3. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп айқындалған және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар деп таныған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде өтпеді деп есептеледі:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы;
3) конкурсқа қатысуға бір де бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілмеуі;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілуі;
5) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық баға ұсыныстарының болмауы;
6) конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысын ұсынуы;
7) осы Заңның 26-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысының бағалануға және салыстыруға жатқызылуы;
8) конкурс жеңімпазының мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы.
17-бап. Конкурстық құжаттама
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондык нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.
2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктер қамтылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;
3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;
9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;
11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданыс мерзімі;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірулер сұрата алатын тәсілдер;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;
17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;
18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;
19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:
1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
1) әлеуетті өнім берушіде:
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;
ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;
2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
7. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыратын жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді; 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Конкурстық құжаттаманы ұсыну
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекітілген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау арқылы мүдделі тұлғаларға конкурстық құжаттаманы ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдірген тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
1. Осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен өтініш жасауға кұқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартылуға тиіс.
21-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім
1. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағандығы туралы;
2) өзінің және тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі туралы растауды қамтуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуға тиісті мәліметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім ұсыну
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оны ұсынудың конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткенге дейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.
2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданыс мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданыс мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді мұндай өтінімнің қолданыс мерзімі өткеннен кейін қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
23-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді:
1) өзін конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде беретінінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтынының;
2) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының;
3) конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы және тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.
2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бір бөлігіне талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қонкурсқа қатысушы деп танылған, осы Заңның 26-1-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаған не кері қайтарып алған;
2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады: