Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 698 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кітапханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 44-34-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 36-құжат):
1-тармақта «жалдау ақысы алынбай, орналасқан үй-жайларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кітапханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қалдыру шартымен» деген сөздер алынып тасталсын.
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |