Мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты басқару үстінде тәуекелдердің мынадай түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) есептесу тәуекелі қарыз алушы дефолттан басқа кез келген себеп бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар немесе мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша төлемдер жүргізбеуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының үкіметі ұшырауы мүмкін ықтимал шығындарды білдіреді;
3) кредиттік тәуекел қарыз алушының мемлекет кепілдік берген қарыздары және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелін білдіреді;
4) операциялық тәуекел.
747. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган талдауды мынадай түрде жасайды:
1) жол берілген мынадай факторларға: қаржыландыруға деген жаңадан мұқтаждық, борышты өтеу мерзімдерінің құрылымы, ұйғарылған борыштық міндеттемелер талаптарының сипаттамалары, пайыздық ставкалар және валютаның айырбас бағамдарын негіздей отырып орта мерзімді кезеңге борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды болжамдайды;
2) болжаммен қамтылған кезеңге борыштық міндеттемелердің қолданыстағы және болжанған портфелі бойынша тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін қамтитын борыштық сипаттаманы түзеді. Борыш сипаттамасы мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
қысқа мерзімді борыштың ұзақ мерзімдіге қатынасы;
шетел валютасындағы борыштың ұлттық валютадағы борышқа қатынасы;
шетел валютасыдағы борыштың валюталық құрылымы;
сыйақының өзгермелі немесе бекітілген ставкалары;
борыштық міндеттемелердің орта мерзімі және міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің басталу кестесі.
3) ұқсас кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің көрсеткіштерімен жүргізілген болжамдық есептеулерді салыстырады;
4) күтіліп отырған шығыстармен астастырылған тәуекел нұсқаларында борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың ықтимал өсуімен өлшенетін тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
748. Туынды қаржы аспаптарын қолдану туралы шешім дайындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-мен бірлесіп несие капиталы нарығының коньюнктурасын зерделейді және туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерін бағалауды жүзеге асырады.
749. Туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерінің жүргізілген тәуекелін талдау мен бағалау нәтижелерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган туынды қаржы аспаптарын қолдануға байланысты шешім қабылдайды.
750. Борыш тәуекелдерін басқару мақсаттары үшін түрлі туынды қаржы аспаптары, оның ішінде қарыз шарттары бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жасалған сыртқы своптар, форвардтық мәмілелер, фьючерлік мәмілелер, конверсиялар және басқа да мәліметтер қолданылады.
Своп деп екі тарап арасындағы ақша тасқыны айырбасын көздейтін мәміле ұғыналады. Үш түрлі своп болады - пайыздық ставкалар своптары, валюталық және тауар своптары.
Форвардтық мәмілелер пайыздық ставкаларға қатысты жасалады.
Фьючерстік мәмілелер валютаға қатысты жасалады.
Үш түрлі конверсия - валюта конверсиясы, проценттік ставка конверсиясы және пайыздық ставканың арту шегін не дәлізін белгілеу болады.
79-тарау. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін басқару тәртібі
751. Осы тарау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгіленген талаптарды сақтау тәсілдерін анықтау мен бағалау, уақты ден қою және мемлекет алдында борышты басқаруға қажетті шаралар қабылдау рәсімдерін белгілейді.
752. Мемлекет алдында тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне:
мемлекет алдындағы борыштың ағымдағы жағдайының мониторингі;
тәуекелді талдау жатады.
753. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін талдау нәтижесінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдындағы борышты қайтару бойынша шешім қабылдайды.
754. Мемлекет алдындағы борышты басқару процесінде тәуекелдің мынадай түрлері туындайды:
1) валюталық тәуекел - кредит шарттарын жасасу және ол бойынша міндеттемелерді іс жүзінде орындау арасындағы кезеңде орын алатын валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде ықтимал қаржылық зияндар.
2) кредит тәуекелі - қарыз алушылар өздерінің қаржылық міндеттемелерін төлемеу немесе мерзімін өткізіп төлеу салдарынан туындауы мүмкін залалдар.
3) төлем қабілетітілігі тәуекелі - қолайсыз сыртқы мән жайлардың салдырынан қарыз алушыда борыштық міндеттемелерді өтеуге кездестін қиындықтарға байланысты тәуекел.
4) пайыздық тәуекел - бюджеттік кредиттер жөнінде пайыздық ставканы өзгерту мүмкіндігіне байланысты тәуекел.
755. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдында мынадай түрде қарыз тәуекеліне талдау жүргізеді:
1) мемлекет алдында орта мерзімді кезеңге берешек сома кредит шарттарының талаптарын (берешекті өтеу мерзімі, пайыздық ставкалар, айырбастау бағамы) негізге ала отырып, республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс көлемді болжамдайды;
2) жүргізілген болжамды есептеулерді дәл осындай кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің өлшемдерімен салыстырады;
3) мемлекет алдындағы борыш тәуекелін олардың болжымданған ықпалын сипаттайтын тәуекелдерді айқындау және сипаттау жолымен бағалауды жүзеге асырады.
80-тарау. Үкіметтiк сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаты және бiрлесiп қаржыландыру қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібі
756. Несие шоты - қарыз беруші-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушіге, сондай-ақ арнайы шотты толықтыруға тiкелей төлемдер жүзеге асырылатын үкiметтiк сыртқы қарыз немесе грант сомасы орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 757-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
757. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң одан әрі қарыз алуын көздемейтін бірлесіп қаржыландырумен байланысты гранттарды қоспағанда және грант туралы келісімде өзгеше айтылмаған болса, Үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебiнен несие шотынан және/немесе арнайы шоттан жасалатын қаржы операцияларын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтiнiмдердiң негiзiнде шетел қарыз берушiсiнiң немесе донордың атына жiберiлетiн нысан бойынша және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келiсiмге сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi тиiстi қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келiсiмде көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
758. Несие шотынан қаражатты алуға арналған өтiнiмдерге екi қойылатын қолдар тобы бұрыштама соғады, онда қойылатын қолдың бiрiншi тобы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға қойылған қолдың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне бекітілген. Бұл ретте, қойылған қолдың бiрiншi тобы мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, екiншi қойылатын қолдар тобы иегерлерiнiң мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ төлемдi алушы - ақшаны алушы деректемелерiнiң дұрыстығына және растығына толық жауапкершiлiкпен анықталады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 759-тармақ өзгертілді
759. Бiрiншi топтың қолдарын алу үшiн шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтiнiмде бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтiнiммен бiрге бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға мыналарды:
төлемнiң мақсаты көрсетiлген iлеспе хатты;
бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;
қарыз алу шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісімшарттарға төлемдер жүргізілген жағдайда осы келісімшарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың (орындалған жұмыстардың сертификаттары және/немесе сол немесе өзге қызметтердің берілгені туралы инвойстар, оның ішінде келісімшарттың талаптарында бұл көзделген жағдайларда, банктік кепілдіктердің көшірмелері) көшірмелері, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде, одан кейінгі кез келген өзгерістер мен толықтырулары бар көшірмелерін қоса алғанда, осы келісімшарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз алу шарты және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісімшарттар жасасуға арналған шетелдік қарыз берушінің ресми мақұлдамалар көшірмелерін;
келісім-шарт жасалмай жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кiрiс кассалық ордерлердi, түбiртектердi, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);
үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсiмдерiне сәйкес шетел қарыз берушiсiне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшiрмесiн;
осы Ереженің 109-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөнiнде қосымша ақпаратты, оның ішінде келісімшарттардың, жұмыс көлемі ведомостарының, инвойстердің, сертификаттардың электрондық нұсқасын ұсынады;
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 760-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
760. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган он жұмыс күнi iшiнде шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтiнiмнiң үкіметтік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар шеңберінде жасасқан келісім шартарға және қарыз шартының немесе байланысты гранттар туралы келісімнiң талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне тиiстi кезеңге бөлiнген рұқсатты тексередi, қол қояды және оны шетелдiк қарыз берушiге немесе донорға беру үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңғы айында үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімдерді ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейін қабылдайды.
761. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 757-759-тармақтарына сәйкес қарау үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған несие шотынан, бірлесіп қаржыландыру шотынан қаражат алуға арналған өтiнiмдi мынадай:
егер жүргiзiлетiн қаржы операциясы қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына немесе қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң шеңберiнде жасалған келісім-шартқа қайшы келген;
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулар жоқ немесе жеткiлiксiз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген тиiстi ережелер мен рәсiмдердi бұзған;
жүргiзiлетiн қаржы операциялары бойынша құжаттарда сәйкессiздiк және қателік орын алған жағдайда оларды бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi жойғанға дейiн қабылдамауы мүмкiн.
762. Үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражатын немесе байланысты гранттарды несие шотынан алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама түсiмдерiнiң бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсiмдер ретiнде инвестициялық жобалардың арнайы шотына аударған кезде;
ҚР ББС кiрiстер сыныптамасына сәйкес түсiмдер мен шығыстар (бiр мезгiлде) ретiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiлерге аударған кезде ескерiледi.
Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз қаражатын немесе грант беретiн шетелдiк қарыз берушi немесе донор қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына сәйкес шоттан алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi негiзiнде жүргiзедi.
763. Инвестициялық жобаның арнаулы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына сәйкес көрсетiлген шотты толықтыруға арналған үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан немесе байланысты гранттан басқа қаражат есепке алынбайды.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 764-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
764. Осы шоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, шоттардан жобаларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалар ұлттық немесе шетелдiк валюталарында қаржыландырылады.
765. Бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына арналған шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан айырбасталған қаражат қана есепке алынады.
766. Екiншi деңгейдегi банк пен бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi арасында жасалған шартқа сәйкес екiншi деңгейдегi банк есептейтiн бюджеттік инвестициялық жобаның Арнайы шотындағы немесе арнайы шотқа жатқызылатын шоттағы қалдыққа есептелетiн сыйақылар (мүдделер), сондай-ақ екiншi деңгейдегi банк төлейтiн өсiмақылар түсiмдердiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.
767. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктермен арнайы шоттар ашуға шарттар жасасқан кезде мынадай тармақтарды:
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның халықаралық қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес ашылған Арнайы шоттардағы қаражаттың қозғалысы туралы үзiндi көшiрмелердi алу құқығын;
банктiң төлем күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша арнайы шоттан төлемдер жүргiзу мiндеттемесiн көздеуi қажет.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердiң екiншi деңгейдегi банктердегi шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 768-тармақ өзгертілді
768. Үкіметтiк қарыздарды және байланысты гранттарды бiрлесiп қаржыландыру қаражатын жұмсау бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi төлеуге берiлген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылатын осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтiнiмнiң негiзiнде жүргiзіледi. Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтiнiм екi қойылған қол тобымен куәландырылады, онда бiрiншi топқа бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, ал екiншi топқа - жобаны iске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi қол қояды.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді он жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына және келісілу рәсімінен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелерін қабылдауға жоспарлы тағайындаулардың келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін қарайды, қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісуден кейінгі күнтізбелік он бес күн ішінде жарамды болады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алу және оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару тәртібі
769. Мемлекет кепiлгерлiгiн алудың және пайдаланудың осы тарауы (бұдан әрi - тарау) мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмiн (бұдан әрi - мемлекет кепiлгерлiгi) анықтайды.
770. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесi мынадай негiзгi кезеңдерінен тұратын iс-шаралар кешенiн қамтиды:
инвестициялық жобаларды iрiктеу;
концессиялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекіту;
мемлекет кепiлгерлiгiн беру.
771. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесінің негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджеттi атқару, қоршаған ортаны қорғау, Республикалық бюджет комиссиясы, Банк Концессиясы мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе қарыз беруші болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 772-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
772. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) және облигацияларды шығару проспектісінің жобасын конкурстық өтінімдер құрамында дайындауды;
2) осы Ережеге және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттама беруді қамтамасыз етеді;
3) жыл сайын қарыз берушіге және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға алдыңғы сақтандыру шартының мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай қалғанда сақтандыру шартын береді;
4) концессия шартын жасасады;
5) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 773-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
773. Салалық уәкілетті органдар:
1) ТЭН мен концессиялық ұсыныс дайындауды жүзеге асырады;
2) концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;
3) салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытынды береді;
4) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигациялар шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімі сараптамасының оң қорытындысын алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардың басқа да қорытындыларын қамтитын құжаттаманы жібереді;
5) концессия шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 774-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 774-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
774. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
кепілгерлік шартын жасасады;
мемлекет кепілгерлігін береді;
коннцессиялық міндеттемелерді қаржылық шекарасын және қабылдау артықшылықтарын айқындайды.
775. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарлардың алдын алу және өндiрiгіш күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында концессиялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 776-тармақ жаңа редакцияда
776. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган: бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама жүргізу және бағалау мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі;
жоспарланған кезеңге мемлекет лимитін беру немесе кепілгерлігінің лимит көлемінің ұлғаюы бойынша ұсынысты, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде олар бойынша мемлекет кепілгерлігі лимитінің берілуі немесе көлемінің ұлғаюы мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
777. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі:
1) қарыз берушілер алдында облигацияларды шығару проспектісімен белгіленген міндеттемелерді эмитенттердің орындауын бақылайды;
2) шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау мониторингін жүзеге асырады;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат береді
4) қарыз берушінің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған шараларды қолданады;
5) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы қарыз берушіге ақпарат береді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен кепілдік беру шартын жасасады;
7) қарыз алушымен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады;
8) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 778-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
778. Республикалық бюджет комиссиясы:
жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру немесе лимит көлемінің ұлғаюын лимитін;
концессиялық жобалардың тізбесін;
әрбір концессиялық жоба үшін жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігі лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін анықтайды.
779. Мемлекеттің кепілгерлігін беру процесінде басқа мемлекеттік органдар және заңнамаға сәйкес концессиялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргізуге өкілеттік берілген өзге ұйымдар өз құзыреті бөлігінде қатысады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 779-1-тармақпен толықтырылды
779-1. Кепілгерлік бойынша міндеттемелерді мемлекет орындаған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты орындау сақтандыру шарты негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 779-2-тармақпен толықтырылды
779-2. Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Банк арасында жасасқан тапсырма шарты негізінде Банк жүзеге асырады.
82-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмi
780. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттi емес қарыз есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн салалық уәкiлеттi орган қарыз алушымен концессия шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 781-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
781. Салалық уәкілетті орган (концессионер таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, салалық сараптаманың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімінің экономикалық сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын алуға үміткер қарыз алушы конкурсқа ұсынған концессиялық жоба ТЭН-ін ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жіберетін тиісті қорытындыны дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-1-тармақпен толықтырылды
781-1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы ақпаратты дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-2-тармақпен толықтырылды
781-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурс ұйымдастырушысына Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзінді көшірмені алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 781-3-тармақпен толықтырылды
781-3. Қарыз алушы концессиялық жоба құрылысының құнын ұлғайту ТЭН-ін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін ұлғайтуға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тиісті қорытынды дайындайды.