3. О санаты - тіркемелер (жартылай тіркемелерді қоса алғанда) | |
1) О1 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне, мотоциклдерге, мотороллерлерге және квадрициклдерге тіркемелер немесе жартылай тіркемелер): ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан аспайтын тіркемелер; | 8716 |
2) О2 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне тіркемелер немесе жартылай тіркемелер): ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан асатын, бірақ 3,5 тоннадан аспайтын тіркемелер; | 8716 |
3) О3 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне тіркемелер немесе жартылай тіркемелер): ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 10 тоннадан аспайтын тіркемелер; | 8716 |
4) О4 санаты (жүк автомобильдеріне тіркемелер немесе жартылай тіркемелер): ең жоғары салмағы 10 тоннадан асатын тіркемелер; | 8716 |
5) сонымен қатар О2, О3 және О4 санатындағы тіркемелер мынадай үш типтің біріне жатады: «жартылай тіркеме» - осі көлік құралының ауырлық ортасының артында (тең жүктеме жағдайында) орналасқан және көлденең және тік жүктемені сүйреуішке беруге мүмкіндік беретін біріктіру құрылғысымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлік құралы. Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін; | |
«толық тіркеме» - кемінде екі осі бар және тігінен қозғала алатын (тіркемеге қатысты) және алдыңғы осьтің (осьтердің) бұрылуына қызмет ете алатын, бірақ сүйреуішке қандай да бір елеулі статикалық жүктеме бермейтін, сүйреп тартатын құрылғымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлік құралы. Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін; «орталықта орналасқан осі бар тіркеме» - тігінен қозғала алмайтын (тіркемеге қатысты) және осі (осьтері) сүйреуіш тіркеменің ең жоғары салмағына сәйкес келетін көлемінің 10 % аспайтын немесе 1000 даН (көлемдердің қайсысы кіші екеніне қарай) елеусіз статикалық тік жүктеме берілетіндей етіп көлік құралының ауырлық ортасына (тең жүктеме жағдайында) орналасқан сүйреп тарту құрылғысымен жабдықталған көлік құралы. Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін. Ескертпе Орталықта орналасқан осі бар жартылай тіркемеге немесе тіркемеге қатысты тіркемені жіктеу кезінде есепке алынуы тиіс салмақ сүйреуішпен бар орталықта орналасқан осі бар сүйреуішке тіркелген барынша тиелген жартылай тіркеменің немесе тіркеменің осі немесе осьтерінің жерге берілетін статикалық тік жүктемесі болып табылады. | |
4. Ерекше мақсаттағы көлік құралы: жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға арналған, сондай-ақ ерекше функцияларды орындауға арналған, ерекше шанақты және/немесе жабдықты қажет ететін М, N немесе О санатындағы көлік құралы. 1) автомобиль - үй: М1 санатындағы ерекше мақсаттағы, конструкциясында тұрғын кеңістік бар көлік құралы, онда мынадай жабдықтар бар: Орындықтар және үстел; орындықтардан жасалатын ұйықтайтын орындар; ас үй жабдығы және қойма жайлары. Бұл жабдық тұрғын бөлікке қатты бекітілуі тиіс; сонымен қатар үстелде алмалы-салмалы конструкция болуы мүмкін; 2) бронды көлік құралы: тасымалданатын жолаушыларды және/немесе жүктерді қорғауға арналған және оқ өтпейтін бронды қаптамамен жарақталған көлік құралы; 3) медициналық көмек көлік құралы: ауру немесе жараланған адамдарды тасымалдауға арналған және осы үшін ерекше жабдықпен жарақталған М санатындағы автокөлік құралы; 4) катафлак: өлгендерді тасымалдауға арналған және осы үшін ерекше жабдықпен жарақталған автокөлік құралы. | |
5. G санаты - жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары деп осы тармақтың талаптарына және 5) тармақшаға сәйкес тексеру шарттарына жауап беретін М және N санаттарындағы көлік құралдары есептеледі; | |
2) ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын № санатындағы көлік құралдарында, сондай-ақ М1 санатындағы көлік құралдарында егер: бір осьті жетегі сөніп қалуы мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, конструкциясы бір уақытта олардың жетегін қамтамасыз ететін ең болмағанда бір алдыңғы және бір артқы осі; ең болмағанда бір дифференциалды блоктау тетігі немесе осыған ұқсас әрекеттегі бір тетігі болса және егер олар бір көлік құралына есептелген 30% өрден өте алса, олар жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары болып есептеледі. Сонымен қатар олар төменде келтірілген алты талаптың ең болмағанда бесеуіне жауап беруі тиіс: кіру бұрышы 25о кем болмауы тиіс; түсу бұрышы 20о кем болмауы тиіс; көтеру бұрышы 20о кем болмауы тиіс; алдыңғы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 180 мм кем болмауы тиіс; артқы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 180 мм кем болмауы тиіс; осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 200 мм кем болмауы тиіс; | |
3) бір оське жетек сөндірілуі мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, егер конструкциялары барлық дөңгелектерге бір уақытта жетекті қамтамасыз етсе, ең жоғары салмағы 2 тоннадан асатын N1 санатындағы көлік құралдары немесе ең жоғары салмағы 12 тоннадан аспайтын N2, М2 немесе М3 санатындағы көлік құралдары жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары деп есептеледі, не болмаса мынадай үш талап сақталса: бір оське жетек сөндірілуі мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, ең болмағанда бір алдыңғы және бір артқы осьтерін бір уақытта жетек бар; | |
ең болмағанда дифференциалды блоктаудың бір тетігі немесе осындай әрекеттегі бір тетігі болса, - олар жеке көлік құралына есептелген 25% өрден өте алады. | |
4) егер ең жоғары салмағы 12 тоннадан асатын М3 санатының көлік құралдарында немесе N3 санатының көлік құралдарында бір осьтегі жетек сөніп қалуы мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, егер оларда барлық дөңгелекке жетек бір уақытта болса, не болмаса мына талаптар сақталатын болса: кемінде дифференциалды блоктаудың бір тетігі немесе осыған ұқсас әрекеттің бір тетігі болса; жеке көлік құралы үшін есептелген 25% өрден өте алса; мына алты талаптың кем дегенде төртеуі сақталса, олар жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары болып табылады: кіру бұрышы 25о кем болмауы тиіс; түсу бұрышы 20о кем болмауы тиіс; көтеру бұрышы 20о кем болмауы тиіс; алдыңғы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 250 мм кем болмауы тиіс; осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 300 мм кем болмауы тиіс; артқы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 250 мм кем болмауы тиіс; | |
5) тексеру жүктемесі және шарттары: | |
ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын N1 санатындағы көлік құралдары және М1 санатындағы көлік құралдары жарақталған күйде болуы тиіс, яғни салқындатқыш сұйықтықпен, майлайтын маймен, отынмен, құрал-жабдықтармен және қосалқы дөңгелекпен жарақталған, бұл ретте жүргізушінің ең жоғары салмағы 75 кг тең деп есептеледі. | |
Алдыңғы абзацта көрсетілмеген механикалық көлік құралы дайындаушы зауыт белгілеген техникалық рұқсат етілетін ең жоғары салмаққа дейін жүк тиелген болуы тиіс. | |
Қажет етілетін өрден (25 % және 35%) өту қабілеті қарапайым есептеу арқылы тексеріледі. Алайда ерекше жағдайларда техникалық қызметтер шынайы сынақ жүргізу үшін тиісті типтеп көлік құралын әкелуді талап ете алады. | |
Алдыңғы және артқы асылмасының бұрыштарын, сондай-ақ көтеру бұрышын өлшеу кезінде қорғау құрылғылары ескерілмейді. | |
Алдыңғы және артқы асылманың бұрыштарына қатысты анықтамалар мен сызбалар, өр және жол жарығы бұрыштары | |
«Кіру бұрышы» - ІSO 612: 1978 стандарты, № 6.10. ережені қараңыз. | |
«Түсу бұрышы» - ІSO 612: 1978 стандарты, № 6.11. ережені қараңыз. | |
«Көтерілу бұрышы» - ІSO 612: 1978 стандарты, № 6.9. ережені қараңыз. | |
«Осьтер арасындағы жол жарығы» деп жер мен көлік құралының төменгі қозғалмайтын нүктесінің арасындағы ең жақын қашықтық түсініледі. Көп осьті арбалар бір осьті ретінде қарастырылады. | |
«Бір осьтің астындағы жол жарығы» деп бір осьтегі дөңгелектердің (қосарланған шина болған жағдайда ішкі дөңгелектердің) протекторы ізінің ортасы арқылы өтетін және дөңгелектер арасындағы көлік құралының қозғалмайтын төменгі нүктесіне тиетін шеңбер доғасының жоғарғы нүктесінен төмен бағыттағы қашықтығы түсініледі. Көлік құралының бірде бір қатты бөлігі сызбада сызылған бөлікке ене алмайды. Қажет болған жағдайда бірнеше осьтерге арналған жол жарығы олардың орналасу кезегі бойынша көрсетіледі, мысалы 280/250/250. | |
| |
Құрамдастырылған белгілер М және N шартты белгілері G белгісімен үйлестірілуі мүмкін. Мысалы жолсызбен қозғалуға жарамды N1 санатындағы көлік құралы N1 G деп белгіленуі мүмкін. | |
6. Шанақ типінің анықтамасы (құрамдастырылған көлік құралдары үшін ғана) Шанақтың типі мынадай модификацияның көмегімен көрсетілуі мүмкін: | |
1) жеңіл автомобильдер (М1) АА Седан: ISO: 3833:1977, № 3.1.1 ережелері, бірақ бүйір терезелері төртеуден артық көлік құралдарын қоса алғанда. АВ Хетчбек: жоғары ашылатын артқы есігі бар Седан (АА). АС Универсал (жүк-жолаушы шанақты): ISO 3833:1997 стандарты, № 3.1.1.4 ереже АD Купе: ISO 3833:1997 стандарты, № 3.1.1.5 ереже АЕ Кабриолет: ISO 3833:1997 стандарты, № 3.1.1.4.6 ереже АF Көпмақсатты көлік құралы: АА-АС кодификациясында көрсетілмеген және бір бөлімде жолаушыларды және олардың багаждарын немесе жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Алайда мұндай көлік құралы төмендегі екі талапқа сәйкес келсе, М1 санатындағы көлік құралы деп есептелмейді; Жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған орындар алтаудан аспаса, егер көлік құралы орындықтарға арналған «қол жетімді» бекітулермен жабдықталса, «отыруға арналған орын» бар деп есептеледі, «қол жетімді» деп пайдаланылуы мүмкін бекітулер түсініледі. Бекітулер «қол жетімді» болмауы үшін, дайындаушы зауыт олардың пайдаланылуына физикалық кедергі келтіруі тиіс, мысалы оларға түйісу бастырмаларын дәнекерлеу арқылы немесе | |
әдеттегі құрал-жабдықтардың көмегімен алынуы мүмкін емес осындай қозғалмайтын бекітілген бөлшектер орнату арқылы, және Р-(М + N x 68)> N х 68, Мұнда: Р - техникалық жағынан рұқсат етілетін ең жоғары жүкті салмағы, кг; М - жарақталған күйдегі салмағы, кг № - жүргізушінің орнын қоспағанда отыруға арналған орындар саны; | |
2) Ерекше мақсаттағы көлік құралдары (М1) SА Автомобиль-үй: 4-тармақ, 1) тармақшаны қараңыз. SВ Бронды көлік құралы: 4-тармақ, 2) тармақшаны қараңыз. SС Медициналық көмек көлік құралы: 4-тармақ, 3) тармақшаны қараңыз. SD Катафлак: 4-тармақ, 4) тармақшаны қараңыз. | |
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентіне
2-қосымша
Осы Техникалық регламенттің мақсаттары үшін қолданылатын БҰҰ ЕЭК ережелерінің тізбесі
1. БҰҰ ЕЭК ережелері № 1 Жақын және/немесе алыс жарықтардың асимметриялы сәулелерін беретін және R2 және/немесе НS1 санатындағы қыздыру шамдарымен жарақталған автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
2. БҰҰ ЕЭК ережелері № 2 Жақын және/немесе алыс жарықтардың немесе осы қос сәуленің асимметриялы сәулелерін беретін шамдарда пайдаланылатын электр қыздыру шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
3. БҰҰ ЕЭК ережелері № 3 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жарық қайтарушы құрылғыларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
4. БҰҰ ЕЭК ережелері № 4 Автокөлік құралдарының (мотоциклдерді қоспағанда) және олардың тіркемелерінің артқы нөмірлік белгісін жарықтандыруға арналған құрылғыларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
5. БҰҰ ЕЭК ережелері № 5 Еуропалық асимметриялы жақын және/немесе алыс жарық оттарымен бірге автомобиль шамдарын («sealed beam»-SВ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
6. БҰҰ ЕЭК ережелері № 6 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұрылу көрсеткіштерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
7. БҰҰ ЕЭК ережелері № 7 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің астыңғы шамдарын, артқы (бүйір) габаритті оттарын, тоқта-сигналдарын және контурлық оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
8. БҰҰ ЕЭК ережелері № 8 Галогенді қыздыру шамдарымен (Н1, Н2, Н3, НВ3, НВ4, Н7, Н8, Н9, НІR1, НІR2 және/немесе Н11 шамдары) бірге пайдалануға арналған жақын және/немесе алыс жарықтардың асимметриялы оттары бар автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
9. БҰҰ ЕЭК ережелері № 9 Олар шығаратын шуға байланысты үш дөңгелекті көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
10. БҰҰ ЕЭК ережелері № 10 Электромагнитті үйлесімділігіне байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
11. БҰҰ ЕЭК ережелері № 11 Құлыптары мен есіктерін бекіту қондырғыларына байланысты автокөлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
12. БҰҰ ЕЭК ережелері № 12 Жүргізушіні рульдік басқару жүйесіне соғылудан қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
13. БҰҰ ЕЭК ережелері № 13 Тежеуге байланысты М, N және О санатындағы көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
14. БҰҰ ЕЭК ережелері № 13-Н Тежеуге байланысты жеңіл автомобильдерді ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
15. БҰҰ ЕЭК ережелері № 14 Қауіпсіздік белдіктерін бекітуге арналған құрылғыларға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
16. БҰҰ ЕЭК ережелері № 15 Ластайтын газ тәрізді заттар шығаратын қозғалтқыштарға - мәжбүрлі оталатын қозғалтқыш қуатын өлшеу әдісіне, көлік құралдарының отын жұмсауын өлшеу әдісіне байланысты мәжбүрлі оталатын қозғалтқышы немесе сығылудан оталатын қозғалтқышы бар көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
17. БҰҰ ЕЭК ережелері № 16 Мыналарды:
І. Механикалық көлік құралдарының жолаушылары мен жүргізушілеріне арналған қауіпсіздік белдіктерін және ұстап қалу жүйелерін
II. Қауіпсіздік белдіктерімен жарақталған көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
18. БҰҰ ЕЭК ережелері № 17 Отырғыштарына, олардың бекітілуіне және бас сүйеуіштеріне байланысты автокөлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
19. БҰҰ ЕЭК ережелері № 18 Автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға байланысты оларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
20. БҰҰ ЕЭК ережелері № 19 Автокөлік құралдарына арналған тұманға қарсы шамдарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
21. БҰҰ ЕЭК ережелері № 20 Галогенді қыздыру шамдарымен (Н4 шамы) бірге пайдалануға арналған жақын және/немесе алыс жарықтардың асимметриялы оттары бар автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
22. БҰҰ ЕЭК ережелері № 21 Автокөлік құралдарын олардың ішкі жабдығына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
23. БҰҰ ЕЭК ережелері № 23 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің артқы шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
24. БҰҰ ЕЭК ережелері № 24 Мыналарға:
І. Көрінетін ластайтын заттардың шығарындыларына байланысты сығылудан оталатын қозғалтқыштарды ресми бекітуге
II. Оларға конструкция түрі бойынша ресми бекітілген сығылудан оталатын қозғалтқыштарды орнатуға байланысты автокөлік құралдарын ресми бекітуге
III. Көрінетін ластайтын заттардың шығарындыларына байланысты сығылудан оталатын қозғалтқышы бар автокөлік құралдарын ресми бекітуге
IV. Сығылудан оталатын қозғалтқыштардың қуатын өлшеуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
25. БҰҰ ЕЭК ережелері № 25 Автокөлік құралдарының орындықтарына орнатылған немесе орнатылмаған бас сүйеуіштерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
26. БҰҰ ЕЭК ережелері № 26 Автокөлік құралдарының сыртқы шығыңқыларына байланысты оларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
27. БҰҰ ЕЭК ережелері № 27 Ескертетін үшбұрыштарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
28. БҰҰ ЕЭК ережелері № 28 Дыбыс сигнал аспаптарын және олардың дыбыстық сигнализация беруіне байланысты автомобилдерді ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
29. БҰҰ ЕЭК ережелері № 29 Жүк көлік құралының кабинасындағы адамдарды қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
30. БҰҰ ЕЭК ережелері № 30 Автомобильдер мен олардың тіркемелеріне арналған шиналарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
31. БҰҰ ЕЭК ережелері № 31 Жақын және/немесе алыс жарықтарының асимметриялы оттары (шамдары) (НSВ) бар галогенді оптикалық элементтерді білдіретін автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
32. БҰҰ ЕЭК ережелері № 32 Көлік құралдары конструкциясының оларды артынан соққан жағдайдағы әрекетіне байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
33. БҰҰ ЕЭК ережелері № 33 Көлік құралдары конструкциясының оларды бетпе-бет соққан жағдайдағы әрекетіне байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
34. БҰҰ ЕЭК ережелері № 34 Өрттің туындау қаупін болдырмауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
35. БҰҰ ЕЭК ережелері № 35 Басқару басқыштарын орналастыруға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
36. БҰҰ ЕЭК ережелері № 36 Жалпы конструкциясы үлкен сыйымдылықты жолаушылар көлігі құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
37. БҰҰ ЕЭК ережелері № 37 Механикалық көлік құралдарында және олардың тіркемелерінде ресми бекітілген оттарды пайдалануға арналған қыздыру шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
38. БҰҰ ЕЭК Ережелері № 38 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің тұманға қарсы артқы оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
39. БҰҰ ЕЭК ережелері № 39 Көлік құралдарының жылдамдықты өлшеу тетіктеріне, оларды орнатуды қоса алғанда, байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
40. БҰҰ ЕЭК ережелері № 40 Көлік құралдарының оларға орнатылатын алдыңғы және артқы қорғаныш қондырғыларына (бамперлерді және т.б.) байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
41. БҰҰ ЕЭК ережелері № 43 Қауіпсіз әйнек материалдарын және оларды көлік құралдарына орнатуды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
42. БҰҰ ЕЭК ережелері № 44 Автокөлік құралдарындағы балаларды ұстап қалуға арналған қондырғыларды (балаларды ұстап қалу қондырғылары) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
43. БҰҰ ЕЭК ережелері № 45 Шамдарды тазалауға арналған қондырғыларды, сондай-ақ шамдарды тазалауға арналған қондырғыларға байланысты механикалық көлік құралдарын бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
44. БҰҰ ЕЭК ережелері № 46 Артқы көрініс айнасын және механикалық көлік құралдарына артқы көрініс айнасын орналастыруға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
45. БҰҰ ЕЭК ережелері № 48 Жарықтандыру қондырғылары мен жарық сигнализациясын орнатуға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
46. БҰҰ ЕЭК ережелері № 49 Сығылудан оталатын қозғалтқыштарды және табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды, сондай-ақ сұйытылған мұнай газымен жұмыс (СМГ) істейтін мәжбүрлі оталатын қозғалтқыштарды және сығылудан оталатын қозғалтқыштармен, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен және сұйытылған мұнай газымен (СМГ) жұмыс істейтін мәжбүрлі оталатын қозғалтқыштармен жабдықталған көлік құралдарын олар шығаратын ластайтын заттарға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
47. БҰҰ ЕЭК ережелері № 51 Кем дегенде төрт дөңгелегі бар автокөлік құралдарын олардың шу шығаруына байланысты ресми тіркеуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
48. БҰҰ ЕЭК ережелері № 52 М2 және М3 санатындағы аз орынды көлік құралдарын олардың жалпы конструкциясына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
49. БҰҰ ЕЭК ережелері № 54 Жүк автокөліктерінің және олардың тіркемелерінің шиналарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
50. БҰҰ ЕЭК ережелері № 55 Көлік құралдары құрамдарының тіркемелі қондырғыларының механикалық бөлшектерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
