Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 989 қаулысы
(2010.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық клиникалық аурухана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуін қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-67-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9-67 «Ұлттық ғылыми медициналық
орталық» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргiзу
құқығындағы) Астана қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 157 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |