Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 268 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 719 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-77-жолмен толықтырылсын:
«9-77. «Республикалық нейрохирургия
ғылыми орталығы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында) Астана қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын:
«39-1. Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |