот мүлкінің жеткіліксіздігінен қанағаттандырылмаған талаптары өтелді деп есептеледі.
Көрсетілген сомаларды кредитор соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы негізінде дебиторлық берешектен шығаруға тиіс.
Осы тармақтың ережелері:
1) кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе үшінші тұлғалардың кепілімен қамтамасыз етілген талаптарға;
2) осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
102-бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
1. Борышкер өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа ол жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл ішінде төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді (борышкер банкрот деп танылған күнгі мөлшерде) капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жастан асқан жағдайда, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес айқындалатын соманың төленуі банкроттың тиісті міндеттемесін тоқтатады.
3. Бірінші кезектегі кредиторлардың банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылмай қалған, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Еңбекке ақы төлеу және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарының сомасын айқындау кезінде бірінші кезек құрамында, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу қозғалған күнге түзілген берешек ескеріледі.
5. Өздерімен еңбек қатынастары бiр жылдан басталатын банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезең iшiнде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi бiр жылдың алдындағы күнтiзбелiк он екi айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен бірiншi кезек құрамында ескерiледi. Талаптардың қалған сомалары бесінші кезек құрамында ескерiледi.
6. Қызметкердiң жалақысын көтеру нәтижесiнде пайда болған, бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезеңде есептелген еңбекақы және өтемақы төлеу жөнiндегi кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi.
103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кепілді кредитор талабының сомасын айқындау кезінде кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кепілді кредитордың талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, кепіл нысанасын өткізуден түскен ақша, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын кредиторлар арасында олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде бөлінеді.
3. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
104-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 104-1-баппен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 104-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
104-1-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыру
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уақытша басқарушы уәкілетті органға кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын қабылдау туралы ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
Уәкілетті орган ақпараттық хабарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Банкроттықты басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кредиторлардың бірінші жиналысы таңдаған бағалау шының кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуін қамтамасыз етеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Банкроттықты басқарушы кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды кепілді кредиторға осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді кредитордың өтеуіне жататын соманы көрсете отырып, кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсынысы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жібереді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушыларды кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы банкроттықты басқарушының келіп түскен ұсынысы туралы хабардар етуге міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы баптың 2-тармағында көрсетілген ұсынысты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісімін немесе одан бас тартуын жазбаша түрде білдіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің келісіміне синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімі қоса беріледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кепілді кредитор кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келіскен жағдайда банкроттық басқарушыға кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей оны қабылдағанға дейін кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезектегі құрамына енгізілген, еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлар талаптарын өтеу үшін борышкердің өзге мүлкі болмаған жағдайда, көрсетілген талаптарды өтеуге міндетті.
Еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлар талаптары республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген, үш айдан аспайтын кезең үшін жалақының ең төмен мөлшері шегінде, бірақ кепілге салынған мүліктің бағалау құнының он бес пайызынан аспайтын мөлшерде қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісім білдірген жағдайда, кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезегінің құрамына енгізілген кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын кредиторлар синдикатына қатысушылар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде осындай мүлік заттай қабылданғанға дейін өздерінің синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде өтуге тиіс.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Банкроттықты басқарушы осы баптың 4-тармағында айқындалған әкімшілік шығыстар, сондай-ақ кредиторлар талаптары өтелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілге салынған мүлікті кепілді кредиторға оның талаптарын қанағаттандыру есебіне береді.
Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, мұндай мүлік кредиторлар синдикатына қатысушыларға олардың синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде үлестік меншікке беріледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егер осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтелген кредиторлар талаптарын шегергенде кепілге салынған мүліктің бағалау құны:
кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен көп болса - кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент айырманы кепілге салынған мүлік өзіне берілген күннен бастап бір ай ішінде банкроттың мүліктік массасына береді;
кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен аз болса - кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.
7. Кепілді кредитордың талаптарын қанағаттандыру:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент банкроттықты басқарушының ұсынысына осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған;
3) осы баптың 4-тармағында айқындалған әкімшілік шығыстар мен кредиторлар талаптары толық көлемде өтелмеген жағдайларда, осы Заңның 103-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент банкроттықты басқарушыға банкроттың кепілге салынған мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
9. Осы бапта белгіленген тәртіп талаптары банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған кредиторларға қолданылмайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 105-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
Үшінші кезек құрамына енгізілетін талаптар сомасын айқындау кезінде банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күнге түзілген салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек ескеріледі.
Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарын өтеу үшін мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мүлік өздерінің арасында тізілімге енгізілген талаптарының сомасына пропорционал бөлінеді.
106-бап. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Төртінші кезектегі талаптардың құрамына енгізілетін талаптар сомасын айқындау кезінде азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлар талаптары, сондай-ақ:
1) осы Заңның 104-1-бабы 6-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайда;
2) бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттардан туындаған кредиторлар талаптары ескеріледі.
2. Мүлік жеткіліксіз болған кезде ол төртінші кезектегі кредиторлардың арасында олардың қанағаттандырылуға жататын талаптарының сомасына пропорционалды түрде бөлінеді.
107-бап. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
Мүлік жеткіліксіз болған кезде кредиторлардың залалдардың орнын толтыру және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) өндiрiп алу бойынша талаптары, сондай-ақ кредиторлардың осы Заңның 102-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптары олардың тізілімге енгізілген талаптарының сомасына пропорционалды түрде қанағаттандырылуға жатады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 107-1-баппен толықтырылды
107-1-бап. Алтыншы кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
Мүлік жеткіліксіз болған кезде осы Заңның 100-бабының 7-тармағында көрсетілген кредиторлар талаптары олардың тізілімге енгізілген талаптарының сомасына пропорционал қанағаттандыруға жатады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 108-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108-бап. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік
1. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшаны банкроттықты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе банкроттың құрылтай құжаттарына сәйкес дара кәсіпкерге, банкрот - заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына) береді.
2. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған, сондай-ақ талаптарды қанағаттандыру есебіне кредитор немесе әкімшілік шығыстардың орнын толтыру есебіне әкімші қабылдамаған банкроттың заттай мүлкі, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерге, банкрот - заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 109-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
109-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде өзгеше көзделмесе, кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот - заңды тұлғаның міндеттемелері тоқтатылады.
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот - дара кәсіпкердің міндеттемелері, сондай-ақ оның кредиторларының кәсіпкерлік қызметке байланысты емес міндеттемелер бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен қойылған талаптары тоқтатылады. Аталған кредиторлардың осындай тәртіппен мәлімдемеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшін сақтайды және банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін борышкерге жеке тұлға ретінде өндіріп алу үшін қойылуы мүмкін. Бұл талаптардың мөлшері борышкердің банкроттығы процесінде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банкроттың кредиторлар алдындағы банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша орындалмай қалған міндеттемелері өзіне қатысты соттың осындай кредиторлар талаптарының сомасын осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде субсидиарлық тәртіппен өндіріп алу туралы шешімі заңды күшіне енген тұлғаның орындауына жатады.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 110-бап жаңа редакцияда
110-бап. Банкроттықты басқарушының қорытынды есебі
1. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа тарату балансын және кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiкті пайдалану туралы есептi қоса бере отырып, өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.
Банкроттың кәсіпорны сатылған жағдайда, тарату балансы қоса берілмейді.
2. Өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға сотта банкроттықты басқарушының қорытынды есебі қаралған кезде, егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) борышкер мүлкінің жоқ екені;
2) борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екені;