51. БҰҰ ЕЭК ережелері № 58 Мыналарды:
III. Артқы қорғаныш қондырғыларын
IV. Артқы қорғаныш қондырғыларының ресми бекітілген үлгісіне байланысты көлік құралдарын
V. Олардың артқы қорғанышына байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
52. БҰҰ ЕЭК ережелері № 59 Тұншықтырғыштың ауыспалы жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
53. БҰҰ ЕЭК ережелері № 61 Жүргізуші кабинасының артқы панелінің алдында орналасқан сыртқы шығыңқыларға байланысты жүк көлігі құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
54. БҰҰ ЕЭК ережелері № 64 Уақытша пайдалануға арналған қосалқы дөңгелектермен/шиналармен жабдықталған көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
55. БҰҰ ЕЭК ережелері № 65 Автокөлік құралдарына арналған арнайы ескертетін оттарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
56. БҰҰ ЕЭК ережелері № 66 Ірі габаритті жүк көлігі құралдарын олардың конструкциясының үстіңгі бөлігінің беріктігіне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
57. БҰҰ ЕЭК ережелері № 67 Мыналарға:
І. Қозғалтқыштары сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін механикалық көлік құралдарының арнайы жабдықтарын ресми бекітуге
II. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалану үшін арнайы жабдықпен жабдықталған көлік құралдарын осындай жабдықтарды орнатуға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
58. БҰҰ ЕЭК ережелері № 68 Автокөлік құралдарын, тек электр қозғалтқышпен жабдықталған көлік құралдарын қоса алғанда, олардың ең жоғары жылдамдығын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
59. БҰҰ ЕЭК ережелері № 70 Ұзындығы мен жүк көтерімділігі үлкен көлік құралдарына арналған артқы тану белгілерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
60. БҰҰ ЕЭК ережелері № 73 Жүк көлігі құралдарын, тіркемелерді және жартылай тіркемелерді олардың бүйірлік қорғаныштарына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
61. БҰҰ ЕЭК ережелері № 77 Механикалық көлік құралдарының тұрғанда қосатын фонарьларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
62. БҰҰ ЕЭК ережелері № 79 Көлік құралдарын олардың рульдік басқару тетіктеріне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
63. БҰҰ ЕЭК ережелері № 80 Ірі габаритті жолаушылар көлігі құралының орындықтарын ресми бекітуге және осы көлік құралдарын олардың орындықтарының және бекіткіштерінің беріктігіне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
64. БҰҰ ЕЭК ережелері № 83 Қозғалтқыштарына қажетті отынға байланысты ластайтын заттардың шығарындыларына қарай көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
65. БҰҰ ЕЭК ережелері № 84 Іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған жол көлік құралдарын олардың отынды тұтынуын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
66. БҰҰ ЕЭК ережелері № 85 іштен жану қозғалтқыштарын және М және N санатындағы механикалық көлік құралдарын қозғалысқа келтіруге арналған электрлі тартқыш жүйелерді олардың пайдалы қуаты мен электрлі тартқыштың ең жоғары 30-минуттық қуатын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
67. БҰҰ ЕЭК ережелері № 8 Механикалық көлік құралдарының күндізгі жүріс оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
68. БҰҰ ЕЭК ережелері № 89 Мыналарды:
І. Көлік құралдарын олардың ең жоғары жылдамдығын немесе олардың жылдамдығын шектеудің реттелетін функциясына байланысты
II. Жылдамдықты шектеу қондырғыларын (ЖШҚ) орнатуға және олардың жылдамдығын шектеудің реттелетін қондырғысының ресми бекітілген үлгісіне байланысты көлік құралдарын
III. Жылдамдықты шектеу қондырғыларын {ЖШҚ) және жылдамдықты шектеудің реттелетін қондырғысын (ЖШРҚ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
69. БҰҰ ЕЭК ережелері № 90 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жинақталған ауыспалы тежеу бастырмаларын және барабанды тежеуіштердің бастырмаларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар