Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі - бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.
15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару:
1) мыналарға:
шағын бизнес субъектілеріне;
шаруа немесе фермер қожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысатын;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 267-бабының ережелерін қолданатын;
3) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және ол бойынша салық өтініші берілген өткізу айналымдары жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушіге қатысты жүргізілмейді.
16. Салықтық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы салық өтінішінде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталатыны белгіленсін
27-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 274-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізу күні деп, сондай-ақ республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тізбесіне енгізу күні түсінілетіні белгіленсін.
28-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін 2009-2010 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 99-бабына сәйкес түзетулерді ескерусіз 2007 жылдың деректері бойынша неғұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші енгізіледі.
Аталған тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді.
29-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылуына байланысты өтініші бойынша салықтық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
30-бап. Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін дұрыс орындауы мәселесі бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған салықтық тексеру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға тиіс деп белгіленсін.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
30-1-бап. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктерінде және 9-тармағының 2) тармақшасында, 632-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында, 3 және 6-тармақтарында, 633-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тақырыптық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-тарауында көзделген тәртіппен біржолғы талондардың болуы мәселесі бойынша да жүзеге асырылады деп белгіленсін.
31-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған кезінен бастап бес жылдан астам әрекетсіз салық төлеушінің жеке шоты есебіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары оның салықтық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бюджетке артық төленген салық сомасы:
салықтың осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебіне;
салықтың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) бюджетке артық төленген басқа да міндетті төлемнің сомасы:
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрлері бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
3) бюджетке артық төленген өсімпұлдың сомасы:
салықтың осы түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтардың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне есепке алуға жатады деп белгіленсін.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргізілгеннен кейін соттың шешімі бойынша есептен шығарылады.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған күнінен бастап әрекетсіз салық төлеушінің жеке шотында бес жылдан аса уақыт бойы есепте болған, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептен шығарылған салық сомасынан артығы соттың шешімімен есептен шығаруға жатқызылады.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуінің, осы бапта көрсетілген сомаларды есептен шығарудың мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап.
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:
2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін салық органдары салған, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазаны орындаудан босатылуға жатады.
Осы баптың ережелері:
2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
акцизделетін өнім өндіруді;
акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. 2008 жылы қолданылу мерзімі 2009 жылы бітетін патент алған дара кәсіпкерлер 2009 жылдың келесі айларына патент алу үшін патент есебін ұсынған кезде 2009 жылдың алдыңғы айларында алған табыс сомасын көрсететін болып белгіленсін. Бұл сома 2009 жыл ішіндегі табысты есептеген кезде ескеріледі.
34-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) бүкіл мәтіні бойынша сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлікте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік болып табылады деп белгіленсін.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) және осы Заңды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2009 жылдың басында қолданыста болған мөлшерлерді негізге ала отырып айқындалатын болып белгіленсін.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша артып кеткен сомасын осы Заңның және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) нормаларын ескере отырып қайтару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Осы бапқа сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі белгіленсін.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн:
1) қызметi ауық-ауық сипатта болып, қызметтiң мынадай түрлерiн:
газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжай және үй маңындағы учаскелерде өсiрiлген табиғи гүлдердi, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерi өнiмдерiн, жануарлар мен құстардың жемдерiн, сыпыртқыларды, сыпырғыларды, орман жидектерiн, балды, саңырауқұлақтар мен балық өткізуді (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда);
жер учаскелерiн өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерiнiң көрсететiн қызметiн;
үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар;
2) нарық аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, нарықтарда тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
Осы тармақта көрсетілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.
2. Салық агенттерімен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, күнтізбелік жылда бәрін қосқанда тоқсан күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылатын қызмет дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызмет деп түсініледі.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар дара кәсiпкерлер ретiнде тіркелмеуге құқылы.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар күнтізбелік жылда тоқсан күннен асатын мерзімде қызметін жүзеге асырған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.
5. Біржолғы талон арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат болып табылады.
6. Біржолғы талондардың кұны табыс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бiржолғы талондарды жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған органдар қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн бередi.
Салық төлеушiнiң қалауы бойынша бiржолғы талон бiр күнге немесе одан да ұзақ мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге берiлуі мүмкін.
Бiржолғы талон бiр күннен асатын мерзiмге берілген жағдайда, оның құны жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленген құнды бiржолғы талон қолданылатын күндер санына көбейту жолымен айқындалады.
Бiржолғы талондарды беру:
2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн - салық төлеушiнiң куәлiгiн;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендiру нөмiрi бар құжатты көрсеткенде жүргiзiледi.
Бұл ретте, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар салық органдарының патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану туралы осы тұлғаларға берген шешімдерін ұсынған жағдайда, біржолғы талондар берілмейді.
Бiржолғы талонның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметі тоқтатылған, қызметі уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген кезде бiржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Бiржолғы талон бiржолғы талонда көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
Бiржолғы талонның нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен не Салық кодексінің 62 және 63-тарауларында көзделген тәртіппен қызметтiң көрсетiлген түрлерi бойынша салықты есептеу мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл ретте аталған салық төлеушілер нарықта тауарларды өткiзуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтерді көрсетуден түскен кiрiстер мен шығыстарды, Салық кодексінің 62-тарауында көзделген тәртіппен салықты есептеу мен төлеу жағдайларынан басқа, салық салынатын кірісті айқындау кезінде есепке алады.
Көрсетiлген жағдайларда жеке немесе корпоративтiк табыс салығының есептелген сомасы бiржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауға тиiс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Нарықта біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметкерлерi тауарлар өткiзген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда, бiржолғы талон дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға берiледi.
Көрсетiлген жағдайда қызметкер бiржолғы талонды алу үшiн:
2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның сәйкестендiру нөмiрi бар құжатының көшiрмесiн қоса берiп, бiржолғы талонды алу құқығына нотариат куәландырған сенiмхатты ұсынуы қажет.
Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын тапсырмайды.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген, біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлер осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын тапсырмайды.
11. Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органдар:
1) біржолғы талондар түбіртектерінің толтырылуының толықтығын, дұрыстығын және сақталуын;
2) біржолғы талондарды беруден түскен сомалардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджетке есепке жатқызылуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен журналда біржолғы талондарды беру есебінің жүргізілуін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ай сайын салық органына:
кәсіпкерлік қызметі жылына 90 күннен асатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар туралы;
біржолғы талондардың пайдаланылған және бүлінген бланкілері туралы;
қалған біржолғы талондар туралы;
біржолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
жеке тұлғалар отыз күнге сатып алған талондар мерзімінің біткен күні туралы мәліметтер беріп отыруды;
5) біржолғы талондардың түбіртектерін, бүлінген және пайдаланылмаған біржолғы талондарды есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей салық органына тапсыруды қамтамасыз етеді.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда, сатып алушының талап етуі бойынша берiлген және тауарды өткiзу, жұмысты орындау, қызметті көрсету фактiсiн растайтын құжатта нарықтың атауын, бiржолғы талонның сериясы мен нөмiрiн, бiржолғы талонның берiлген күнiн көрсетуге мiндеттi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Қосылған құн салығын төлеушiлердi қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгiленген салық тiркелiмiн жүргiзуге мiндеттi.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
36-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 656-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осы бапта белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың қызметіне бақылау:
бюджетке берілген біржолғы талондар сомаларының дұрыс есептелуі, толық әрі уақтылы аударылуы (есепке жатқызылуы);
біржолғы талонды, біржолғы талон түбіртегінің толық және дұрыс толтырылуы, біржолғы талондар түбіртектерінің сақталуы;
салық органдарына мәліметтердің дұрыс және уақтылы табыс етілуі;
біржолғы талондарды беру есебінің дәйекті жүргізілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Салық қызметi органдарының уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылауды тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау жүргiзуге тартылатын басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (олар болған жағдайда);
5) бақылауды жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңі;
7) бақылауды жүргiзу мәселелері;
8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешім құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік тіркелуге жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және осы Заңның 36-бабының 4-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 43-бабының ережелері қолданылады деп белгіленсін.
38-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 7-тарауының ережелері салық салу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлерден басқа, осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға қолданылмайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 114-бабының мақсаттары үшін салық салынатын табыс осындай шығыстарды шегергеннен кейін нөлден жоғары болған жағдайда, біржолғы талон сатып алу шығыстары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатады деп белгіленсін.