«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 923 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы әкімінiң «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Алматы қаласының әкімі Кәсiпорын қызметi бейiнiнiң - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша оларға теңестiрiлген адамдарды, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi санаторий-курорттық емдеудiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 47-1-жол алынып тасталсын;
2) «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесіндегі реттiк нөмiрi 382-жол алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдар тiзбесіндегі төртiншi абзац алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |