Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 405 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын:
1) «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы»;
2) «Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы»;
3) «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»;
4) «Ұлттық аккредиттеу орталығы»;
5) «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы».
2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн;
3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-184-1, 470-184-2, 470-184-3, 470-184-4, 470-184-5-жолдармен толықтырылсын:
«470-184-1 «Мектепке дейiнгi балалық шақ»
республикалық орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
470-184-2 «Республикалық біліктiлiктi растау
және беру орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы
470-184-3 «Оқулық» республикалық ғылыми-
практикалық орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы
470-184-4 «Ұлттық аккредиттеу орталығы»
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны Астана қаласы
470-184-5 «Ұлттық білім беру сапасын бағалау
орталығы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 77-1, 77-2, 77-3, 77-4, 77-5-жолдармен толықтырылсын:
«77-1.»Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы
77-2. Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы
77-3. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
77-4. Ұлттық аккредиттеу орталығы
77-5. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы».
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |