Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесi берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң «Ақтау теңiз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң «Ақтау халықаралық теңiз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген бөлiмнiң «Су көлiгi» деген кiшi бөлiмiнде:
реттiк нөмірi 67а - жолда «Ақтау» деген сөзден кейiн «халықаралық» деген сөзбен толықтырылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |