Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 158 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімінің «Мемлекеттік қуыршақ театры», «Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы», «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын, «Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасы», «С. Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы» мемлекеттік мекемелерін мүліктік кешендер ретінде республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 415-9, 415-21 және 415-23-жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Театрлар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
«Мұражайлар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 25 және 29-жолдар алынып тасталсын;
«Кітапханалар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 39 және 40-жолдар алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңміндетін атқарушы | М. Мәсімов |