46-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 375-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
375. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялары жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны мемлекеттік мекемелерге қайтару шартымен не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда іске асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 376-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
376. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердiң кодтары бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 377-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
377. Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда ашылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 378-тармақ өзгертілді
378. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операцияларды есепке алу үшiн:
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкiмшiсiнiң қолдаухаты негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсат беруді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 379-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
379. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне рұқсат және қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
380. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша жоспарлар жасалмайды.
381. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған жағдай туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиiстi бюджетке аударылуы тиiс.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілген ақшаны уақтылы қайтаруды не оларды тиiстi бюджетке аударуды (бұдан әрi - қайтару/аудару) қамтамасыз етедi.
382. Қайтару/аудару осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде уақытша орналастыру шотындағы ақша қалдықтары шеңберiнде жүзеге асырылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшiн уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшiн банктiк қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебiнен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде жүргiзiледi, оған:
тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулi материалдық мүлiк шығынын талап ететiн заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкiлеттiк берiлген органдардың мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебiнен жүргiзiлетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.
383. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетiн ақша бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен, нысанда және мерзiмде есеп жасайды және ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 46-1-тараумен толықтырылды
46-1-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу тәртібі
383-1. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операциялар Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.
383-2. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
383-3. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түскен қаражатты пайдалану үшін жыл сайын, қаржы жылының 20 қаңтарына дейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарын осы Ережеге 121-қосымшаға сәйкес жасайды.
383-4. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдың округі әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарын тиісті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі оны қаржы жылының 1 ақпанына дейін жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін бекітеді.
Бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
383-5. Бекітілген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынылмайды.
383-6. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарында көзделген сомалардан тыс қаржы жылы ішінде түскен кірістер аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жергілікті қоғамдастықтың жиналысында нақтыланған және келісілген жағдайда ағымдағы қаржы жылы жұмсалуы мүмкін.
383-7. Төлемдер Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
383-8. Есепті қаржы жылының аяғында пайдаланылмаған жергілікті өзін-өзі басқарудың шотында қалған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспары жергілікті қоғамдастықтық жиналысында нақтылануы және келісілуі арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 9-бөлімнің атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бөлім. Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру және бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 47-тарауының атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
47- тарау Сайлауларды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 384-тармақ өзгертілді
384. Партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Президенттi, Парламент, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, республикалық референдум осы мақсаттар үшiн ашылатын арнайы шот арқылы қаржыландырылады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау облыстық бюджеттен осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға ашылған арнайы шоттар арқылы қаржыландырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 385-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 385-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
385. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, сондай-ақ республикалық референдум кезінде сайлау іс-шараларын жүргізуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның арнайы шоттарын (бұдан әрі - сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын өткізуге арналған шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған арнайы шоттарды (бұдан әрі - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттар) ашуды жүзеге асырады.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негізінде ашылады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттар облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты негізінде ашылады.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шоттар сайлау іс-шараларын, республикалық референдумды қаржыландыру аяқталғанға дейінгі мерзімге ашылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін жергілікті атқарушы органдар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәслихат шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 386-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 386-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
386. Сайлауды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыруды шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды міндеттемелер мен төлемдер және шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, сондай-ақ аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландырудың жеке жоспарларын облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 387-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 387-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
387. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау науқанын, республикалық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына иелік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау, республикалық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қоспағанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті сайлау комиссиясы төрағаларының назарына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыруға берілген рұқсаттарды жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған шарттарды тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде жасасады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 388-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 388-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
388. Сайлау, республикалық референдум өткізу уақытында жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қойылған қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі, екінші қол қою құқығы тиісті аппарат әкімінің бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі болады.
Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін - оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделуге тиіс. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыруға арналған шоттан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттан қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлауларды, республикалық референдумды, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу мерзіміне, қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күнге дейін ғана белгіленеді.
389. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға арналған өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлау бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен және қазынашылық бөлiмшелерi белгiлеген мерзiмде ҚБЕО төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн қаржы жылы аяқталған соң жүзеге асырылады.
390. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 391-тармақ өзгертілді
391. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметiне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысына;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысына;
жалақыға есептеуге;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
көлiк шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтерiне, почта-телеграф шығыстарына;
еңбек келісімдерi негiзiнде штаттан тыс қызметкерлер орындалатын жұмыстарға;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәмiздер үшiн материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеуге;
5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерiне;
6) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшiлiкке сайлау алдында iс-шаралар өткізуге және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстарына.
8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне кандидаттар туралы, партия тізімін берген саяси партиялар туралы, сондай-ақ республикалық референдум туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.
Облыстық бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;
жалақыға үстемеақыға;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алуға, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және жасау);
көлік шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтеріне, почта-телеграф шығыстарына;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;
5) кандидаттардың көлік шығыстарына;
6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беру пунктінде орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.
392. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 393-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 393-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
393. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотынан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотынан сайлаулар өткізуге қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегінде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп беріледі, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шығыстар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетін сомалардың қалдығын сайлаулар, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күн мерзімде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотына немесе аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотына есепке алу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады;
2) аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы/аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде жергілікті атқарушы орган бекіткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекіткен, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейін төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алғаннан кейін әкім аппаратының бас бухгалтері (қаржы қызметінің басшысы) растайтын, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасының бекітуіне береді.
Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотына немесе аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотына есептеу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 394-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 394-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
394. Сайлау науқандарына, оның ішінде кандидаттарға, республикалық референдумға бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 395-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
395. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің шотына жатқызу туралы шешімі болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтіру бір қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды, республикалық референдумды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бір, ал қаражатты қалпына келтіру келесі қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат «Республикалық бюджетке түсетін өзге салықтық емес түсімдер» коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімді: Президентті сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.