Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлаужөніндегі өңiраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын
құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1159 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңiраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынуды;
2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-184-6-жолмен толықтырылсын:
«470-184-6 «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және
қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау
және қайта даярлау жөніндегі өңiраралық
кәсiптiк орталық» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Атырау қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 77-6-жолмен толықтырылсын:
«77-6. Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық».
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |