6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
7) көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;
8) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
9) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
10) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарайды;
11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;
3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) этникалық қазақтар мен оралмандарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
Ұлттық қауіпсіздік органы:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер органдарымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;
4) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон карточкаларын беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) оралмандар мен көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етеді;
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек ресурстарының қажеттілігін ескере отырып, оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) оралмандар мен еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) этностық қазақтардан оралман мәртебесін алуға, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдайды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесін алуға және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдайды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды
4-4) оралман мәртебесін беру, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға біржолғы жәрдемақылар, тұрғын үй сатып алуға қаражат төлемін тағайындау туралы шешім қабылдайды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды
4-5) оралман және қоныс аударушы куәліктерін береді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды
4-6) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-7) тармақшамен толықтырылды
4-7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп- қонушылардың балаларының білім алу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсатты тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шетелдік қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жұмысқа орналасуға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсатты тоқтата тұрады және қайтарып алады;
7) бизнес-көшіп келушілердің уақытша тұруға арналған рұқсатының қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға қолдаухат береді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандарға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлықтан өтуге, қайта даярлықтан өтуге және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетеді;
4) көшіп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектептерден, мектепке дейінгі ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерден орын береді;
5) оралмандарға қазақ тілін және өздерінің қалауы бойынша орыс тілін үйрену үшін жағдай жасайды;
6) оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу, бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысы, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін береді;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
16-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы
1. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасына қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қоныс аударған, тіркелген және оралмандар туралы деректер базасына енгізілген оралмандардан келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оралмандардың көшіп келу квотасы жөніндегі ұсыныстарды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандардың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған көшіп келу квотасын белгілейді.
2. Оралмандардың көшіп келу квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша бөледі.
3. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу тәртібін осы Заңның 20 және 21-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
17-бап. Оралмандардың санаттары
Оралмандар мынадай санаттарға:
1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар;
2) оралмандардың көшіп келу квотасынан тыс Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар болып бөлінеді.
18-бап. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге өтініш берудің тәртібі
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және Қазақстан Республикасының аумағында болатын этникалық қазақтар жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш береді.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар:
1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне Қазақстан Республикасының аумағында тұруы ықтимал жерін көрсете отырып, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
3. Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы);
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа- сіңлілері (қарындастары) көрсетіледі.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия
Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы этникалық қазақтар мен оралмандардың өтініштерін қарау үшін жергілікті атқарушы органдар облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады.
Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтініш берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері оралмандардың көшіп келу квотасына енуге үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын қабылдап алады және олар тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші үміткердің ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазба негізінде белгіленеді. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін құжаттарға үміткердің ұлтын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзуге келiсiмi туралы қорытынды дайындау үшiн үміткерлер тұруға таңдап алған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар қорытынды дайындау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың экстремистік ұйымдарға жататыны туралы өзге де ақпараттың барын немесе жоғын тексеру үшін үміткерлер тұруға таңдап алған өңірлердегі ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, этникалық қазақтарды қабылдауға кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жібереді.
Жергілікті атқарушы орган ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде этникалық қазақты өзі тұру үшін таңдап алған әкімшілік-аумақтық бірлікте қабылдауға келісім беру туралы не бас тарту себептерінің дәлелді негіздерімен қоса оны қабылдаудан бас тарту туралы ұсыныс әзірлейді және оны оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді.
4. Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия тиісті қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде этникалық қазақты оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге алдын ала келісімі туралы не этникалық қазақты оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден дәлелді негізделген себептермен бас тартуы туралы шешім қабылдайды.
Үміткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісім беріледі.
Этникалық қазақтар оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге артықшылықты мынадай кезектілік ретімен:
1) белгілі бір мамандық бойынша тиісті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі барлар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар;
4) саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақсыз елдерден келгендер пайдаланады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жергілікті атқарушы орган оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның шешімін екі жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның шешімін өтініш берушіге жеткізу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жібереді.
6. Этникалық қазақтардың оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге берген өтінішін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы өтініш келіп түскен күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі шешімін алғаннан кейін оны бір айдың ішінде этникалық қазаққа жібереді және Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жәрдем көрсетеді не оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Этникалық қазақ оралмандардың көшіп келу квотасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұратын жеріне келгеннен кейінжергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін алуға өтініш береді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Жергілікті атқарушы орган оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның этникалық қазақты оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісу туралы бұдан бұрын қабылданған шешімін ескере отырып, өтініш жасаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді, оралман куәлігін тапсырады және шешім қабылдау үшін оралмандардың тізімін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияға жібереді.
10. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің өздері өтініш жасаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тұрақты тұруға рұқсат алуға және тұратын жері бойынша тіркелуге құқығы бар.
11. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия оралман мен оның отбасы мүшелері тұрақты тұруға рұқсат алғаннан кейін, сондай-ақ тұратын жері бойынша тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жергілікті атқарушы орган оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бір айдың ішінде осы Заңда көзделген жеңілдіктерді, өтемақылар мен әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін береді.
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және сонда жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін олар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды және шешім қабылдайды.
Үміткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде оралман мәртебесі беріледі.
Оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше көшіп келген этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелеріне оралман куәлігін береді.
2. Оралман мәртебесін алуға үміткердің ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазбаға сәйкес расталады. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша үміткердің ұлтын растайтын басқа құжаттардың көшірмелерін жібереді.
3. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге және жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман ретінде белгіленген тәртіппен оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматының өзі мен оның отбасының осы квотаға енгізілуге құқығы бар.
22-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізудің ерекшеліктері
1. Отбасы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгеннен кейін келген оралмандар отбасының басқа мүшелері де, сондай-ақ өздерінің ата-аналары Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туған балалары да күнтізбелік жыл ішінде оралмандардың көшіп келу квотасына енгізіледі.
2. Егер оралман өз отбасының құрамында отбасы бар балаларын көрсетпеген болса, онда оралмандардың отбасы бар балалары қайтыс болған, ата-ана құқықтарынан айрылған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайларда ғана балаларының отбасы мүшелері оралманның отбасы құрамында оралмандардың көшіп келу квотасына енгізіледі.
Бұл ретте оралмандардың отбасы бар балаларының кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін отбасы бар балаларының кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің ата-анасының екеуі де қайтыс болған не ата-ана құқықтарынан айрылған жағдайларда, оралман (оралманның жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға тиіс.
23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері
1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде өздерінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынудан босатылады.
2. Оралман мәртебесін алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері:
1) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетумен;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын көлемде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігімен;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғалумен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі.
3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу, бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысы үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елді мекендердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінен, көшіп келушілерге арналған жер қорынан, арнаулы жер қорынан және босалқы жерлерден жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығымен жер учаскелері беріледі.
Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнаулы жер қорынан, көшіп келу жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелері беріледі.
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандардың көшіп келу квотасынан тыс қоныс аударған оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын қамтитын біржолғы жәрдемақыларды белгілеуі мүмкін.
5. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен берілетін жеңілдіктерден, өтемақылардан, жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектің өзге де түрлерінен басқа мынадай қосымша жеңілдіктер:
1) қоныстандыру өңіріне қарай сараланған және алғашқы бейімдеу, тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын қамтитын біржолғы жәрдемақы төлемі беріледі;
2) тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінеді немесе тұрғын үй салуға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға жеңілдікті кредиттік қарыз алады.
6. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде, көлік құралдарын қоспағанда, жеке мүлкіне кеден төлемдерін төлеуден босатылады.