ТЖС жүйесi ҚХБОТЖ операторына тұтастай алғанда бiрыңғай басқаруы мен аппаратураны бақылауын қамтамасыз ететiн ТЖС жүйесiн басқару жүйесiне ие болуы тиiс.
Синхрондау жүйесiне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген.
14. ҚХБОТЖ негiзгi ұйымдық-техникалық талаптарына мыналар жатады:
1) бiр буындағы жүйеден басқасына ауысқанда қамтамасыз етiлуi тиiс ҚХБОТЖ құрамындағы түрлi жүйелер мен желiлер (қызметтер) көрсететiн қызмет көрсету жиынтығының сабақтастығы;
2) жүйелер мен желілердiң технологиялық үйлесуi, мыналарды қоса алғанда:
түрлi жүйелер үшін ақпаратты таратудың нақты және хаттамалық деңгейлерiнiң келісімдiлігі - түрлi өндiрушiлер жабдықтарының аппараттық үйлесуi, стандарттар сәйкестiгi, қажетті түрлендiргiштердiң болуы және басқалар;
желiлiк ресурстардың белгiлi бiр бөлігіне кепiлдi қатынауды қоса алғанда, байланыстың қажетті сенiмдiлiгi мен сапасын бiрiгіп қамтамасыз ету;
3) адрестеу және басқару бойынша келісімдiлiк;
4) ұйымдық-техникалық шешiмдердiң келісімдiлігі.
15. Көлiктiк ҚХБОТЖ көлiктiк желiлерiн тұрғызу кезiнде мынадай үлгілік желілiк (басқа да желілік архитектураны пайдалануға рұқсат етіледi) қолданылуы мүмкiн:
көлiктік ҚХБОТЖ құрылымының негізгi басты нүктелерi желілiк торап (ЖТ) пен желілiк станция (ЖС) болып табылады. Бастапқы желiдегi атқаратын функциясына қарай екi түрдегi тораптар ұйымдастырылады: желiлiк ауыстырып қосу тораптары (ЖАТ) және желілiк бөлектелген тораптар (ЖБТ).
Тарату желісінiң желілiк станциялары (пункттерi) байланыс жабдықтары орнатылатын мамандандырылған үй-жайларды (ғимараттар, контейнерлер және басқалары) білдiредi.
Желілiк станциялар (пункттер) мыналарға жiктеледi:
пайдаланылатын аппаратура түрi бойынша - регенерациялық, ретрансляциялық, күшейткiш;
электр қуатын беру тәсілi бойынша - қоректендiретiн, қоректендiрiлетiн, жергілiкті қоректендiрумен;
мақсаты бойынша - шеткi, қайта қабылдайтын, аралық;
қызмет көрсету тәсілi бойынша - қызмет көрсетiлетiн, жартылай қызмет көрсетiлетiн, қызмет көрсетiлмейтiн.
ЖТ және ЖС бiрыңғай ұйымдық-техникалық кешендi құруы мүмкiн.
16. ЖАТ мына функцияларды орындауы тиiс:
1) үлгілік тарату арналары мен желілiк трактілердi ұйымдастыру;
2) үлгілік арналар мен желілiк трактілердi ауыстырып қосуды ұйымдастыру;
3) үлгілiк тарату арналары мен желілік трактілердi желiнi басқару процесінде (желiнi қалыптастыру және резервтеу кезiнде) туынды желiлер мен басқа тұтынушыларға ұсыну;
4) ЖТ аппаратурасын, тарату желісін, тораптық және желiлiк трактілер (TT, ЖТ) мен тарату арналарын жедел-техникалық бақылау және қызмет көрсету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес аналогтық және цифрлық арналардың тоғысуын қамтамасыз етедi.
ЖАТ кабельдiк, радиорелелiк және жерсерiктiк тарату желiлерi бойынша ұйымдастырылған басқа ЖТ-ларға географиялық таратылған шығуға ие болуы мүмкiн. ЖАТ-та тарату жүйелерi не шеткi, не аралық (регенерациялық) станциялардың аппаратураларына ие болуы мүмкiн.
17. ЖБТ мына функцияларды орындауы тиiс:
1) үлгілік тарату арналары мен желiлiк трактiлердi ұйымдастыру;
2) үлгілiк тарату арналары мен желілiк трактiлердi туынды желілер мен басқа тұтынушыларға ұсыну;
3) ЖТ аппаратурасын, тарату желісін, тораптық және желiлiк трактiлер (TT, ЖТ) мен тарату арналарын жедел-техникалық бақылау және оларға қызмет көрсету;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес аналогтық және цифрлық арналардың тоғысуын қамтамасыз ету.
ЖБТ кабельдiк тарату желiлерi бойынша ұйымдастырылған басқа ЖТ-ға екi шығуға ие болуы керек.
ЖБТ-ға шеткi аппаратурамен аяқталатын екi тарату желісі не бiр тарату желісі сәйкес келуi тиiс.
18. Басқа елдердiң ОПТЖ-мен халықаралық қосылыстарды ұйымдастыру үшiн ҚХБОТЖ және ХаБОТЖ көлiктiк желiлерiнде «шекаралас» желiлiк тораптар (ШЖТ) белгіленуi тиiс, олар кем дегенде үш тарату (екеуi өз желісінiң бағытымен және бipeуi басқа елдiң желісінiң бағытында) шығуына (үш бағыт) ие болуы тиiс.
ШЖT-дағы тарату желiлерi халықаралық қосылысты ұйымдастыру үшiн басқару жүйесiнiң командалары бойынша желiдегi қажеттi ауыстырып қосуды қамтамасыз ету үшiн тарату желісінiң шеткi аппаратурасымен аяқталуы тиiс. ШЖT мына функцияларды орындауы тиiс:
1) халықаралық қосылыстарды құрайтын үлгілік тарату арналары мен желілiк трактілердi ұйымдастыру;
2) үлгілік тарату арналары мен желілiк трактiлердi желiнi басқару процесiнде (халықаралық қосылыстарды қалыптастыру және резервтеу) ауыстырып қосуды ұйымдастыру;
3) халықаралық қосылыстарды құрайтын үлгілiк тарату арналары мен желілiк трактілердiң транзитiн ұйымдастыру;
4) осы ШЖT-да ұйымдастырылған ЖТ аппаратурасын, тарату желiлерiн, тораптық және желілiк трактiлердi жедел-техникалық бақылау және оларға қызмет көрсету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес аналогтық және цифрлық арналардың тоғысуын қамтамасыз ету.
19. Көлiктiк ҚХБОТЖ желiлерiнде пайдаланылатын тарату жүйесiнiң жабдықтары мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
1) тарату жүйесi сыйымдылығының сандық және сапалық өсуi, сыйымдылықты түрлі пайдаланушылардың жедел қосылуы үшiн тез өсiру мүмкiндігі;
2) жалпы сигнал берудi (ЖСБ № 7) пайдалану мүмкiндiгi.
20. Бастапқы желiге енгiзiлетiн синхрондық цифрлық иерархия (СЦИ-SDН) құралдарының техникалық сипаттамалары, мыналардың өзара iс-қимылын қамтамасыз етуi тиiс:
1) түрлi өндiруші фирмалар жабдықтарының СЦИ аппаратуралары;
2) өзара бiр-бiрiмен түрлi операторлардың желiлерiн, жабдықталған СП СЦИ, ҚР ОПТЖ бастапқы желісін қоса алғанда;
3) ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ басқа мемлекеттердiң телекоммуникация желiлерi.
21. ҚХБОТЖ ТЖ СЦИ тарату желілерiнің аппаратурасы өзiне тарату желісінiң жай-күйiн автоматтандырылған бақылау құрылғысын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тиiстi ауыстырып қосу құрылғыларын қамтуы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес автоматтандырылған техникалық пайдалану жүйесiмен iлесуi тиiс.
22. ҚХБОТЖ тарату жүйесiнiң аппаратурасы байланыс аппаратурасына қойылатын, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережелерiн, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасының ережелерiн, арнайы әсер ету бойынша климаттық және механикалық талаптарды қоса алғанда, көпшiлiк қабылдаған талаптарға жауап беруi тиiс.
23. ҚХБОТЖ АХТС және ХКО коммутация жүйесiнiң жабдықтары электронды цифрлық жүйеде болуы тиiс және мыналарды:
1) басымды шақыруларға артықшылықты қызмет көрсетудi;
2) айналмалы желiлерде қосылыстарды орнатуды;
3) жедел басқаруды енгізудi;
4) жүктеме ағындарын басқаруды енгізудi;
5) статистика деректерiн басқару орталығына шығару мүмкiндігін;
6) деректердi өзара есеп айырысуларды жүргiзу үшiн шығару мүмкiндігін;
7) түрлi пайдаланушыларды жедел қосу үшiн коммутациялық алаңның сыйымдылығын арттыру мүмкiндiгiн;
8) регламенттейтiн құжаттардың талаптарына сәйкес нөмiрдегi таңба санын талдау мүмкiндiгiн;
9) толық қол жетiмдi желi будасын (ЖҚ) құруды;
10) түрлi сигнал беру жүйелерiн пайдалануды, оның iшiнде жалпы сигнал беру арналарын (ЖСА № 7);
11) пайдаланушыларға қосымша қызметтер көрсету мүмкiндiк қамтамасыз етуi тиiс.
24. Коммутация жүйесiнiң жабдықтары қосылыстардың мынадай түрлерiне:
1) кіру және шығу желiлерi мен арналарының арасындағы транзиттік байланысқа;
2) автоматты шығу мен кіру және жергілiкті жартылай автоматты (ОПТЖ-ға шығу), байланыстың осы түрiн жүзеге асыруға құқығы бар абоненттер үшiн қалааралық және халықаралық байланысқа;
3) жартылай тұрақты коммутацияға қызмет көрсетудi қамтамасыз етулерi керек.
25. Коммутация жүйелерінің цифрлық жабдықтары талап етiлетiн қызмет көрсету сапасы мен қызмет ету сипаттамалары көрсеткiштерiн:
қосылысты орнату уақытын;
абоненттен абонентке дейiн қосылысты орнату кезiндегі (шақырылатын абоненттiң бос еместігін ескермей) ысырапты;
қате; өткiзгіштiк қабiлет, өнiмдiлiктi коэффициентiн қамтамасыз етулерi тиiс.
Коммутация жүйелерiнiң цифрлық жабдықтарын бағдарламалық қамтамасыз ету модульдік-иерархиялық қағидат бойынша құрылуы тиiс.
26. ҚХБОТЖ коммутация жүйелерiнiң жабдықтары жедел-iздестiру iс-шараларын (ЖІШҚ) қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық және аппараттық құралдарға ие болуы тиiс.
ҚХБОТЖ коммутация жүйелерiнiң жабдықтарының бағдарламалық және аппараттық құралдары қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi қажет.
27. Цифрлық коммутация жүйелерiнде станцияға (операторларға) қызмет көрсететiн қызметкерге станциялармен өзара iс-қимыл жасауға мүмкiндiк беретiн пайдалану және техникалық қызмет көрсетудiң шағын жүйелері болуы тиiс. Пайдалану функциялары коммутация жүйелерiнiң қалыпты жұмыс iстеу жағдайларына есептелуi тиiс. Бұл функциялар:
1) қосылыстың ұзақтығын есептеудi;
2) трафиктi бағыттауды;
3) жұмыс iстеу жүктемесi мен сапасын өлшеудi;
4) түкпiрдегi қондырғыларды жүйелеудi;
5) станцияны басқаруды қамтамасыз етуi тиiс.
28. Коммутация жабдықтары станцияның мәжбүрлі иерархиялық синхрондау тәсiлiн қолданатын синхронды цифрлық желiдегі жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. Коммутация жабдықтарында мынадай синхрондау қондырғылары болуы тиiс:
1) ИКМ шығу қосылысы арқылы синхрондау;
2) сыртқы эталондық сигналдан синхрондау.
29. Желiнiң жоғары деңгейiнде қолданылатын коммутация жабдықтары ХЭО-Т ұсынымдарының талаптарына сәйкес келетiн бастапқы эталондық генераторға (БЭГ) қосылуы тиiс.
30. Сигнал беру және синхрондау жүйелерінiң техникалық параметрлерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
31. ҚХБОТЖ операторларының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
32. ҚХБОТЖ-ды дамыту мына қағидаларға:
1) желiнiң сандық және сапалық өсуi;
2) көлiктік телекоммуникация желiлерi мен АХТС және XКO коммутация жүйелерiн дамытудағы теңсiздiктердi жоюға (елдiң экономикалық өңiрлерi бойынша);
3) түрлi пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтердiң номенклатурасын кеңейтуге;
4) көлiктiк телекоммуникация желiлерi мен XКO және АХТС коммутация жабдықтарын толықтай цифрландыруға;
5) желiнi басқару мен оған қызмет көрсетудi оңтайлы жоспарлау, автоматтандыру әдiстерiн енгізуге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
33. ҚХБОТЖ барлық тұтынушылардың телекоммуникациялық қызметтерiмен толық, жедел және сенiмдi қанағаттандыру үшін қажеттi түрлi хабарлама түрлерінің ұлғайған ағындарын таратуды қамтамасыз етудi ескерiп дамуы тиiс. Желiнi дамыту ҚХБОТЖ құрамындағы барлық құрамдастың тең түрде даму қағидаттарымен жүзеге асуы тиiс.
34. ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ дамыту сымдық құралдарды да (негiзiнен оптикалық кабельдер бойынша), сондай-ақ радиоқұралдарды, оның iшiнде контейнерлiк орындауда, оларды төтенше жағдайдағы аудандарға жiберу мүмкiндiгiмен кешендi пайдалану негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
35. ҚХБОТЖ құрамында жаңа көлiктiк телекоммуникация желілерiнiң тарату арналары мен трактiлерiн ұйымдастыру үшiн тарату жүйелерiнiң қазiргi заманғы жабдықтарын - SDH, ATM және басқа цифрлық технологиялар қолданылуы тиiс.
36. ҚХБОТЖ құрылысын салу, қайта жаңарту және пайдалану Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы ережелер мен техникалық нормалар бойынша жүргiзiлуi тиiс.
37. Бастапқы желiнiң сапалық көрсеткiштерiне қойылатын талаптар:
1) цифрлық бастапқы желiнiң цифрлық арналары мен топтық трактілерiнiң электрлiк тоғысуы қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс, ал бастапқы цифрлық желi арқылы n-64 кбит/с түріндегі сигналды таратқан кезде нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс;
2) SDH цифрлық топтық трактілердiң оптикалық тоғысуы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс;
3) цифрлық арналар мен топтық трактілердiң сапалық көрсеткіштерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес мынадай нормаларға:
негiзгi цифрлық арна үшiн қате көрсеткiштерi бойынша;
басқа цифрлық арналар мен топтық трактiлер үшiн қате көрсеткiштерi бойынша;
фазалық дiрiл бойынша жауап беруi тиiс.
Цифрлық РРЖ (тiкелей көрiнетiн) негізiнде ұйымдастырылған арналар мен трактілердiң сапалық көрсеткiштерi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) цифрлық желi тактілік жиiлiк бойынша синхрондануы тиiс цифрлық желiлерi объектілерінің тактілік желілік синхрондау жүйесiнiң тоғысуы Қазақстан Республикасының нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс;
5) аналогтық тарату жүйелерінде ұйымдастырылған тарату арналары мен топтық трактiлердiң электрлiк параметрлерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс;
6) ЦТЖ-да ұйымдастырылған тарату арналары мен ЦТЖ мен АТЖ ұйымдастырылған тарату арналарынан тұратын аралас арналардың электрлiк параметрлерiне арналған нормалар байланыс саласындағы уәкiлетті орган бекiткен нормативтiк техникалық кесiмдерге сәйкес келуi тиiс.