3. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты қызметтік іс-әрекетіне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.
12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
2010.15.07. № 327-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 9-бабы 5-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), сондай-ақ дара кәсіпкерлер сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қайта ресімдеу үшін тіркеуші органдарға өтініш беруге міндетті.
2010.15.07. № 327-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Туу туралы куәлікті қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендіру коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды пайдаланылады.
4. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қайта ресімдеу кезінде осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беру бұрын берілген құжаттарды тіркеуші органға тапсырған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 223-III ҚРЗ