1) 7-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
72. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi мен өзге де мемлекеттiк органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.».
73. «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат):
9-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы алып тасталсын.
74. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат):
1) 6-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
75. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
5-баптың 5) және 11) тармақшалары алып тасталсын.
76. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
5-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 13-і.
№ 159-V