Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 30 қаңтардағы № 112 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29., 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлiмiнде реттiк нөмiрi 470-156-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«470-156. «Балдәурен» республикалық оқу-
сауықтыру орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |