тоңазытылған, мұздатылған немесе қысқа
мерзімдік сақтау үшін өзге де әдіспен
өңделген бездер мен жануар текті басқа
өнімдер
0511 Басқа жерде аталмаған жануар текті өнімдер;
тамаққа пайдалануға жарамсыз, 01 немесе
03-тобындағы өлім-жітімге ұшыраған жануарлар
0511 10 000 - бұқа шәуіті
0511 91 - балық, шаян тәріздестер, ұлу мен өзге су
омыртқасыздарының өнімдері; 03-тобындағы
-өлім-жітімге ұшыраған жануарлар
0511 91 100 - балық қалдықтары
0511 99 100 - сіңірлер мен тарамыстар; өңделмеген тері
немесе былғарының кесінділері мен соған
ұқсас қалдықтары
0511 99 500 - ірі қара малдың ұрықтары
0511 99 800 - өзге де заттар
12-топ: Майлы тұқымдар мен жемістер; өзге де
тұқым, жеміс және дән; дәрілік өсімдіктер және
техникалық мақсаттағы өсімдіктер; сабан мен
жемшөп
_________________________________________________________________
Код Позициялардың атаулары
_________________________________________________________________
1214 Тарна, жапырақты қант қызылшасы (мангольд),
азықтық тамыр жемістілер, пішен, жоңышқа,
беде, эспарцет, азықтық орамжапырақ,
сиыржоңышқа, бөрібұршақ, қатталған немесе
қатталмаған осыған ұқсас азықтық заттар
1214 90 100 - жапырақты қант қызылшасы (мангольд),
тарна және өзге де азықтық тамыр жемістілер
15-топ: Жануар немесе өсімдік текті майлар
және олардың мүшеленген өнімдері; дайын
тамақтық майлар; жануар немесе өсімдік текті
балауыздар
_________________________________________________________________
Код Позициялардың атаулары
_________________________________________________________________
1501 Шошқа майы (ерітілген майды қоса алғанда)
және 0209 немесе 1503 тауар позициясындағы
майдан басқа, үй құстарының майы
1502 00 1503 тауар позициясындағы майдан басқа, ірі
қара мал, қой немесе ешкі майы
1505 Жүн майы (шуаш) және одан алынатын
майлы заттар (ланолинді қоса алғанда)
16-топ: Ет, балық немесе шаян тәріздестер,
ұлу және өзге де су омыртқасыздарының
дайын өнімдері
_________________________________________________________________
Код Позициялардың атаулары
_________________________________________________________________
1601 00 Шұжық және еттен, ішек-қарын мен өкпе-бауыр
немесе қаннан жасалған осыған ұқсас өнімдер;
олардың негізінде дайындалған дайын тамақ
өнімдері
1602 Еттен, ішек-қарын мен өкпе-бауыр немесе
қаннан жасалған өзге де дайын немесе
сүрлемеленген өнімдер
1602 31 110 -құрамында күркетауықтың шикі еті ғана
бар өнімдер
1602 32 Gallus domesticus түрінің үй құстары
(үй тауығы) өнімдері
1602 41 - сан ет және олардың бөліктері
1602 42 - жауырын ет немесе олардың бөліктері
1602 50 - ірі қара мал етінің өнімдері
1602 90 - кез келген жануардың қанынан жасалған
дайын өнімдерді қоса алғанда, өзге де өнімдер
Ветеринарияда қолданылатын, әкелу мен әкету
лицензия бойынша жүзеге асырылатын дәрі-дәрмектік заттар
_________________________________________________________________
Код Позициялардың атаулары
_________________________________________________________________
3001 10 Емдеу және профилактикалық мақсаттарда
3001 20 90 қолдануға дайын жануарлар ткандары мен
3001 90 990 органдарынан препараттар нысандары
3002 10 100-ден Жануарлар қандарынан жасалған иммунды
сарысулар
3002 10 910-нан Ветеринария үшін өзге де қан үлестері
3002 10 990-нан
3002 30 000 Ветеринариялық вакциналар
3002 90 300 Профилактикалық, терапевтік немесе
диагностикалық мақсаттар үшін дайындалған
жануарлар қаны
3002 90 500 Микроорганизмдер культурасы (вакциналық
және өзге де штаммдар)
3002 Өзге де ветеринариялық препараттар:
жануарлар қандары мен микроорганизмдер
культурасы, негізінде дайындалған
диагностика мен ауру қоздырғыштарын
типке бөлу үшін жинақтар мен препараттар
2922 41 000 Амин қышқылдары
2922 49
2930 40 000
2930 90 120
2930 90 140
2930 90 160
2936-дан Жануарлар үшін провитаминдер мен
витаминдер
2937-ден Ауыл шаруашылық жануарлары үшін
гормондар
2938-ден Ветеринария үшін гликозидтер мен
2939-дан алкалоидтар
2932 21 000-ден Кумариндер (зоокумариндер)
2941-ден Ветеринариялық антибиотиктер
3003-тен Ветеринариялық дәрілік заттар
3004-тен
3006 20 00-дан Жануарлардың қан тобын анықтау үшін
реагенттер
3822 00 000-ден Ветеринария үшін күрделі диагностикалық
немесе лабораториялық реагенттер
3808 10-нан Инсектицидтер, фунгицидтер, ветеринария
3808 20-дан үшін дезинфекция жасайтын заттар
3808 40-тан
3808 90-нан Жеуге жарайтын өнім түріндегі уланған жем
3401-ден Ветеринария үшін сабын; медикаментозды
(дәрілік) қосымшалары бар ветеринарияда
сабын ретінде қолданылатын бет жуатын
актив органикалық зат және құрал
3402-ден Ветеринария үшін бет жуатын актив
органикалық зат (сабыннан басқа);
ветеринария үшін бет жуатын актив құрал, жуатын
құрал
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден
аумақтарына санитариялық, ветеринариялық және
фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды
әкелудiң тәртібі туралы Ережеге
№ 4.3- қосымша
Фитосанитариялық бақылауға
жататын тауарлардың
Бағдарламалық тізбесі
1. Ауыл шаруашылық, орман және сәндiк дақылдарының, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiнiң (қалемше, сұлатпа өркен, пиязшық, тамырсабақ, түйнек, тамыр жемiстiлер, бұршақ бұйра өсiмдiгі, гүл кесiндiлерi және т.б..) тұқымдары мен отырғызатын материал.
2. Азық-түлiктiк, жемшөптiк және техникалық астық және оның өңделген өнiмдерi, копра, мия, күнжара, мақта талшығы, зығыр және басқа да иiретiн талшықты дақылдар, дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты, сондай-ақ былғары шикiзаты мен жүн.
3. Күрiш (майдаланған және майдаланбаған), жаңғақ, арахис, ұн, жарма дәндегі кофе, какао бұршақтары, кептiрілген жемiс пен көкөнiс, темекi шикiзаты, татымдылықтар, шай, қант шикiзаты, дәмдеуіштер.
4. Тiрi саңырауқұлақ дақылдары, бактерия, вирус, нематод, кене, өсiмдiктердiң қоздырғыштары мен ауру таратушылары болып табылатын және тiрi өсiмдiктерге, өсiмдiк тектi өнiмге зақым келтiретiн жәндiктер.
5. Жәндiктер коллекциясы, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар, гербарийлер мен тұқымдар коллекциясы.
6. Почта жөнелтiмдерiне салынған өсiмдiктер, қол жүктерi қоймасы мен жолаушылардың багаждары.
7. Ыдыс, ағаш, жекелеген өнеркәсiп тауарлары, таңғыш материалдар мен өсiмдiк материалының өнiмдерi, монолиттер мен топырақ үлгiлерi.
8. Жемшөп, астық, құрама азық, сондай-ақ жануарларды карантинге алынған аймақтардан әкелу кезiндегі төсенiш.
9. Басқа мемлекеттер мен карантинге алынған аймақтардан келген көлiк құралдары.
10. Тiрi өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемше, түйнек, пиязшық, тамырсабақ, тамыр және басқалары).
11. Топырақ және топырағы бар өсімдік (көшет, тікпе көшет, құмырадағы гүл және басқалары).
12. Жас жемістер, жидектер, көкөністер.
13. Тірі жәндіктер, кенелер, нематодтар мен басқа да зиянды организмдер.
14. Жәндіктер, тұқымдар коллекциясы және әр түрлі өсімдіктер гербарийі.
Кеден одағы туралы келісімге қатысушы
мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты
техникалық, медициналық, фармацевтiк,
санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық
және экологиялық стандарттарды, нормаларды,
ережелердi және талаптарды қолданудың бiрыңғай
тәртібі туралы Хаттамаға
№ 5 қосымша
Озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелу және
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан
әкету тәртібі туралы
Ереже
1. Осы Ереже Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясын және Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегі Монреаль хаттамасын орындау жөнiндегі алғашқы кезектегі шараларды атқару, сондай-ақ озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелудi және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетудi мемлекеттік реттеу шараларын енгізу мақсатында әзiрлендi.
2. Осы Ереже озонды бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелу және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкету тәртібін белгілейдi және меншік нысандарына, тiркелген жерi мен ведомстволық тиiстілігiне қарамастан, заңдарда және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, шаруашылық қызметiнің барлық субъектiлерiне қолданылады.
3. Осы Ереженiң күшi № 5.1 және № 5.2-Қосымшаларда аталған тiзбелерге енгiзiлген озон бүлдiретiн және олардың өнiмi бар заттарға қолданылады.
4. Осы Ережеге № 5.1 және № 5.2 Қосымшаларда аталған озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арқылы олардың транзиттiк тасымалын қоспағанда, осы Ережеге № 5.3 Қосымшада аталған Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына және озон қабатын бүлдiретiн заттар бойынша Монреаль хаттамасының (бұдан әрi - Монреаль хаттамасы деп аталады) Тараптары болып табылатын мемлекеттерден мемлекеттерге әкелуге және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетуге лицензия және/немесе рұқсат берудi лицензия және/немесе ұлттық заңдарға сәйкес рұқсат беруге жауапты қатысушы мемлекеттердiң уәкiлеттi мемлекеттік органдары бередi.
мына Уәкiлеттi органдар:
а) лицензия және/немесе рұқсат беруге:
Беларусь Республикасында
- Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасында
- Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
Қырғыз Республикасында
- Қырғыз Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Ресей Федерациясында
- Ресей Федерациясының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетi.
б) қадағалау мен бақылауға:
Беларусь Республикасында
- Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
- Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі министрлігінiң жанындағы Өнеркәсiп және атом энергетикасы жұмыстарын қауiпсiз жүргізудi қадағалау жөніндегі комитетi;
Қазақстан Республикасында
- Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгі;
Қырғыз Республикасында
- Қырғыз Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Ресей Федерациясында
- Ресей Федерациясының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетi жауапты болып табылады.
Осы Ережеге № 5.1 және № 5.2 Қосымшаларда аталған тiзбелерге енгiзiлмеген озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттер аумағына әкелуге және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетуге, сондай-ақ Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылмайтын және осы Ережеге № 5.3 Қосымшада аталмаған мемлекеттерден мемлекеттерге Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтары арқылы олардың транзиттiк тасымалына тыйым салынады.
5. Озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелудi және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетуді жүзеге асыру мүмкiндiгі туралы шешiм (бұдан әрi - шешiм деп аталады) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы мен Монреаль хаттамасының талаптары мен ұсыныстарын, болжамдалған өндiрiс баланстары мен лицензияланатын тауарларды тұтынуды, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын негiзге ала отырып, қадағалаумен бақылауға жауапты мемлекеттік органдармен қабылданады және хат түрiнде (ерiктi нысанда) ресiмделедi, оның түпнұсқасы өтiнiш берушiнiң атына, көшiрмесi лицензия үшiн жауапты қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi мемлекеттік органына жiберiледi.
6. Шаруашылық қызметінің субъектiсi белгiленген тәртiппен қадағалау мен бақылау үшiн жауапты мемлекеттік органға шешiмдер қабылдау үшiн мынадай материалдарды, негiздемелер мен ақпаратты:
- өнiмде бар заттардың атауларын көрсете отырып, озонды бүлдiретiн заттарды әкелуге және әкелуге көзделген импорттаушы ел мен экспорттаушы елдiң сертификаттаудың ұлттық жүйесi ережелерi бойынша берiлген сәйкес келу сертификаттарын;
- озон бүлдiретiн заттар мен осы Ережеге № 5.1 және № 5.2-Қосымшаларда аталған олардың өнiмдерiн әкелу мен әкетудiң болжамданған көлемiн;
- озон бүлдiруге жатпайтын басқа да химиялық заттарды өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын озон бүлдiретiн заттарды әкелу мен әкетудiң болжамданған көлемiн;
- жоюға арналған озон бүлдiретiн заттарды әкелу мен әкетудiң болжамданған көлемiн;
- жеткізу көлемдерiн көрсете отырып, кәдеге жаратылған немесе қалпына келтiрiлген озон бүлдiретiн заттарды жеткізушi кәсіпорынның немесе ұйымның анықтамасын (бұрын пайдаланылған және озон бүлдiретiн заттарды қалпына келтiру кезiнде ұсынылады);
- өнiм әкетiлетiн немесе өнiм әкелiнетiн ел көрсетiлген өтінім;
- жеткізуге қол қойылған келісім шарттың (шарттың) көшiрмесiн (Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден сатып алушыға жасалған келісім-шартта Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң сатушылары жеткiзетiн озон бүлдiрушi заттарды әкетуге тыйым салынатын шарттар мiндеттi тәртiппен болуға тиiс);
- комиссия шартының көшiрмесiн (егер тапсырысшы ретiнде ұйым (кәсiпорын) - делдал болған жағдайда);
- мемлекеттік экологиялық сараптама объектiлерiне қатысты мәлiметтердi, есептер мен қосымша әзiрлемелердi бередi.
7. Шешiмдер қабылдау үшiн қадағалау мен бақылау үшiн жауапты мемлекеттік орган қажет жағдайда өтiнiш берушiден озон бүлдiретiн заттарды және қосымында озон бүлдiретiн заттары бар өнiмдердi әкелу немесе әкету негіздемесiнiң материалдарын алған сәттен бастап 20 күн iшiнде қосымша ақпаратты сұрай алады.
8. Озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды әкелуге және әкетуге көзделетiн мемлекеттік экологиялық сараптама қатысушы мемлекеттердiң тиiстi нормативтiк актілерімен белгiленген тәртiп пен мерзiмде жүргізiледi.
9. Озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден аумақтарына әкелуге және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетуге лицензияны ресiмдеу үшiн өтiніш берушi лицензия беруге жауапты қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi мемлекеттік органына мынадай құжаттарды:
- хат-сұрау салуды;
- лицензия беруге белгiленген үлгідегi өтiнiштi (2 данада);
- қадағалау мен бақылау үшiн жауапты мемлекеттік органның шешiмiн;
- жеткiзiлiмге қол қойылған келісім-шарттың (шарттың) көшiрмесiн;
- комиссия шартының көшiрмесiн (егер өтiніш берушi ретiнде ұйым (кәсiпорын) - делдал болған жағдайда);
- құрылтай құжаттарының көшiрмесiн;
- озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне лицензиялар және/немесе рұқсаттар беруге белгiленген ұлттық заңдармен сәйкес келетiн тәртiппен басқа да құжаттарды табыс етедi.
Құжаттардың көшiрмелерi тiгiліп қойылған және басшының қолымен және өтiнiш берушi ұйымның (кәсiпорынның) мөрiмен куәландырылған болуы тиiс.
10. Лицензияланатын озон бүлдiретiн және олардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелудi және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетудi бақылауды белгіленген тәртiппен қатысушы мемлекеттердiң кеден органдары (қызметтерi) және өз құзыретi шеңберiнде қатысушы мемлекеттердің өзге уәкiлеттi мемлекеттік органдары жүзеге асырады.