Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үікметінің 2004 ж. 3 ақпандағы № 128 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiмeті қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігінің «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
4) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігiнің «Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігiнің «Семей мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «М.Х.Дулати Тараз мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын бөлiп алу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындар (бұдан әрi - кәсiпорындар) қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру және ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
2) әдiлет органдарында кәсiпорындардың жарғыларын тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-172, 470-173, 470-174, 470-175, 470-176-жолдармен толықтырылсын:
«470-172 «Ақтөбе мемлекеттік Ақтөбе облысы,
педагогикалық институты» республикалық Ақтөбе қаласы
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
470-173 «Қостанай мемлекеттік Қостанай облысы,
педагогикалық институты» республикалық Қостанай қаласы
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
470-174 Павлодар мемлекеттік Павлодар облысы,
педагогикалық институты» республикалық Павлодар қаласы
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
470-175 «Семей мемлекеттік Шығыс Қазақстан
педагогикалық институты» республикалық облысы,
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Семей қаласы
470-176» Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты»
республикалық мемлекеттік Жамбыл облысы,
қазыналық кәсiпорны Тараз қаласы».
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |