«Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)»республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысы
(2003.26.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақ ақпарат агенттiгiн одан әрi дамыту, қазiргi заманғы менеджмент пен маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)»республикалық қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»ұлттық компаниясы ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде ақпарат сипатындағы хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
осы қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-29-жолмен толықтырылсын:
«21-29 «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»
ұлттық компаниясы ААҚ»;
2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-17-жолмен толықтырылсын:
«224-17 «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»
ұлттық компаниясы ААҚ»;
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары» деген бөлiміндегі реттiк нөмiрi 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«28. «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»ұлттық компаниясы ААҚ»;
4) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген бөлiміндегі реттiк нөмiрi 409-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |