Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 300 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 470-183-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 41-1-жолмен толықтырылсын:
«41-1 »С.Сейфуллин атындағы
Қазақ мемлекеттік
агротехникалық университетi»
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында) Астана қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлiмде реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 829 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 386-құжат):
3-тармақ алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |