Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жезқазғансирекмет» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы
(2004.26.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жезқазғансирекмет» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 27.02.03 ж. № 208 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi құрамында осмий, рений және сирек жер металдары бар материалдарды қайта өңдеу және бұл металдарды өндiру мәселелерi бойынша ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 529-1-жолмен толықтырылсын:
«529-1 «Жезқазғансирекмет»
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Жезқазған қаласы»;
2) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» және «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.»;
3) ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |